Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 590 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгiзілсiн:
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы Премьер-Министрi, жетекшi
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары
Есенбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәжит Төлеубекұлы көмекшiсi (келісім бойынша)
мына жолдар:
"Жандосов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ораз Әлиұлы көмекшiсi (келісім бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
агенттiгiнiң төрағасы"
мынадай редакцияда жазылсын:
"Жандосов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ораз Әлиұлы монополияларды реттеу және
бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
агенттiгiнiң төрағасы
(келісім бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Қаржы министрi";
көрсетiлген құрамнан Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы, Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |