7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы сыртқы экономикасының дамуын болжауды құру кезiнде
талдағыштарды пайдалану, Қазақстан Республикасының кеден органдарын
есептеу және офистiк техникалармен жарақтандыру, КААЖ-дың
жүйелік-техникалық тұғырнамасын жаңғырту, автокөлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының шекарасы арқылы өтуiн бейне бақылау жүйесiн енгізу.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
702-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.11.03 ж. № 150т қаулысымен 702-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Keдендік бақылау агенттiгі
_________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "КААЖ" кедендiк ақпараттық жүйесiн
дамыту" 600 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 162 078 мың теңге (жүз алпыс екi миллион жетпiс сегiз мың
теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан
Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан
Республикасының кеден қызметiн жетiлдiрудiң 2000-2002 жылдарға арналған
тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000
жылғы 25 ақпандағы № 301 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет
қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы кеден
қызметiнiң Кедендiк автоматтандырылған ақпарат жүйесiн одан әрi енгізу,
кеден алымдары мен бюджетке төлемдер аударымдарын көтеру мақсатында
кедендiк ресiмдеу процестерiн автоматтандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес, жүктiк кедендік декларациялардың электронды көшірмелерiнiң
дерекқорын орталықтандырып қалыптастыру, жасалған қорлардың негiзiнде
Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикасын жүргiзу, мүдделi
министрлiктер мен ведомстволарға беруге арналған Қазақстан Республикасының
кеден органдары қызметiнiң негiзгi көрсеткіштерiнiң мониторингi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Кедендiк автоматтандырылған
ақпарат жүйесіне ақпараттық технологиялар енгізу, кедендiк ақпарат
жүйелерiн одан әрi дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 600 "КААЖ" Кеден органдарында 170 Жыл Қазақстан кeдендік нүкте көлеміндегі қо- ішінде Республи- ақпарат сымша жергілікті есеп- касының жүйесін теу желілерін құру- Кедендік дамыту 101 бірлік мөлшеріндегі бақылау пайдаланудан шығарылған агенттігі есептеу техникаларын ауыстыру- КААЖ шеңбе- ріндегі жабдықтарды: сервер-домен - 10 дана; дербес компьютерлер - 75 дана сатып алу- Кеден қызметiнiң кодексiн жасауға және бағдарламалық қамтамасыз етудегi бизнес процес- тердің сызбаларын өзгертуге байланысты қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудiң қосымша модульдерiн әзiрлеу- 170 нүктедегi кабель желілерiн жаңғырту- 5 объектiде талшықтық байланыс желісін жаңарту. Кеден органдарының Бiрыңғай автоматтандырылған ақпарат жүйесiн құру жобасы бойынша сатып алынған жабдықтың қалдық құнына есептелген қосымша құн салығын төлеу. |
7. Бюджеттік бағдарламаларды орындаудан күтiлетін нәтижелер:
Қолданбалық бағдарламалық қамтамасыз ету модульдерiнiң дамуын қамтамасыз
ету, КААЖ қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудiң функционалдық
мүмкiндiктерiн кеңейту, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басқа да ақпараттық
жүйелерiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыру.