Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 751 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)
"Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы өнiмiнiң сәйкестiгiн бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн:
1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мiндеттi түрде сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасында мiндеттi түрде сертификаттауға жататын қызмет түрлерiнiң номенклатурасы" деген 20-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Автомобильдерге май құю станцияларының және мұнай өнiмдерi базаларының қызметтер көрсетуi".
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап бiр ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |