Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N
192 өкіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 шілдедегі № 146-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 192 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген өкiммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасы Үкіметі кесiмдерiнің тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 15-жолда "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кесімімен реттелуге жататын қатынастар" деген бағандағы 3) тармақша алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |