Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысты белгілеу ережесін және Салымшылар өз қаражаты есебiнен олардың пайдасына epiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 15 мамырдағы № 452 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 849 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысты белгiлеу ережесi;
2) Салымшылар өз қаражаты есебiнен олардың пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 15 мамырдағы
№ 452 қаулысымен
бекітілген
Еpiкті кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысты белгілеудiң
ережесi
1. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысты белгiлеудiң осы ережесi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы табысты белгiлеудiң тәртібiн айқындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - салымшылар) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысты, қызметкердiң бiр айда есептелген табысының сомасына қарай есептейдi.
3. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу кезiнде қызметкердiң ақшалай еңбек ақы және заттай нысан түрiнде алатын мынадай табысы: лауазымдық ақылар (тарифтiк ставкалар), қосымша ақылар, үстемеақылар, өтемақы төлемдерi, сыйлықақылар ескерiледi.
4. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу кезiнде төлемдердiң мынадай түрлерi ескерiлмейдi:
1) жұмыс кестесiне және еңбек жағдайына байланысты берiлетiн өтемақы төлемдерi:
экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн төлемдер;
далалық жағдайларда кен-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген мөлшерде берiлетін далалық жабдықталым;
тұрақты жұмысы жол үстiнде өтетiн жағдайларда немесе жүрiп-тұру сипатындағы не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызметтiк жол жүрулерге байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетiн төлемдер;
2) жұмыс берушiнiң қызметкерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтiн өтемақылары;
3) ұйым таратылған немесе жұмыс берушi қызметiн тоқтатқан, қызметкерлердiң штат саны қысқарған жағдайларда немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған кезде жеке еңбек шарты бұзылғанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар есептелмейді.
5. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салымшылар өз қаражаты есебiнен Кәсiптер тiзбесiне сәйкес қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
6. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының ставкасы ерiктi кәсіптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан тараптар келісімi бойынша, бiрақ қызметкер табысының он пайызынан аспайтын болып белгiленедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 15 мамырдағы
№ 452 қаулысымен
бекітілген
Салымшылар өз қаражаты есебiнен ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын пайдасына жүзеге асыратын
қызметкерлер кәсiптерiнiң
тізбесі
1. ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫ
Пайдалы қазбаларды өндiру. Геологиялық барлау жұмыстары. Шахталарды, кенiштердi, приискiлердi, метрополитендердi, жерасты каналдарын, тонелльдер мен басқа да жерасты ғимараттарын салу, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделi жөндеу
1) шахталардағы, кенiштер мен пайдалы қазбалар өндiру жөніндегi приисктердегі; геологиялық барлаудағы; дренаж шахталарындағы; шахталар, кенiштер, приисктер салудағы жерасты жұмыстары.
Жерасты жұмыстарында жұмыс iстейтiн жұмысшылар мен қызметшілердің кәсіптерi.
Жоғарыда көрсетiлген жұмысшылар мен қызметшiлердің кәсiптерiне жерасты қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердiң кәсiптерi (жерасты денсаулық сақтау пункттерiнің медицина қызметкерлерi, жерасты телефон байланысының және т.б. қызметкерлерi);
2) кен қазбасын, метрополитендер, жерасты каналдары, тоннельдер мен басқа да жерасты құрылыстарын салудағы, қайта жаңартудағы техникалық қайта жарақтандырудағы және күрделi жөндеудегi жерасты жұмыстары:
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Арматурашы
Бетоншы
Шпурларды бұрғылаушы
Жарушы
Автомобиль (самосвал) жүргiзушi
Жерасты тау-кен жұмысшысы
Оқшаулаушы
Бекітуші
Шығыршы
Барлық атаудағы машинист
Үңгiлеулерде жұмыс iстейтiн желдету қондырғыларының моторисi
Үңгiлеушi
Жерасты жұмыстарымен айналысатын қызметшiлердің кәсiптерi
Жоғарыда көрсетiлген жұмысшылар мен қызметшiлер кәсiптерiне жерасты қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердiң кәсiптерi (жерасты денсаулық сақтау пункттерiнің медицина қызметкерi, жерасты телефон байланысының және т.б. қызметкерлерi)
Жарылғыш материалдарды таратушы
Оқпаншы
Тасымалдаушы
Шекімешi
Электрмен, газбен пiсiрушi
Үңгiлеумен айналысатын қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электр монтерi
Автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған машиналардағы электрмен пiсiрушi
Қолмен пiсiретiн электрмен пiсiрушi
Жерасты кен үңгiлеу жабдығының электр слесарь-монтажшысы
Yңгiлеудегi электр слесарь
Жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарь (слесарь);
3) көмiр кен орындарының көмiр өндiру разрездерi, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі разрездер (карьерлер) мен рудниктер
Разрездерде, карьерлерде және кеніштерде жұмыс iстейтiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң кәсiптерi, жер бетiнде жұмыс iстейтіндерден басқа;
4) тау балауызы (қоңыр көмiр балауызы) және озокерит өндiрiсi
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы
Құю машиналарының машинисi
Озокериттi қолмен құятын жұмысшылардың кәсiптерi
Тау балауызы өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн қызметшiлердiң кәсiптерi;
5) тау-кен құтқарушылар бөлiмдерi (станциялар)
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Респираторшы
Шахталарда (кенiштерде) сынама алушы
Взводты, бөлiмшенi, жасақты, пункттi басқару жүктелген қызметшiлердiң кәсiптерi.
Көмiрдi, кендi, сланецтi, озокериттi, тальктi, каолиндi, графиттi, доломиттi, кварциттi, әктасты, мергельдi, магнезиттi, дала және плавик шпатын, гипстi, баратты, пьезокварцты, агатты, бориттi, фосфориттi, апатиттi, күкiрттi, алмасты, мәрмәрды, граниттi, андезиттi, борды, құмнан алынатын қымбат және түстi металдарды, диабазды, гранодиориттi, базальтты, құмайтты, янтарьды, слюданы, асбесті, тұзды және басқа да зиянды заттар бар кен емес қазбаларды ашық әдiспен өндiру. Шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приисктер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары мен басқа да жерасты құрылыстарын салу. Жерлердi, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жерасты өрттерiнiң, террикондағы және жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары;
6) ашық тау-кен жұмыстары және жер үстіндегі жұмыстар:
Разрездерде, карьерлерде, приисктерде, гидравликаларда, драгаларда, жуу аспаптарында, шахталардың, кенiштер мен дренаж шахталарының бетіндегі жұмыстарда iстейтiн жұмысшылардың кәсiптерi;
7) шахталар, кенiштер, разрездер, карьерлер, приисктер, драгалар, метрополитендер, тоннельдер, жерасты каналдары құрылыстары мен басқа да жерасты құрылыстарының өндiрiстiк алаңдарындағы жұмыстар;
Жерлердi қайта өңдеу, техникалық ұңғымаларды бұрғылау, жер астындағы өрттердi, террикондар мен жынысты үйiндiлердегi өрттердiң алдын алу және оларды сөндiру жөніндегі тау-кен жұмыстары. Бұрғылау-жару жұмыстары
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Барлық атаудағы аппаратшы
Бункершi
Шпурды бұрғылаушы
Вагонетшi
Аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi
Жарушы
Тау-кен массасын технологиялық процестерде тасымалдайтын автомобиль жүргiзушiсi
Тау-кен массасын тиейтiн тиегiштiң жүргiзушiсi
Үйiндiлердегi түсiрушi
Гидромониторшы
Өндiрiстiк телiмдерде, сондай-ақ жарылғыш материалдарды iрiктеу және жеткізу жөніндегі маркшейдерлiк және геологиялық жұмыстарда iстейтiн барлық атаудағы тау-кен жұмысшысы
Гүрсілдетушi
Жоғарыда санамаланған қазбалар мен жыныстарды тиеумен-түсiрумен айналысатын жүк тиеуші
Жеткізушi
Қашау майлағыш
Шахтаға тiреу материалдарын жеткізушi
Драгер
Мирабилит өндiру жөніндегі дренажшы
Ұсақтаушы
Забойшы
Слюда дайындаушы
Ашу және тазалау жұмыстарында жұмыс істейтiн жер қазушы
Тастарды арамен кесушi
Тас өңдеушi
Арықшы
Плиталар мен блоктарды кесушi
Концентраторшы
Деподағы паровоздың от жағушысы
Бекітушi
Ұста-бұрғыларға май құюшы
Лампышы
Шығыршы
Карьер мен разрезде жұмыс істейтiн лента тазалаушы
Люкшi
Жарушы
Драга матросы
Барлық атаудағы машинист
Тау-кен жабдықтарының монтажшысы
Карьерде, разрезде, және үйiндiде жұмыс iстейтiн жол монтерi
Механикалық күрек моторисi
Металды алу жөніндегі жуу аспаптарының моторисi
Yйiндiнi уатушы
Тау-кен қазбаларын жиектеушi
Озокерит өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн тауар операторы
Аударып төгушi
Сынама алушы
Шағын литражды драгалардың кесек тасшысы
Геологиялық сынамаларды жуушы
Жер бетіндегі жұмыстардағы үңгiлеушi
Скуббершi-насосшы
Сорттаушы
Жер бетiнде жұмыс iстейтiн оқпаншы
Карьерде, разрезде және үйiндіде жұмыс iстейтiн тракторшы
Слюда орауда жұмыс iстейтiн буып-түюшi
Гидромыс қондырғысының цементаторшысы
Шлихталаушы
Шлюзшы
Карьерде және разрезде диспетчерлiк жабдықтар мен телеавтоматтар электр монтерi
Карьерде, разрездерде және үйiндiде жұмыс iстейтiн контактiлi желiлердiң электр монтерi
Карьерде, разрездерде және үйiндіде жұмыс iстейтiн телефон байланысы желiлiк құрылыстарының және радиофикация электр монтерi
Карьерде, разрездерде және үйiндіде жұмыс iстейтiн электр берiлiсi желілерiн әуе жолдарын жөндеу жөніндегі электр монтерi
Карьерде, разрездерде және үйiндiде жұмыс iстейтiн байланыс электр монтерi
Карьерде, разрездерде және үйiндiде жұмыс iстейтiн дабыл бергiш, орталықтандыру және блоктау құрылғыларының электр монтерi
Жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарь (слесарь)
Қызметкерлердiң кәсiптерi:
Геолог
Геофизик
Гидрогеолог
Барлық атаудағы инженер;
8) көмiрдi жерасты газдандыру жөніндегі жер бетіндегі жұмыстар
Күкiрт тазалау, газгенераторлы, газды үрлеу және көмiрдi жерасты газдандырудағы бұрғылау телiмдерiнде (цехтарда) жұмыс iстейтiн жұмысшылардың кәсiптерi
Қызметшiлердiң кәсiптерi:
Барлық атаудағы инженер
Механик;
9) аралық материалды өндiру, өңдеу және тасымалдау
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Бункершi
Аспалы әуе жолдарының вагонетшiсi
Жарушы
Карьерде жұмыс iстейтiн автомобиль (жүк) жүргiзушiсi
Тау-кен жұмысшысы
Гүрсілдетушi
Дозалаушы
Ұсақтаушы
Забойшы
Сындыру балғаларының забойшысы
Шығыршы
Люкшi
Жарушы
Барлық атаудағы машинист;
10) инерттi шаң өндiрiсi
Жұмысшылардың кәсіптерi:
Шаң түсiрушi
Тасымалда жұмыс iстейтiн кен жұмысшысы
Ұсақтаушы
Барлық атаудағы машинист
Үйiндiнi уатушы
Сынама алушы
Жабдықтарды жөндеу жөніндегі электр слесарь (слесарь);
11) кен балауызы (қоңыр көмiрлi балауыз), қоңыр көмiр мен озокерит базасында реагенттер өндiру
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Озокерит және озокерит өнiмдерi өндiрiсiнiң аппаратшысы
Реагенттер өндiрiсiнiң аппаратшысы
Шикiзатпен және отынмен жұмыс істейтiн жүк тасушы
Ұнтақтаушы
Конвейер машинисi
Кептiру қондырғысының машинисi
Слесарь-жөндеушi
Жабдық жөндеу жөніндегі электр слесарь (слесарь)
Қызметшiлердiң кәсiптерi:
Барлық атаудағы инженер
Механик.
2. КЕН ДАЙЫНДАУ, БАЙЫТУ, КЕСЕКТЕУ (АГЛОМЕРАЦИЯЛАУ, БРИКЕТТЕУ,
КЕСЕКТЕУ) КЕНДI ЖӘНЕ КЕНСIЗ ҚАЗБАЛАРДЫ КYЙДIРУ
1) агломерациялау комбинаттары, фабрикалары, цехтары, бөлiмшелерi, қондырғылары. Шекемтастар өндiру. Байыту фабрикалары мен кен, көмiр, сланец, сондай-ақ басқа да зиянды заттары бар кенсiз қазбаларды байыту жөніндегі қондырғылар. Брикеттеу. Ауырлатқыш өндiру. Шахталардағы, разрездердегi (карьерлердегi) сорттау. Кендi, кенсiз қазбаларды күйдiру. Байыту (жеткізу) фабрикалары, цехтары түстi, қымбат металдарды, алмастарды алу кезіндегі кендi, құмды байыту жөніндегі, қондырғылар. Көмiрдi сусыздандыру. Түйiршiктелген көмiр ұнтағы мен шаң тәрiздi көмiр фабрикасы.
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Агломератшы
Барлық атаудағы аппаратшы
Аспираторшы
Бункершi
Ыстық агломерат пен шекемтастар беруде жұмыс iстейтiн бункершi
Аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi
Ваграншы
Қалдық қоймаларының дамбаларын ұзартуда, шлам, жер жынысы мен байыту және брикеттеу қалдықтарын шығаруда жұмыс iстейтiн автомобиль жүргiзушiсi Кен массасын тиеуде жұмыс iстейтiн тиеуiштiң жүргiзушiсi
Yйiндiдегi түсiрушi
Ыстық агломерат түсiрушi
Шаң түсiрушi
Көмiр байыту қалдықтарынан брикет жасау өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн қоюшы
Газшы
Агломерациядағы және күйдiрудегi көрiкші
Үйiндiлерде (дамбаларда) және қалдық шаруашылығында жұмыс iстейтiн гидромониторшы
Гүрсiлдетушi-көсеушi
Гүрсілдетушi
Тау-кен жұмысшысы
Шикiзатпен, құммен, отынмен, реагенттермен, түстi металдар концентраттарымен жұмыс iстейтiн жүк тиеушi
Құрамында алмас бар концентраттарды жеткізушi
Дозалаушы
Ұнтақтаушы
Вагранкалар мен пештердiң төлеушi-түсiрушiсi
Тарту денелерiн тиеушiлер
Концентраторшы
Шлам түзетушi
Шығыршы
Шаң жинауда жұмыс iстейтiн лента жинаушы
Люкшi
Барлық атаудағы машинист
Металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын металлургия зауыттары жабдықтарының монтажшысы
Жабдықтарды жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық құбыр тарту монтажшысы
Ұнтақтау-уату жабдығының және сорттау, байыту жабдықтарының монтажшысы
Жұмыс жағдайы зиянды өндiрiстердiң кiрме жолдарында жұмыс iстейтiн жол монтерi
Күйдіруші
Көмiр байыту қалдықтарынан брикет күйдiрумен айналысатын қабырғалық және байланыстыру материалдарын күйдiрушi
Графит байытушы
Ыстық жұмыстарда iстейтiн отқа төтеп берушi
Ауырлатқыш, брикеттер, препараттар мен концентраттар, оның iшінде көмiр концентраттары өндірiсiндегі басқару пультінің операторы
Шаң, газ ұстаушы қондырғыларға қызмет көрсету жөніндегі оператор
Қалдық қоймаларында ағаш құбыр қондырғысында жұмыс iстейтiн ағаш шеберi
Сынама алушы
Механикалық електерде ұнтақ елеушi
Шағын литражды драга кесек тасшысы
Шаңында 2 % және одан да көп кристалды (бос) кремний қостотығы бар кендi және кенсiз қазбаларды шикi құрамдауда жұмыс iстейтiн (балшық кесектеу өндiрiсіндегі шикi құрамдауды қоса) жұмысшылардың кәсiптерi: бункершi, гүрсілдетушi, дозалаушы, уатушы, конвейер машинисi, диірмен машинисi, қоректендiргіш машинисi, шихталаушы
Шаңында 2% және одан да көп кристалды (бос) кремний қостотығы бар қара металл кенін, кенсiз қазбалар мен тау-кен-химия шикiзатын уатуда, ұнтақтауда, тартуда, сорттауда және байытуда жұмыс iстейтін жұмысшылардың кәсіптерi: бункершi, гүрсілдетуші, дозалаушы, уатушы, конвейер машинисi, диірмен машинисi, құрғақ шикiзат беруде жұмыс iстейтiн қоректендiргiш машинисi; сепараторшы (құрғақ ұнтақтауда)
Реагенттердi ерiтушi
Қалдық шаруашылығын реттеушi
Көмiр байыту қалдықтарынан брикет жасау өндiрiсiнде жұмыс iстейтін күйешi
Байытудың дымқыл циклінде жұмыс iстейтін сепараторшы
Скруббершi-сорғыш
Слесарь-жөндеушi
Сорттаушы
Кептiрушi
Брикеттi түсiрушi
Қалдық қоймаларында жұмыс iстейтiн тракторшы
Ыстық агломерат пен шекiмтастар беруде жұмыс iстейтін тасымалдаушы
Транспортершы
Буып-түюшi
Сүзгішi
Флотатор
Бүркушi
Центрифугалаушы
Барабандарды, бункерлердi, рампыларды, контрациялық столдар мен аспирациялық жүйелердi тазалаумен айналысатын тазалаушы
Шихталаушы
Шламшы-бассейншi
Шлихталаушы
Шлюзшi
Электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегi электр монтерi
Жабдықтарды жөндеу жөніндегi электр слесарь (слесарь)
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Барлық атаудағы инженер
Механик
Техник;
2) түстi қымбат металдар мен алмастарды алу кезiнде кендер мен құмды байыту:
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Сілтіден айыру аппаратшысы
Автоклавтарда жұмыс iстейтiн және сілтіден айырумен айналысатын аппаратшы-гидрометаллург
Құрамында алтыны бар кендердi байыту аппаратшысы
Ұнтақтау телiмiнде (бөлiмшесiнде) жұмыс iстейтiн дүрсiлдетушi
Жеткізушi
Реагент дозалаушы
Ксантогенат дайындауды жұмыс iстейтiн дозалаушы
Ұнтақтау телiмiнде (бөлiмшесiнде) жұмыс iстейтiн дүрсiлдетушi
Ұнтақтау-диірмен жабдығындағы тиеушi
Ұнтақтауда жұмыс iстейтiн қоректендiргiш машинисi
Кептiру қондырғысының машинисi
Күйдiрушi
Балқытушы
Цианид немесе қостотықты кристалданған (бос) кремнийi бар сынамалар алумен жұмыс iстейтiн сынама алушы
Цианид қолданылатын сынамалық және сынамалық-талдау зертханаларының, сондай-ақ алтын өндiретiн және кеннен алтын алу ұйымдарындағы жұмысшылар мен қызметшiлердің кәсiптерi
Цианидтi ерiтiндiлер қолданылатын жұмыстарда жұмыс iстейтiн (технологиялық және жөндеушi қызметшiлер) жұмысшылардың кәсіптерi
Шаңында 2% және одан да көп кристалданған (бос) кремний қосқышқылы бар рудалы, рудасыз қазбаларды байытуда жармалаумен, ұнтақтаумен, тартумен, шихталаумен айналысатын жұмысшылардың кәсіптерi: дозалаушы, конвейер машинисi, құрғақ тартатын диірмен машинисi, шихталаушы
Шлам өңдеудегi жұмысшылардың кәсiптерi
Ксантогенатты қолданатын және дайындайтын реагенттердi ерiтушілер
Сепараторшы
Концентраттарды кептiрумен және кварттаумен айналысатын кептiруші
Цианидтi ерiтiндiлер қолданылатын жабдықтарды жөндеудегi қызметшiлердiң кәсiптерi.
3. МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНДІРIСI (ҚАРА МЕТАЛДАР)
1) домна өндiрiсi
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Домна пешiнiң бункершiсi
Ұнтақтаушы
Домна пешiнің жоғарғы жағында жүрушi
Домна пешiнiң су құбыршысы
Ыстық жұмыс телiмдерiнде шлакты ауыстырумен айналысатын автомобиль жүргiзушiсi
Кен ауласында электр және автоарбаны жүргізушi
Үйiндідегi түсiрушi
Газ қорғаныс жабдықтарын қолданып жұмыс жүргiзудегi газдан құтқарушы Домна шлагын түйiршiктеушi
Кен ауласында жұмыс iстейтiн жүк тиеушi
Домна пешiнiң газшысы
Шойынды десульфурациялау көрiкшiсi
Домна пешiнің көрiкшiсi
Бункерлердегi ыстық агломератты түсiрумен айналысатын жүк тасушы
Ожаушы
Металлургия жабдықтарын жөндеумен айналысатын қазаншы
Барлық атаудағы машинист
Домна пештерiн жөндеумен айналысатын санитарлық-техникалық жүйелер мен жабдықтардың монтажшысы
Металлургия жабдықтарын жөндеумен айналысатын металлургия зауытының жабдық монтажшысы
Металлургиялық жабдықтарды жөндеумен айналысатын технологиялық құбыр тарту монтажшысы
Кiрме жолдарында жұмыс iстейтiн жол монтерi
Ыстық жұмыстарда жұмыс iстейтiн отқа төтеп берушi
Отқа төтеп берушi
Шихта жеткізу жүйесiн басқару постының операторы
Құю, отқа төзiмдi материалдар мен термикалық қоспаларды әзiрлеушi
Шлак үйiндiлерiнде және шлак әзiрлеуде жұмыс iстейтiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң кәсiптерi
Түйiршiктеу бассейніндегі жұмысшылардың кәсiптерi
Скипшi
Ыстық жұмыстарда жұмыс iстейтiн бағаншылар
Слесарь-жөндеушi
Бумен суыту жүйесiнiң слесары
Кен ауласында шихта жеткізуде жұмыс iстейтiн тракторшы
Толық механикаландырылмаған домна пештерiне шихта жеткізумен айналысатын шихта тасымалдаушы
Шлакшы
Шихталаушы
Колошник шаңдарын жинаумен және газ құбырларын тазалаумен айналысатын металлургия өндiрiсi қалдықтарын жинаушы
Металлургия өндiрiсi қалдықтарын жинаушы
Электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі электр монтерi
Жабдықтар жөндеу жөніндегі электр слесарь (слесарь):
1) болат және ферросплав өндiрiсi. Металлургия пештерiнiң құрамын әзiрлеу және жөндеу
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Конверттерге материалдар жеткізумен айналысатын бункершi
Сынықтар мен шлакты бөлумен айналысатын шпур бұрғылаушы
Шайыр қайнату және түптердi кептiрумен айналысатын күл қайнатушы
Ваграншы
Шихта ауласында жұмыс iстейтiн таразышы
Сынықтар мен шлак бөлумен айналысатын жарушы
Ыстық жұмыс телiмiнде шлакты ауыстыруда жұмыс iстейтiн автомобиль жүргiзушiсi
Ыстық жұмыс телiмiнде отқа төзiмдi материалдарды тасуда жұмыс iстейтiн тиеуiштiң жүргiзушісi
Пештен әк түсiрушi
Үйiндiдегi түсiрушiсi
Газдан қорғау аппаратуралары қолданылатын жұмыстар жүргiзу кезіндегі газдан құтқарушы
Газшы
Ферросплав пешiнiң көрiкшiсi
Шихта ауласында және фосфатшлакты тиеуде жұмыс iстейтiн жүк тиеушi
Дозалаушы
Ұнтақтаушы
Шихта тиеушi
Таңбалаушы
Ожаушы
Сынық пен металл қалдықтарын бөлу копровшысы
Металлургия жабдықтарын жөндеумен айналысатын қазаншы
Шығыршы
Барлық атаудағы машинист
Миксершi
Металлургия жабдықтарын жөндеумен айналысатын санитарлық-техникалық жүйелер мен жабдықтардың монтажшысы
Металлургия жабдықтарын жөндеумен айналысатын металлургия зауытының монтажшысы
Жабдықтарды жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық құбыр тарту монтажшысы
Кiрме жолында және шлак үйiндiлерiнде жұмыс iстейтiн жол монтерi
Блок тығыздаушы
Стопор терушi
Ферросплав өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн күйдiрушi
Металл бетiнiң ақауларын өңдеушi
Отқа төтеп берушi
Барлық атаудағы оператор
Қышқылсыздандырғышты балқытушы
Синтетикалық шлактарды балқытушы
Ферросплав балқытушы
Металлургия пештерiн жөндеу цехтарында металлургия агрегаттарын ыстық жөндеумен айналысатын ағаш ұстасы
Құймаға құюға құрамалар әзiрлеушi
Болат құю арналарын әзiрлеушi
Барлық атаудағы көмекшi
Құю, отқа төзiмдi материалдар мен термикалық қоспаларды әзiрлеушi
Қыздырушы
Электр балқыту пешiнiң пультшiсi
Өндiрiс процесiнде шикiзатты, жартылай шикiзаттарды және дайын өнiмдi қайта орналастыру жөніндегі жұмысшылар мен қызметшiлердiң кәсiптерi
Шлак үйiнділерiнде және шлак әзiрлеуде жұмыс істейтiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң кәсiптерi
Күйдiрiлген доломит пен әктi күйдiруде және түсiруде жұмыс iстейтiн жұмысшылардың кәсiптерi
Ферросплавты сындырушы
Сынықтар мен металл қалдықтарын бөлушi
Болатты таратып құюшы
Суық металл кесушi
Шлакты бөлумен айналысатын сепараторшы
Слесарь-жөндеушi
Бу шығарып салқындату жүйесiнiң слесары
Электрод массасын әзiрлеумен айналысатын араластырушы
Күйдiрiлген доломиттi сорттаумен айналысатын сорттаушы
Вакуумды пештiң болат балқытушысы
Металл сынықтарын бөлумен айналысатын бағаншы
Ферросплав кептiрумен айналысатын кептiрушi
Ферромарганец пен феррованадийдi балқытатын ферросплав пештерiн ыстық жөндеумен айналысатын слесарь-жөндеушi
Барлық атаудағы болат балқытушы
Ыстық жұмыс телiмiнде жұмыс iстейтiн бағаншы
Илек пен құбыр термистi
Ыстық жұмыс телiмiнде жұмыс icтeйтiн тасымалдаушы
Электрод массаларын қалыптаушы
Бүркушi
Ферросплав тазалаушы
Шлакшы
Шихталаушы
Электр жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі электр монтерi
Жабдықтарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі электр слесарь (слесарь)
Электродшы
Ферромарганец, феррованадий балқытатын ферросплав пештерiнiң сыртқы қаптарын ұзартумен айналысатын қолмен пiсiрушi электр пiсiрушi;
2) илектеу, дөңгелек илектеу, бандаж илектеу, айыр илектеу, қаңылтыр жұқалау, қалайылау, мырыштау және қорғасындау өндiрiстерi. Рельс бекіту өндiрiсi, ыстық металл кесу және тазалау. Термикалық өңдеу. Калибрленген металл өндiрiсi.
Жұмысшылардың кәсiптерi:
Алюминдеушi
Купорос өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн кристалдау аппаратшысы
Тұзды қышқылмен жұмыс iстейтiн кристалдандыру аппаратшысы
Тұзды қышқылмен жұмыс iстейтiн бейтараптандыру аппаратшысы
Тұзды қышқылмен жұмыс iстейтiн регенерациялау аппаратшысы
Купорос өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн центрифугалау аппаратшысы
Электролиттi майсыздандыру аппаратшысы
Ыстық илектеудегi калибр станының вальцовшысы
Ыстық жұмыс телiмiнде клеттердi аударумен айналысатын клеттердi жинастыру және аудару вальцовшысы
Ыстық илек станының вальцовшысы
Клеттердi жинастыру және аудару вальцовшысы
Профилдi майыстыру агрегатының вальцовшысы
Суық илек станының вальцовшысы
Күл пісіруші
Ыстық металл кесушi
Газшы
Газдан қорғану аппаратурасын қолданумен жұмысты орындау кезіндегі газдан құтқарушы
Илек шеттерiн ыстық күйiнде кесумен айналысатын газбен кесушi
Термикалық пештi толтырушы
Қолмен тиеу жұмыстарын істейтiн қыздырушы
Көмкерушi-жинақтаушы