Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 2 шілдедегі № 638 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне берiлетiн объектілердiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 124-жол алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 648-жолмен толықтырылсын:
"648. Республикалық
қазақ тілі мен әдебиетiн
тереңдетiп оқыту мектеп-
интернаты" мемлекеттік
мекемесiнiң ғимараттар
кешенi Достық даңғылы, 272 а-үй".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |