Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 150а қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 147-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
5-бағанда:
"Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегi аймақтық мекемесi үшiн" деген сөздер "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Су көлiгiнің 10-12 бiрлiгiн" деген сөздер "cу көлiгінің 5-6 бiрлiгiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Аспалы моторлар-12 бiрлiгiн" деген сөздер "аспалы моторлардың-6 бiрлiгін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқармасы үшiн мыналарды сатып алу:
су көлiгінің - 5-6 бiрлiгiн;
аспалы моторлардың - 6 бiрлiгін";
"Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесi" деген сөздер "Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық, аулауды реттеу жөнiндегі бассейндiк басқармасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 186-қосымшада:
6-тармақтың кестесінде:
5-бағандағы "Биоресурстарды қорғау жөніндегі Балқаш аймақтық мекемесiн 175 адам штат санымен және Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстiк Каспий аймақтық мекемесiн ұстау" деген сөздер "Балқаш-Алакөл балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқарманы 98 адам штат санымен, Зайсан-Ертіс балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқарманы 77 адам штат санымен және Орал-Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі бассейндiк басқарманы ұстау" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |