Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi № 985 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 ж. 6 тамыздағы № 784 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі орынбасарларының шектi саны туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi № 986 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекітілген облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерi және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі орынбасарларының шектi санында:
"Оның iшiнде әкiмнiң орынбасарлары (бiрлiк)" деген бағанда:
"Оңтүстiк Қазақстан" деген жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
"Жиыны" деген жолдағы "66" деген сан "67" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |