51) мынадай мазмұндағы 348-1-баппен толықтырылсын:
"348-1-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе
оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша
осы бапта өзгеше белгiленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу
объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен
кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Осы Кодекстiң 348-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына
меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару
құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, бюджетке салық
төлеу көлiк құралын мемлекеттік тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде
жүргiзiледi.
3. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк
құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды
басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда жеке кәсiпкерлер, жеке
нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн көлiк
құралдарына салық бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан
кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде көрсетiлген көлiк
құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
4. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге
арналған арнаулы салық режимiнде жүргiзетiн заңды тұлғалардың көлiк
құралдарына салық төлеуi осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген
мерзiмдерде жүзеге асырылады.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару
құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi
көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн
орындауы болып табылады.";
52) 350-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"350-бап. Салық есептiлiгi
Салық төлеушiлер (жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар
болып табылмайтын жеке тұлғаларды және бюджетпен есеп айырысуды ауыл
шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы
бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен
кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ көлiк құралдары салығы бойынша
декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн
мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық
органдарына табыс етедi.";
53) 355-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге
асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында
белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.";
54) 356-баптың 8-тармағындағы "он күннен" деген сөздер "он жұмыс
күнiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 374-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "1,5" деген цифр
"2,0" деген цифрмен ауыстырылсын;
56) 377-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық
салынуға тиiс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
қоса алғанда 2000,0 мың теңгеге дейiн 2000,0 мың теңгеден жоғары - 3000,0 мың теңгенi қоса алғанда 3000,0 мың теңгеден жоғары | табыс сомасының 3 процентi 60,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент 110,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7 процент |
3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға
тиiс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
қоса алғанда 2000,0 мың теңгеге дейiн 2000,0 мың теңгеден жоғары - 4500,0 мың теңгенi қоса алғанда 4500,0 мың теңгеден жоғары - 6500,0 мың теңгенi қоса алғанда 6500,0 мың теңгеден жоғары | табыс сомасының 4 процентi 80,0 мың теңге + 2000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент 205,0 мың теңге + 4500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7 процент 345,0 мың теңге + 6500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 9 процент |
57) 385-баптың 5-тармағы "белгiленген тәртiппен" деген сөздерден
кейiн "және (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық
режимiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
58) 386-бап "салықты" деген сөзден кейiн "және жер учаскелерiн
пайдаланғаны үшiн төлемақыны " деген сөздермен толықтырылсын;
59) 387-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi "салықты" деген сөзден кейiн "және жер
учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
2) тармақшадағы "уәкiлеттi органдар берген," деген сөздер алып
тасталсын;
6) тармақшадағы "үш-бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен
ауыстырылсын;
60) 388-баптың тақырыбы "салықты" деген сөзден кейiн "және жер
учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем ақыны" деген сөздермен толықтырылсын;
61) 425-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгіндегі "уәкiлеттi мемлекеттік
органның келісімi бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
62) 455-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
63) 463-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
64) 515-баптың 2-тармағындағы "қайтарып берудiң" деген сөздерден
кейiн "және кеден төлемдерiн өндiрiп алудың" деген сөздермен
толықтырылсын;
65) 516-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"516-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi
1. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып
өткен кезде және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген
басқа да жағдайларда кедендiк төлемдердiң мынадай түрлерi төленедi:
1) кедендiк баж;
2) кедендiк ресiмдеу үшiн кедендiк алым;
3) тауарларды сақтау үшiн кедендiк алым;
4) кедендiк iлесiп алып жүру үшiн кедендiк алым;
5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн
алым;
6) кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманның біліктiлiк аттестатын
бергенi үшiн алым;
7) алдын ала шешiм үшiн төлемақы.
2. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарында
белгiленген оңайлатылған тәртiппен тауарлар алып өткен кезде, осы баптың
1-тармағында көрсетiлген кедендiк төлемдер және салықтар жиынтық кедендік
төлем түрінде төленуі мүмкін.";
66) 524-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға орналасқан жерiн, қызметiн
жүзеге асыратын орнын, тұрғылықты жерiн, келген жерiн немесе салық салу
объектiлерiнiң орналасқан және (немесе) тiркеу орнын өзгерткен жағдайда,
салық төлеушi өзi тiркеу есебiнде тұрған салық органына он жұмыс күнi
iшiнде есептен шығару туралы өтiнiш беруге және салық төлеушiнiң бұрын
берiлген тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, жаңадан орналасқан жерi, қызметiн
жүзеге асыратын орны, тұрғылықты жерi, келген жерi немесе салық салу
объектiлерiнiң орналасқан жерi және (немесе) тiркеу орны бойынша тiркеу
есебiне тұруға мiндеттi.";
67) 525-бапта:
1-тармақ "тоқтатылуына байланысты" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi
органдар беретiн мәлiметтер бойынша және (немесе) салық төлеушiнiң немесе
оның өкiлiнiң есептен шығару туралы өтiнiшiмен" деген сөздермен
толықтырылсын;
1-1-тармақта:
1) тармақшадағы "4)" цифры "6)" цифрымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "5)" цифры "7)" цифрымен ауыстырылсын;
68) 527-баптың 4-тармағында "резидент емес заңды тұлғаны есепке қою"
деген сөздер "тiркеу" деген сөзбен ауыстырылсын; "оған салық төлеушiнiң
тiркеу нөмiрiн беру туралы" деген сөздер "салық төлеушi ретiнде
мемлекеттік тiркеуден өту мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 532-баптың 2-тармағы "есепке қою" деген сөздерден кейiн "және
оларды есептен шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
70) 546-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "тұтынушылармен" және "тұтынушының қолына" деген
сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктiң 2) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда
жазылсын:
"квитанцияларды, билеттердi, талондарды, почта төлемi белгiлерiн
немесе құзыреттi мемлекеттік орган енгiзген қорытынды негiзiнде уәкiлеттi
мемлекеттік орган бекiткен нысандар бойынша чектерге теңестiрiлген басқа
да қатаң есептiлiк құжаттарын бере отырып, халыққа қызмет көрсетуiне
қатысты ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды. Құзыреттi мемлекеттік
орган қорытындысының нысаны мен оған қойылатын талаптарды уәкiлеттi
мемлекеттік орган белгiлейдi;";
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "тұтынушылармен" деген сөз алып тасталсын;
үшiншi бөлiк "берудiң тәртібін" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi
мемлекеттік органмен келісім бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "сатып алушыларға" деген сөздер алып тасталсын;
71) 547-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының тiркеу
карточкасын бере отырып, фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын
тiркеу (есепке қою, тiркеу деректерiн өзгерту), сондай-ақ есептен шығару
қызметiн жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргiзiледi.
Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын салық органында тiркеу
қызмет басталғанға дейiн жүргiзiледi;";
72) 553-баптың 1-тармағындағы "он" деген сөз "он бec" деген сөзбен
ауыстырылсын;
73) 557-баптың 2-тармағындағы "559" цифры "557-2" цифрымен
ауыстырылсын;
74) 557-2-баптың 1-тармағындағы "бec" деген сөз "он" деген сөзбен
ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының