Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 364 Қаулысы
(2003.28.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды одан әрi жетілдіру мен оның тиімділiгiн арттыру және ипотекалық кредит беру жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) құрылсын.
ҚР Үкіметінiң 28.07.03 ж. № 754 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен 1 500 000 000 (бiр миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен Банктің жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) банктің жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Банк акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тiзбесiнде:
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-83-жолмен толықтырылсын:
«123-83. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» AҚ»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-4-жолмен толықтырылсын:
«217-4. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ».
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |