Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі
арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету
саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 370 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2002 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртіптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандум бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |