Кейбір қалаларды жылумен жабдықтау проблемаларын шешу үшін ұсыныстарды
әзiрлеу жөніндегi ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2003 ж. 7 мамырдағы № 83-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
Жамбыл облысының Жаңатас, Қаратау, Қостанай облысының Арқалық, Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қалаларын жылумен жабдықтау проблемаларын зерделеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi,
жетекшi
Амангелдиев - Қазақстан Республикасының
Ардақ Амангелдiұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Өңiрлiк
саясат және бюджетаралық
қатынастар департаментiнің
директоры, жетекшiнің
орынбасары
Райысов - Қазақстан Республикасының
Данар Дулатұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Өңiрлiк
саясат және бюджетаралық
қатынастар департаментi
жергіліктi қаржы органдарымен
әдiстемелiк жұмыс бөлiмiнің
бастығы, хатшы
Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерi:
Әжiкенов - Қазақстан Республикасының
Серiкбай Мұратұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі Электр
энергетикасы және қатты отын
департаментінің бас маманы
Балапанов - Қазақстан Республикасының
Зейнелқабден Тәукеұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Өңiрлік
саясат және бюджетаралық
қатынастар департаментi
өңiрлiк саясат басқармасының
бастығы
Жұмабеков - Қазақстан Республикасы
Сағындық Байзақұлы Премьер-Министрiнің Кеңсесi
Өңірлік даму бөлімiнің бас
инспекторы
Жұмажанов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Ғафурұлы Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестiктi қорғау
жөніндегі агенттігi Энергетика
секторын реттеу жөніндегі
департаментiнің бас маманы
Ким - Қазақстан Республикасының
Виссарион Валерьевич Қаржы министрлігі Қаржы
бақылау комитетi төрағасының
орынбасары
Райымбеков - Қазақстан Республикасы
Сайлаухан Ғазизұлы Премьер-Министрiнің Кеңсесi
Өңiрлiк даму бөлiмiнің бас
инспекторы
Сейiлов - Қазақстан Республикасының
Қадіржан Әбдірахитұлы Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттiгi Төтенше жағдайларды
мемлекеттік қадағалау,
техникалық және тау-кен
қадағалау жөніндегі
департаментiнің бөлiм бастығы
Шәкенов - Қазақстан Республикасы
Мұхамбетқасым Қойшыбайұлы Премьер-Министрiнің Кеңсесi
Өңiрлiк даму бөлiмiнiң бас
инспекторы
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы осы қалаларды жылумен жабдықтау проблемаларын шешу және халықтың коммуналдық төлемдердi төлеуiн ұйымдастыру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлесiн және 2003 жылғы шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |