Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы № 864 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 23 сәуірдегі № 392 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 тамыздағы № 864 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 26, 278-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 13-жолда:
"Іс-шара" деген 2-бағандағы "және оны қаржыландыру ережесін әзірлеу" деген сөздер алынып тасталсын;
"Аяқтау нысаны" деген 3-бағандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |