7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтiлетiн нәтижелерi: "Жердi
суландыру және кәрiздiк жүйелердi жетiлдiру" Жобасы шеңберiнде суармалы
жерлердi қалпына келтiру қайта қалпына келтiрiлген жерлердiң өнiмдiлiгiн
арттыру, суландыру және кәрiздiк жүйелердi жаңғырту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 131 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 131-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Cу ресурстарын басқаруды жетiлдiру
және жердi қалпына келтiру" 055 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 881895 мың теңге (сегiз жүз сексен бiр миллион сегiз жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы № 1592-KAZ және № 1593-KAZ (SF) заемдары туралы келісімдер; "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы № 1592/1593(SF) - KAZ заемдары туралы келісімдердi ("Cу ресурстарын басқаруды жетiлдiру және жердi қалпына келтiру" жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрақты суармалы егiншiлiктi дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экологиялық нормалар мен талаптарды енгізудi, қайта жаңғыртылған суландыру және кәрiздiк жүйелердi су пайдаланушылар бiрлестiктерiне беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, агротехника мен суару тәсiлдерiн үйретудi ескере отырып суландыру және кәрiздiк жүйелердi қайта жаңғырту және жақсарту арқылы Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 39,2 мың гектар алқапта суармалы егiншiлiктi қалпына келтiру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬───────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼───────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴───────────────
1 055 Су ресурс-
тарын бас-
қаруды же-
тiлдiру
және жерлер-
дi қалпына
келтiру
080 Жобаны МоттМакДональд фир- Жыл Қазақстан
сыртқы заем- масының консульта- бойында Республика-
дар есебiнен циялық қызметiне сының Ауыл
iске асыру ақы төлеу (құрылыс- шаруашылығы
ты қадағалау, инс- министрлігі
пекторларды, клерк-
тердi ұстау, қолдау
тобының жұмысы,
оқыту);
Жетiсайда зертхана
ғимаратын жөндеу-
081 Жобаны iшкi Қосымша құн салығы- Жыл Қазақстан
көздер есе- на, тауарлар, жұ- бойында Республика-
бiнен iске мыстар мен қызмет- сының Ауыл
асыру тердің кедендік шаруашылығы
баждарына, кедендік министрлігі
алымдарға ақы; жоба-
ның 1-кезеңi бойынша
23868 гектар алқапта
құрылыс жұмыстары;
жобаның 2-кезеңi
бойынша 15391 гектар
алқапта құрылыс
жұмыстары;
шетелдiк валютамен
операциялар жүргiзуге
арналған лицензияны
алуға байланысты
шығындар-
101 Жобаны басқа- Жобаны iске асыру Жыл Қазақстан
руға жәрдем үшiн 9 адам көлемінде бойында Республика-
көрсету үшiн жергілікті консуль- сының Ауыл
iшкi көздер- танттарды тарту- шаруашылығы
ден жергiлiк- министрлігі
тi консуль-
танттардың
iшкi көздер
жобасын бас-
қаруға қолдау
көрсетуге
арналған
қызметiн
сатып алу
102 Құрылыс және МоттМакДональд фирма- Жыл Қазақстан
iшкi көздер- масының консультация- бой- Республика-
ден қызмет лық қызметiне ақы ында сының Ауыл
көрсету мер- төлеу (құрылысты қа- шаруашылығы
зiмi кезiнде дағалау, инспекторлар министрлігі,
бөлшектiк жо- ды, клерктердi ұстау, "МоттМак-
балауды, тех- қолдау тобының жұмысы, Дональд/
никалық қада- оқыту)- Темелсу" БК
ғалауды жүзеге
асыру үшiн
консультация-
лық қызметпен
қамтамасыз ету
────────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: Түсiмділіктiң ұлғаюы, жобалық есептеулер бойынша таза табыстың 28%-ке артуы, халықты жұмыс пен қамтудың 21 %-ға өсуi, жоба бойынша күрделi қаржының тиiмдiлiгi 26% құрауы тиiс. Мақтаның түсiмдiлiгi гектарынан 15,5-тен 25 центнерге, күздiк бидайдiкi 25-тен 36 центнерге, дән жүгерiнiкi 17-ден 54 центнерге, жоңышқанiкi 34,3-тен 89 центнерге көтерiледi. Су ресурстарын үнемдеу кезең сайын жылына 16,9-дан 23,1 миллион текше метрдi құрайды. Жүйенiң пайдалы әсер коэффициентi 0,60-тан 0,80-ге жеткiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 132 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 132-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Ауыл шаруашылығын жекешелендiргеннен
кейін қолдау жөніндегі жоба" 057 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4620 мың теңге (төрт миллион алты жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы қарыз туралы 1998 жылғы 23 маусымдағы № 4331 - KZ келісім; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы қарыз туралы" 1998 жылғы 23 маусымдағы № 4331 - KZ келісімдi (Ауыл шаруашылығын жекешелендiруден кейiнгi қолдау жобасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстандағы аграрлық кәсiпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жаңадан қалыптасушы ауылдық кәсiпорындар үшiн ақпаратқа, консультацияларға және оқытуға қол жеткізудi қамтамасыз ету; коммерциялық банкілердiң несие ресурстарына ауыл кәсiпорындарының қол жеткiзе алуына көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬───────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼───────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴───────────────
1 057 Ауыл шаруа-
шылығын же-
кешелендiру-
ден кейiнгi
қолдау
101 Жобаны бас- Жобаны iске асыру Жыл Қазақстан
қаруда көмек үшiн мөлшерi 4 бойында Республика-
көрсету үшiн адам жергiлiктi сының Ауыл
жергiлiктi кеңесшiлердi тарту шаруашылығы
кеңесшiлер министрлігі
көрсететiн
қызметтердi
iшкi көздер-
ден сатып
алу
────────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: ауылдық жерлерде консультациялық желiлердiң негiзiн құру, экономикалық жағынан орнықты ауылдық кәсiпорындардың санын көбейту-
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 133 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Бiрегей тұқымдық өндiрудi субсидиялау"
058 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64 800 мың теңге (алпыс төрт миллион сегiз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және өсiмдiк шаруашылығында өндiрiлген өнiмдердiң сапасын арттыру, тұқым шаруашылығын қалпына келтiру және дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасында пайдалануға жiберiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының оригиналдық тұқымдарын элиталық тұқымдар мен бiрiншi ұрпақ будандарын тездетiп алу үшiн қажеттi көлемде және ассортиментте өндiру;
- элиталық тұқым өндiру үшiн элиттұқшарларды ауыл шаруашылығы дақылдарының оригиналдық тұқымдарымен толық көлемде қамтамасыз ету, ғылыми негiзделген нормаларға сәйкес сорталмасу және сортжаңарту жүргiзу үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi тұқыммен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬───────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼───────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴───────────────
1 058 Бiрегей Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан
тұқымдық касының Үкіметі бел- бойында Республика-
өндiрудi гілейтiн тәртіппен сының Ауыл
субсидиялау 5,0-5,1 мың тонна шаруашылығы
оригиналдық тұқым министрлігі
өндiрiсi шығындарын
iшiнара (40 %-ға
дейiн) өтеу-
────────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi:
- оригиналдық тұқым өндiрудi қамтамасыз ету;
- элиталық тұқым өндiру үшiн элиталық тұқым өндiрушi шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң оригиналдық тұқымдарымен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 134 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және
жол-құрылыс техникаларын мемлекеттік тiркеу"
060 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 47 598 мың теңге (қырық жетi миллион бес жүз тоқсан сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 18-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексi; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: доңғалақты тракторлардың құрамында қозғалуға арналған доңғалақты тракторлардың базасында жасалған шассилер мен механизмдердi және тiркемелердi қоса, доңғалақты тракторлардың жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру бойынша заңнамада белгiленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс техникасының есебiн алуды жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: доңғалақты тракторлардың, олардың тiркемелерiн және өзге де өзi жүретiн машиналарды мемлекеттік тiркеу үшiн мемлекеттік тiркеу нөмiрлерiнiң белгiлерiн, техникалық паспорттарын дайындауды және iске асыруды ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬───────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼───────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴───────────────
1 060 Ауыл шаруа-
шылық, мелио-
ративтiк және
жол-құрылыс
техникаларын
мемлекеттік
тiркеу
2 030 Техникалық Қазақстан Республика- Жыл Қазақстан
паспорттар сының Ауыл шаруашылы- бойында Республика-
дайындау ғы министрлiгі бекiт- сының Ауыл
кен нысан бойынша шаруашылығы
үлгiлерге сәйкес тех- министрлігі
никалық паспорттардың
405 110 бiрлiгiн
сатып алу-
031 Мемлекеттік "Көлiк құралдары мен Жыл Қазақстан
тiркеу нө- олардың тiркемелерiне бойында Республика-
мiрлiк бел- арналған жарық қайтар- сының Ауыл
гiлерiн ғышпен әрленген мемле- шаруашылығы
дайындау кеттiк тiркеу белгiле- министрлігі
рi" Қазақстан Респуб-
ликасының СТ 986-95
және "Көлiк құралдары-
на арналған тiркеу
нөмiрлiк белгiлерiн
дайындау" Қазақстан
Республикасының ТУ
640 3042787-1-95
стандартына сәйкес
келетiн мемлекеттік
тiркеу нөмiрлерiнiң
31970 бiрлiгiн сатып
алу.
────────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: дөңгелектi тракторлардың құрамында қозғалуға арналған дөңгелектi тракторлардың базасында жасалған шассилер мен механизмдердi және тiркемелердi қоса, дөңгелектi тракторлардың жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру бойынша заңнамада белгiленген мемлекеттік функцияларды iске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс техникасының есебiн жүзеге асыру; арнайы өнiмдi дайындау Қазақстан Республикасының бүкiл машина-трактор паркiне тiркеу құжаттарын және мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгілерiн берiп мемлекеттік тiркеу мен есебiн жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 135 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 135-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
_____________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған
062 "Аграрлық кредит корпорациясы" ЖАҚ ауылдық несие серiктестiктерi
жүйесiн ұйымдастыруға қатысу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 409 000 мың теңге (төрт жүз тоғыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Аграрлық секторға кредит берудiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмділігiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауылдық несие серiктестiктерiнiң жүйесiн ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- маның (кіші бағдарла- маның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру- дың мер- зім- дері | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 062 "Аграрлық 1) "Аграрлық несие Жыл Қазақстан кредит корпорациясы" ЖАҚ-тың бойын- Республикасы- корпора- жарғылық қорын ұлғай- да ның Ауыл циясы" туға қаражат бөлу- шаруашылығы ЖАҚ ауыл- Мына облыстарда қосым- министрлігі дық несие ша 41 ауылдық несиелік серiктес- серiктестiк (AHC) тiктерi құру жоспарлануда: жүйесін Ақмола - 3 АНС; ұйымдас- Ақтөбе - 2 АНС; тыруға Алматы - 7 АНС; қатысу Шығыс Қазақстан - 4 АНС; Батыс Қазақстан - 2 АНС; Жамбыл - 4 АНС; Қарағанды - 2 AHC; Қостанай - 4 АНС; Қызылорда - 2 AHC; Павлодар - 3 АНС; Солтүстiк Қазақстан - 2 AHC; Оңтүстiк Қазақстан - 6 АНС; Құрылатын ауылдық несие серiктестiкте- рiнiң жарғылық қорында "Аграрлық несие Кoрпорациясы" ЖАҚ-тың қатысу үлесi олардың жарғылық капиталының жалпы көлемiнiң ең кемiнде 35 пайызын құрайтын болады- 2) Негiзгi құралдар сатып алу: "Аграрлық несие корпорациясына" ғимарат; - автомашиналар 12 бiрлiк; - жиhаздар 12 бiрлiк - ұйымдастыру техника- лары 12 бiрлiк |