"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы 2003 ж. 20 маусымдағы № 441-II
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; № 20, 731-құжат; № 21, 783-құжат; № 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., № 21, 395-құжат; 2001 ж., № 1, 6-құжат; № 10, 123-құжат; № 23, 310-құжат; 2002 ж., № 18, 160-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 9-баптың 3-тармағындағы "ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы" деген сөздер "валюталар бөлінген кездегі олардың айырбасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-баптың 1-тармағы б) тармақшасының он төртінші абзацы алып тасталсын;
3) 12-бапта:
1-тармақта:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тұрғын үй көмегін көрсетуді;";
мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруды;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрғын үйлерді және жер учаскелерін алып қоюды;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзуды;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шараларды;";
4-тармақтағы "ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас бағамы" деген сөздер "валюталар бөлінген кездегі олардың айырбасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 24-1-баптың 1-1-тармағы екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түскен түсімдердің олардың бекітілген көлемінен асып түсетін бөлігі мен республикалық меншіктегі және кен өндіруші әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.".
2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының