Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 және 2003
жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж.
23 шілдедегі № 733 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлімде реттік нөмірі 21-50-жол алынып тасталсын;
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-86-жолмен толықтырылсын:
"123-86. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ";
2) "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 қаулысына:
6-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |