"Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 501 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 566; 28.10.04 ж. № 1119; 15.11.04 ж. № 1201
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" туралы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 15.10.04 ж. № 1201 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген 100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қор) құрылсын.
2. Мыналар:
1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, қазiргі заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабiлеттi әрi табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;
2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;
3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын арттыру;
4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;
7) Қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау Қор қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 566 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қордың жарғысын және инвестициялық декларациясын бекiтудi, Қордың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;
3) "Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгізудi;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-85-жолмен толықтырылсын:
"123-85. "Қазақстанның Инвестициялық қоры АҚ";
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-5-жолмен толықтырылсын:
"217-5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" AҚ".
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |