Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 21 наурыздағы № 150б қаулысы
Бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетілген қаулыға 448-қосымшада:
079 "Лицензиарлардың функцияларын орындау" деген бағдарламада:
6-тармақтың кестесiнде:
5-бағандағы "(4000 лицензияға дейiн) жүргiзу." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының өңiрлерiне 10 адамға дейiн бригадамен шыға отырып, Денсаулық сақтау министрлігі орталық аппаратының сарапшы мамандарын тартумен лицензиаттардың қызметiн лицензиялаудан кейiнгi бақылауды жүргізу. Мемлекеттік лицензияларды Қазақстан Республикасының өңiрлерiне арнайы байланыспен (айына 3 рет) жiберу. Сотта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мүддесiн бiлдiру үшiн шарттық негiзде заңгерлердi тарту.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |