Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917
қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 29 сәуірдегі № 410 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 496 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөніндегі сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 303-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөніндегі сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ережеде: кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары құратын Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөніндегі сарапшылық кеңестерiнiң (бұдан әрi - Сарапшылық кеңестерi) қызметiн белгiлейдi.";
5-тармақтың бiрiншi абзацы "және оған осы органның бiрiншi басшысы басшылық жасайды" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |