Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламасы туралы баяндаманы
дайындау жөнiндегі жұмыс тобы туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2003 ж. 17 маусымдағы № 130-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну үшiн ол туралы баяндаманы дайындау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары,
жетекшi
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрi, жетекшiнiң орынбасары
Андрющенко - Қазақстан Республикасы Индустрия
Александр Иванович және сауда бірiншi вице-министрінің
мiндетiн атқарушы
Әшiмов - Қазақстан Республикасы
Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық ресурстар
бірiншi вице-министрінің
мiндетiн атқарушы
Мұтанов - Қазақстан Республикасы Білім
Ғалымқайыр Мұтанұлы және ғылым бірiншi вице-министрінің
мiндетiн атқарушы
Айдарханов - Қазақстан Республикасы
Арман Тергеуұлы Денсаулық сақтау вице-министрінің
міндетiн атқарушы
Дүйсенова - Қазақстан Республикасы Еңбек
Тамара Босымбекқызы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрінің міндетін атқарушы
Қошанов - Қазақстан Республикасы Көлiк
Ерлан Жақанұлы және коммуникациялар вице-министрінің
міндетін атқарушы
Мусина - Қазақстан Республикасы Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрінің
міндетін атқарушы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрінің мiндетін атқарушы
Рахметов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы вице-министрінің міндетін атқарушы
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ринат Шарафутдинович вице-министрінің міндетін атқарушы
Мусенова - Қазақстан Республикасы
Галина Акаевна Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінiң
Департамент директоры, хатшы.
2. Жұмыс тобы:
бір апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына ұсынсын;
жұмыс тобына орталық атқарушы органдардың мамандарын тарту және баяндаманың жобасын әзiрлеу үшiн қажеттi материалдарды алу құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы орталық және жергілiктi атқарушы органдарының басшылары:
үш күн мерзiмде жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасына енгізу үшiн өздерiнiң ұсыныстарын берсiн;
жұмыс тобының талап етуi бойынша дереу қажеттi мамандарды жiберсiн және қосымша сұралатын материалдарды ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |