Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметiнiң
жалпы тауар номенклатурасы туралы
Келісім
(2002 ж. 20 қыркүйек, Астана қ.)
2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 567 қаулысымен бекітілді
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мемлекетаралық кеңесінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 69 Шешімімен қабылдынды
Осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1166 Қаулысымен хаттаманың жобасы мақұлданды
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң Yкiметтерi,
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартты негiзге ала отырып,
кеден баждарының ставкаларын, сыртқы экономикалық қызметтi реттейтiн нормативтiк және құқықтық кесiмдердi бiрiздендiруге, кедендiк рәсiмдердi, алымдарды және статистикалық деректердiң салыстырылуын оңайлатуға ұмтыла отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Сыртқы экономикалық қызметтi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру, статистикалық есеп жүргізудi жетiлдiру және статистикалық ақпаратпен алмасу үшiн Уағдаласушы Тараптар Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметiнiң жалпы тауар номенклатурасы (бұдан әрi - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ ТН) ретiнде осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және халықаралық жiктеушiлерге - Дүниежүзiлiк кеден ұйымының тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы экономикалық қызметiнiң бiрыңғай тауар номенклатурасына негізделген Ресей Федерациясы Сыртқы экономикалық қызметiнiң он мәндi тауар номенклатурасын қабылдайды.
2-бап
Ресей Федерациясының Мемлекеттік кеден комитетi Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ TH-iн жүргiзудi жүзеге асырады, оның iшiнде:
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ TH халықаралық негiзiнiң өзгерістерiн, осы негiздi түсiндiру жөніндегі түсiндiрмелердi және басқа да шешiмдердi қадағалауды қамтамасыз етедi;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ TH-iн оның халықаралық негiзiне сәйкес келтiредi;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң кеден қызметтерiмен бiрлесiп Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың CЭҚ TH-iн түсiндiру жөнiнде түсiндiрмелер мен шешiмдер әзiрлейдi және қабылдайды;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер кеден қызметтерiнiң ұсыныстары негiзiнде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ ТН-iне өзгерістер енгізу туралы шешiмдi қарайды және қабылдайды;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ ТН-iне өзгерістер енгізу туралы шешiмдi және оны түсiндiру жөніндегі шешiмдi Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң кеден қызметтерiне жолдайды;
жылына 2 рет Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетiнiң жанындағы Кеден қызметтерi басшыларының кеңесiне атқарылған жұмыстардың нәтижелерi туралы баяндайды;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетiнiң жанындағы Кеден қызметтерiнiң басшылары кеңесiнiң тапсырмасы бойынша Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ ТН-iнiң және оған түсіндiрмелердiң жариялануын қамтамасыз етедi;
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың СЭҚ TH-iн жүргiзу жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-бап
Әрбiр Уағдаласушы Тарап қажет болған жағдайда, өзiнiң ұлттық заңнамасын осы Келісімге сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдайды.
4-бап
Осы Келісімге Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімi бойынша осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделетiн өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
5-бап
Әрбiр Уағдаласушы Тарап Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетi болып табылатын депозитарийге тиiстi жазбаша хабарлама жолдай отырып, өзiнiң осы Келісімге қатысуын тоқтата алады. Осындай Уағдаласушы Тарап үшiн Келісімнiң қолданысы депозитарий аталған хабарламаны алған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн тоқтатылады.
6-бап
Осы Келісім белгiленбеген мерзiмге жасалады, қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Уағдаласушы Тараптардың барлық қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшiне енедi.
Мұндай рәсiмдердi кешiрек орындаған Уағдаласушы Тараптар үшін, ол тиiстi хабарламаларды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi. 2002 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында орыс тiліндегі бiр данада жасалды. Түпнұсқалық дана оның куәландырылған көшiрмесiн әрбiр Уағдаласушы Тарапқа жолдайтын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетiнiң Хатшылығында сақталады.
Беларусь Республикасының
Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін
Тәжiкстан Республикасының
Үкіметі үшін