"Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік
қоғамының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 маусымдағы № 581 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Әлихан Асханұлы Смайыловтың "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы болып сайлануын қамтамасыз етсін, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | Д. Ахметов |