2. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт:
1) мерзiмдi әскери қызметтiң аяқталуы бойынша жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi бар солдаттармен, матростармен, сержанттармен және старшиналармен;
2) солдаттардың, матростардың, сержанттар мен старшиналардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткерiп жатқан жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi бар әскери қызметшiлермен;
3) әскери қызметте тұрудың шектi жасына жетпеген запастағы прапорщиктермен және мичмандармен;
4) жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi бар запастағы солдаттармен, матростармен, сержанттармен және старшиналармен;
5) жоғары, орта немесе орта кәсiптiк білімi және тиiстi әскери мамандық саласы бойынша ұқсас мамандығы бар ер және әйел жынысты адамдармен жасалады.
3. Прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында әскери қызметтi өткеруге келісім-шарттар Заңның 1-бабымен белгiленген уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымы адамдарымен қосымшаға сәйкес жасалады.
4. Келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеруге тiлек білдiрген осы Ереже 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар әскери есепке алынған жерi бойынша аудандық (қалалық) әскери комиссариатқа Заңның 16-бабында белгiленген құжаттар тiзбесiн ұсынады.
Аудандық (қалалық) әскери комиссариат уәкiлеттi мемлекеттік органның өтiнiмiнде (өтінішінде) белгiленген мерзiмде тиісті әскери есептiк мамандықтар бойынша кандидаттардың келiп түскен құжаттарын қарайды.
Заңның 17-бабының талаптарына сай келетiн кандидаттардың құжаттары облыстық (қалалық) әскери комиссариатқа жiберiледi.
5. Облыстық (қалалық) әскери комиссариат қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кандидаттарды iрiктеудi жүзеге асырады, сондай-ақ арнайы тексеру мен медициналық куәландыруды жүргiзу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Iрiктеуден өткен кандидаттардың құжаттары Қарулы Күштердiң тиiстi лауазымды адамдарының келiп түскен өтінiмдерiне (өтiнiштерiне) сәйкес әскери бөлiмдердің командирлерiне (бастықтарына) жiберiледi.
6. Облыстық (қалалық) әскери комиссариаттардың iрiктеуiнен өткен запастағы прапорщиктер мен мичмандарды әскери бөлiмдердiң командирлері (бастықтары) аттестаттау комиссиясында қарауға шақырады.
Аттестаттау комиссиясы оларға қатысты оң шешiм қабылдаған кандидаттармен прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісiм-шарт қосымшаға сәйкес жасалады.
Қалған адамдарға әскери бөлiм он күн мерзiмде кандидаттың құжаттарын әскери есепке алынған жерi бойынша әскери комиссариатына уәжделген бас тарту себептерiмен қайтарады.
7. Келісім-шарт жасасу, оның қолданылуының мерзiмi мен тәртібі Заңның 15 және 16-баптарына сәйкес айқындалады.
8. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін, шекті жасқа жетпеген және келісім-шарт бойынша әскери қызмет мерзiмiн ұзартуға тiлек білдiрген әскери қызметшiлер келісім-шарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына 3 ай қалғанға дейiн оны ұзарту туралы рапорт бередi.
Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тұрақты жұмыс iстейтiн аттестаттау комиссиясы қорытындысының негiзiнде келісім-шартты ұзартады. Келісім-шартты ұзартудан бас тартылған адамдар осы Ереженің 15-тармағына сәйкес босатуға жатады.
9. Қарулы Күштердiң бiрiншi басшылары әскери қызметте тұрудың шектi жасына жеткен, жоғары кәсiби даярлығы, атқаратын қызметiнде практикалық жұмыс тәжірибесi бар және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтi өткеру үшiн жарамды прапорщиктер мен мичмандардың қызмет ету мерзiмiн "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес 5 жылға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
10. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт екі тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және өзiнiң қолданылуын жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға байланысты тоқтатады.
11. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарт бiржақты тәртіппен өзгерiлуi мүмкiн емес.
Келісім-шартқа қажеттi өзгерістер келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан әскери қызметшiге әскери атақтар берiлген (төмендетiлген), ауыстырылған немесе орын ауыстырған жағдайда енгiзіледi.
2-тарау. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери
қызметтi өткеру туралы келісім-шартты тоқтату және бұзу
12. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi тоқтату және босату осы Ереженiң 15-17-тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша Қарулы Күштер лауазымды адамдарының жеке құрам бойынша бұйрығымен:
1) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетпесе және бейбiт немесе соғыс уақытында денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болса запасқа;
2) егер босатылатындар запаста тұрудың шектi жасына жетсе немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарып жарамсыз деп танылған болса, отставкаға шығара отырып жүргiзiледi.
13. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер болатын әскери қызметтен босату туралы алдын ала, босатуға дейiн екi айға дейiн мерзiмнен кешiктiрмей хабардар етiледi. Олармен 15-тармақтың 4) тармақшасының, 16 және 17-тармақтардың негiзiнде босатылатын адамдардан басқа, тiкелей және басқа командирлер (бастықтар) жеке әңгiмелесу жүргiзедi.
14. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жатқан, запасқа (отставкаға) шығаруға жататын әскери қызметшiлер iстерi мен лауазымдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Iшкi қызмет жарғысында белгiленген мерзiмдерде тапсырғаннан кейiн, бiрақ кезектi демалыста немесе емделуде болған кезiнен басқа жағдайларда, әскери бөлiм запасқа (отставкаға) шығару туралы жазбаша түрдегi бұйрықты алған күннен кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктірмей босатылуы тиiс.
15. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметті өткеру туралы келісім-шарт Заңның 21-бабына сәйкес мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкiн:
1) келісім-шарт мерзiмiнiң аяқталуы бойынша, егер келісім-шарт тараптардың келісімi бойынша ұзартылмаған болса;
2) ұйымның таратылуына, санның немесе штаттың қысқаруына байланысты, егер әскери қызметшi басқа ұсынылған лауазымға келіспесе;
3) денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деп таңуына байланысты;
4) соттың айыптау үкімінiң заңды күшiне енуiне байланысты.
16. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкiн:
1) тараптардың келісім-шарт талаптарын орындамауына байланысты;
2) әскери қызметшiнiң қызметке дәлелсiз себептермен шықпай қалуына байланысты.
17. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеру туралы келісім-шарт әскери қызметшiнiң қалауы бойынша мынадай жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн:
1) оған қатысты келісім-шарт талаптарының елеулi немесе жүйелi бұзылуына байланысты;
2) отбасылық жағдайлары бойынша.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң,
басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының
прапорщиктер мен мичмандар лауазымдарында
келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы
ережеге қосымша
Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында
әскери қызметтi өткеру туралы
КЕЛІСІМ-ШАРТ
___________________________________________________________ атынан
(уәкiлеттi мемлекеттік органның атауы, оның орналасқан жерi)
__________________________________________________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының атағы, тегi, аты,
__________________________________________________________________
әкесiнiң аты және лауазымы)
және _____________________________________________________________
(келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамның
__________________________________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың
__________________________________________________________________
атауы, нөмiрi мен берілген күнi, әлеуметтік жеке кодының нөмiрi,
__________________________________________________________________
салық төлеушінің тiркеу нөмiрi)
прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi өткеру туралы
осы келісiм-шартты заңнамамен және осы келісім-шартпен белгiленген
негіздерде_______ мерзiмге жасасты.
1. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымына келісім-шарт бойынша
әскери қызметке қабылданатын адам "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет
туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы Заңы (бұдан
әрi - Заң) 10-бабының 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген
талаптармен танысты және әскери қызметтiң зиянды және қауiпті жағдайлары
туралы, сондай-ақ әскери қызметтiң мiндеттерiн орындаумен байланысты
құқықтардың шектелуi туралы ескертiлдi.
2. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымына келісім-шарт бойынша
әскери қызметке қабылданатын адам өз еркiмен мыналарға мiндеттеме бередi:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын, Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларын сақтауға;
2) келісім-шарт бойынша әскери қызметтi өткеретiн әскери қызметшiлер
үшiн қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген шектеулердi қабылдауға;
3) келісім-шартпен белгiленген әскери қызметтiң мiндеттерiн адал
орындауға;
4) әскери тәртiп пен қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
5) қызмет процесiнде мемлекеттік мүлiкке зиян келтiруге жол
бермеуге;
6) оған берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерге сәйкес
өкiлеттiктi жүзеге асыруға;
7) оған сенiп тапсырылған мемлекеттік, әскери, қызметтiк және өзге
заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді, соның iшiнде әскери
қызметтi тоқтатқаннан кейiн де Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген уақыт iшiнде жария етпеуге;
8) адамдардың өмiрi мен денсаулығына және мүлiктiң сақталуына қатер
төндiретiн жағдайдың туындағаны туралы хабарлауға;
9) командирлердің (бастықтардың) және өзге де лауазымды адамдардың
оларға берiлген өкілеттiктер шегiнде берген бұйрықтары мен өкiмдерiн
орындауға.
3. Прапорщик пен мичманның лауазымына келісім-шарт бойынша әскери
қызметке қабылданатын адамның мыналарға құқығы бар:
1) Заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Конституциясы және заңнамалары кепілдiк беретiн құқықтар
мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өзiне командирлер (бастықтар) және өзге лауазымды адамдар
тарапынан жеке басының ар-ожданын құрметтеуге, әдiл және құрметпен
қарауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген нормалар бойынша
және тәртіппен мемлекет есебiнен ақшалай және заттай үлеспен қамтамасыз
етілуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен
қамсыздандырылуға, әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
5) біліктiлiгiн, қабiлеттерiн, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал
атқаруын ескере отырып қызметi бойынша жоғарылатылуға;
6) негiзсiз айыптаулар болған кезде қызметтік тексерiстi талап
етуге;
7) өмiрi мен денсаулығының қорғалуына;
8) Заңда көзделген жағдайларда уәкiлеттi мемлекеттік органмен
келісім-шартты ұзартуға, өзгертуге және бұзуға;
9) техника қауiпсiздiгi мен гигиена талаптарына жауап беретін қызмет
жағдайларына;
10) демалысқа;
11) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына
немесе жеке мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуiне;
12) қызметтiк мiндеттердi атқарумен байланысты пайда болған дауларды
тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртібiмен шешуге;
13) уәкiлеттi мемлекеттік органнан келісім-шартта тарапты білдiретiн
лауазымды адамның өкілеттiктерiн растауды талап етуге;
14) өз кәсiби біліктілiгiн арттыруға;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
16) қолданылып жүрген заңнамада көзделген басқа да кепілдiктер мен
өтемақылар алуға.
4. __________________________________________________________
(уәкiлетті мемлекеттік органның атауы)
әскери қызметшi (әскери мiндеттi) _________________________________
(тегі, аты-жөні)
келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдайды және:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісім-шартқа сәйкес
әскери қызметтiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге;
2) әскери қызметшiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген нормалар бойынша және тәртіппен ақшалай және заттай үлестiң
барлық түрлерiмен, сондай-ақ олардың әскери қызметтiң міндеттерiн
орындауы үшiн қажеттi құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге;
3) келісім-шартты жасасқан кезде келісім-шарт бойынша әскери
қызметке қабылданатын адамды лауазымдық мiндеттерiмен және Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгіленген әскери
қызметті өткерудiң талаптарымен таныстыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыруды
қамтамасыз етуге;
5) әскери қызметшiге өмiрi мен денсаулығына немесе жеке мүлкiне
әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде келтірілген зиянды Қазақстан
Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен
және жағдайда өтеудi қамтамасыз етуге;
6) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданатын адамға әскери
қызметтің зиянды және қауiптi жағдайлары және кәсiби науқас болу
мүмкiндiгi туралы, сондай-ақ әскери қызмет мiндеттерiн атқарумен
байланысты құқықтардың шектелуiн ескертуге;
7) әскери қызметшiнi келісім-шартта көзделген лауазымға тағайындау
туралы бұйрық шығаруға және осы келісім-шарттың 10-тармағына бұйрықтың
күнi мен нөмiрiн жазуға кепiлдiк бередi.
5. Уәкiлеттi мемлекеттік орган лауазымды адамының мыналарға құқығы
бар:
1) келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылданушы (қабылданған)
адаммен келісім-шартты Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленген жағдайларда жасасуға,
ұзартуға, өзгертуге, бұзуға және тоқтатуға;
2) келісім-шарт жасасқан кезде әскери қызметке қабылданатын адамнан
Заңның 16-бабында көзделген құжаттарды ұсынуын талап етуге;
3) өз өкiлеттiктерi шегiнде бұйрықтар шығаруға;
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгiленген
тәртiппен көтермелеуге және тәртіптiк жаза қолдануға.
6. Прапорщиктер мен мичмандардың лауазымдарында әскери қызметтi
өткеру туралы келісім-шарт оған екi тарап қол қойған күннен бастап күшiне
енедi және жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн немесе оны бұзуға
байланысты өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Келісім-шартта және әскери қызметшiнi лауазымға тағайындау туралы
бұйрықта көрсетiлген күн әскери қызметшiнiң қызметтiк мiндеттерiн
атқаруының басталуы болып саналады.
7. Келісім-шарттың талаптары тараптардың орындауы үшiн мiндеттi
болып табылады, тараптардың даулары Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
8. Келісім-шарт екi данада жасалды және тараптардың қолы қойылуға
тиiс. Келісім-шарттың бiр данасы келісім-шарт бойынша әскери қызметке
қабылданған адамға берiледi.
9. Қосымша талаптар _________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________ ________________________________
(келісім-шарт бойынша әскери (уәкiлетті мемлекеттік орган
қызметке қабылданатын адамның лауазымды адамының тегi, аты,
тегi, аты, әкесiнiң аты) әкесiнің аты)
________________________________ ________________________________
(жеке қолы) (жеке қолы)
M.O.
200_ жылғы "___" __________ 200_ жылғы "___" __________
10. Әскери қызметшiнің қабылдануы және қызмет бойынша орын ауыстыруы:
Прапорщик пен мичман тағайындалған лауазым (әскери бөлiмдi көрсете отырып), тағайындау (орын ауыстыру, босату) үшiн негiздеме әскери есептiк мамандық | Бұйрықты кiм шығарды, оның нөмiрi мен күнi | Ескерту |
| | |
| | |
| | |
| | |
| Бұйрықты кім шығарды, оның нөмiрi мен күнi | Ескерту |
| | |
| | |
| | |
| | |