2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1429 қаулысына 115-191 қосымшалар)
(ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 192; 14.03.03 ж. № 150a; 01.07.03 ж. № 150г;
22.12.03 ж. № 1296; 23.12.03 ж. № 150ал қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 149-1, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157, 158, 159, 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 188-1, 189, 190, 191-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына 115 қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 115-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Әкiмшілiк шығындар"
001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2717252 мың теңге (екi миллиард жетi жүз он жетi миллион екі жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21, 25-баптары; "Мемлекеттік бюджет есебiнен қаржыланатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнің бiрыңғай еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Штат санының лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі № 314 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердiң тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерiн қаржыландыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬──────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼──────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴──────────────
1 001 Әкiмшiлiк
шығындар
001 Орталық Штат санының лимитi Жыл Қазақстан
органның 365 бiрлiк көлемiнде бойында Республика-
аппараты бекітілген шектегi сының Ауыл
Қазақстан Республи- шаруашылығы
касының Ауыл шаруа- министрлігі
шылығы министрлігінiң
орталық аппаратын
ұстау
002 Аумақтық Штат санының лимитi Жыл Қазақстан
органдардың 6123 бiрлiк көлемiн- бойында Республика-
аппаpаттары де бекітілген шектегi сының Ауыл
Қазақстан Республи- шаруашылығы
касының Ауыл шаруа- министрлігі
шылығы министрлігінiң
аумақтық бөлімшелерін
ұстау
────────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерiне жүктелген мiндеттердiң сапалы және уақтылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 116 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Бiлiктіліктi жоғарылату және кадрларды
қайта даярлау" 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10 414 мың теңге (он миллион төрт жүз он төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 31-бабы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8-бабы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң ақпараттық-маркетингiлiк жүйесiн құру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттік қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кәсiби шеберлiктi толық жетiлдiру және лауазымды мiндеттердi тиiмдi орындау үшiн қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсiби қызмет саласында теориялық және практикалық білiмдердi, ептілiк пен дағдыларды жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіндегі мемлекеттік қызметкерлермен және басқа да қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн жоғарлату.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬──────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼──────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴──────────────
1 010 Білiктілік-
ті жоғар-
лату және
кадрларды
қайта
даярлау
005 Мемлекеттік Мемлекеттік қызмет- Жыл Қазақстан
қызметшiлер- керлердiң біліктілі- бойында Республика-
дiң білік- гiн жоғарлату бойын- сының Ауыл
тілігiн ша қызметтердi сатып шаруашылығы
жоғарлату алу- Орта жылдық министрлігі
саны - 560 адам,
оның iшiнде:
- мал дәрiгерлiк
инспекторлар - 190
адам;
- өсiмдiктердi қорғау
және карантин жөнiн-
дегi инспекторлар
- 50 адам;
- астық және тұқым
инспекторлары - 25
адам;
- ақпараттық-марке-
тингілiк қызмет
көрсету жөніндегі
мамандар - 211 адам;
- басқа да мемлекет-
тiк қызметшiлер -
84 адам-
006 Білiктілікті Ауыл шаруашылығы Жыл Қазақстан
жоғарлату министрлiгінiң бойында Республика-
және мемле- Орман және аңшылық сы Ауыл
кеттiк меке- шаруашылығы комитеті шаруашылығы
мелердiң мекемелерi қызметкер- министрлі-
кадрларын лерiнiң біліктілігін гінің Орман
қайта даярлау жоғарлату бойынша және аңшылық
қызметтердi сатып алу- шаруашылығы
Орта жылдық саны - комитеті
136 адам-
───────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтілетiн нәтижелерi: қазiргі экономикалық талаптарға сәйкес сапалы оқыту жүйесiн қалыптастыру және дамыту арқылы Ауыл шаруашылығы министрлiгі мемлекеттік қызметкерлердiң және мемлекеттік мекемелер қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн жоғарлату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 117 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Ауыл шаруашылығы саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер" 030 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 853 617 мың теңге (сегiз жүз елу үш миллион алты жүз он жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегi Заңының 26-бабы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының, жануарларының және микроорганизмдерiнiң тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 1 тамыздағы № 1167, "2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi, қайта өңдеудi және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1378 қаулылары; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң қызметiмен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 қазандағы № 1148 қаулылары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттік қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi, қайта өңдеудi және сақтауды ғылыми қамтамасыз ету; сыртқы және iшкi рыноктарда бәсекеге жарамды ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн селекцияда, тұқым шаруашылығында, мал тұқымын асылдандыру iсiнде және биопрепараттар шығаруда ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң, жануарларының және микроорганизмдерiнiң тектiк қорын сақтауды, дамытуды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
- Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк тәуелсiздiгiн және ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуды қамтамасыз ететiн агроөнеркәсiп өндiрiсiн дамытудың экономикалық тетiгiн әзiрлеу;
- ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту, ғылым мекемелерi жүйесiнiң ұйымдық құрылымын жетiлдiру есебiнен бағдарламаны ғылыми қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенiн жүргiзу;
- сапасы мен өзiндiк құны бойынша бәсекеге жарамды өнiмнiң ең жоғарғы көлемiн өндiрудi қамтамасыз ететiн аймақтардың табиғи-климаттық жағдайларын бейiмделген сорттық өсiмдiктердiң, технологиялардың, машиналар мен жабдықтың қолда барын жетілдiру және жаңасын шығару негiзiнде аймақтар бойынша өсiмдiк шаруашылығын жан-жақты дамыту жөнiнде, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын сақтау және қоршаған ортаны қорғауды ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу;
- малды күтiп-бағуға арналған технологияларды, машиналар мен жабдықты жетiлдiру және жаңасын шығару, жануарларды тұқымдық аудандастыру жоспарын нақтылау, оларды толыққанды жеммен қамтамасыз ету, мал дәрiгерлiк қолайлылықты қамтамасыз ету негiзiнде мал шаруашылығы өнiмi өндiрiсiн ұлғайту жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлеу;
- өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмiн пайдалану арқылы жалпы емдiк-профилактикалық тағамдар өндiруге арналған жаңа технологиялар мен жабдық әзiрлеу;
- қолда бар және шығарылып жатқан ауыл шаруашылығы жануарларының және микроорганизмдерiнiң құнды тектiк қорын ғылымнан ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге жеткізудiң және жоғары сапалы және бәсекеге жарамды өнiмiн өндiру үшiн оны тиiмдi пайдаланудың тиiмдi жүйесiн құру;
- құнды тектiк қорды сақтауды, дамыту мен пайдалануды және оның тиiмдiлiгiн арттыруды мемлекеттік қолдауды күшейту жөнiнде шаралар қолдану;
- табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және сақтау, ауылдағы әлеуметтiк-экономикалық реформаларды ұйымдық құқықтық қолдау жөнiнде ғылыми негiзделген ұсынымдар әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬──────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼──────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴──────────────
1 030 Ауыл "2001-2005 жылдарға Жыл Қазақстан
шаруашылығы арналған Қазақстан бойын- Республика-
саласындағы аймақтары бойынша да сының Ауыл
қолданбалы ауыл шаруашылығы шаруашылығы
ғылыми өнiмiн өндiрудi, министрлігі
зерттеулер қайта өңдеудi және
сақтауды ғылыми
қамтамасыз ету"
"2001-2005 жылдарға Жыл Қазақстан
арналған ауыл шаруа- бойында Республика-
шылығы дақылдарының, сының Ауыл
жануарларының және шаруашылығы
микроорганизмдерiнiң министрлігі
тектiк қорын сақтау,
дамыту және пайдалану"
бағдарламалары бойынша
заңнамада белгiленген
тәртіппен ғылыми-
зерттеу жұмыстарын
орындау-
───────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудың күтiлетiн нәтижелерi: агроөнеркәсiп кешенi экономикасын дамытудың ғылыми-әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеу; ауыл шаруашылығы өнiмiн өсiрудiң, өңдеудiң, қайта өңдеудiң және сақтаудың жаңа технологияларын енгізу жөнiнде ұсыныстар; дәндi, дәндiбұршақты, көкөніс, жемiс-жидек дақылдары мен картоптың сорттарын шығару және мемлекеттік сорт сынағына беру; асыл тұқымды жануарларды селекциялаудың тәсілдерi мен әдiстерiн әзiрлеу; өсімдiктер мен жануарларды аурулардан қорғау құралдарын өндiру кезінде микроорганизмдердiң белсендi штаммдарын, тағам және қайта өңдеу өнеркәсiбiне арналған биопрепараттарды және т.б. пайдалану жөніндегі ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 118 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған "Суармалы жерлердiң мелиоративтiк
жай-күйiн бағалау" 032 республикалық бюджеттік
бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 61 059 мың теңге (алпыс бiр миллион елу тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; Аграрлық өнеркәсiп салаларына кредит беру және мемлекеттік iс-шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 сәуiрдегі Заңының 4-бабы; "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңының 115, 116, 117-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың көздерi: республикалық бюджеттік қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердiң мелиоративтiк жай-күйiн жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: суармалы жерлерде және Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру Жобасының объектiлерiнде мониторинг жүргiзу, республиканың суармалы жерлерінің мелиоративтiк жай-күйiн бағалау, әдiстемелiк және нормативтiк құжаттама әзiрлеу.
ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 192 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары:
─┬─────┬─────┬───────────┬────────────────────┬─────┬──────────────
N│Бағ- │Кіші │Бағдарлама-│ Бағдарламаны │Іске │ Жауапты
│дар- │бағ- │ның (кіші │(кіші бағдарламаны) │асыру│ атқарушылар
│лама-│дар- │бағдарлама-│іске асыру жөніндегі│мер- │
│ның │лама-│ның) атауы │ іс-шаралар │зім- │
│коды │ның │ │ │дері │
│ │коды │ │ │ │
─┼─────┼─────┼───────────┼────────────────────┼─────┼──────────────
1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
─┴─────┴─────┴───────────┴────────────────────┴─────┴──────────────
1 032 Суармалы Штат саны 192 адам Жыл Қазақстан
жерлердiң үш мемлекеттік бойында Республика-
мелиоратив- мекеменi ұстау, сының Ауыл
тiк жай- оның iшiнде: шаруашылығы
күйiн "Жетiсу гидрогеоло- министрлігі
бағалау гиялық-мелиоративтiк
экспедициясы"
030 Гидрогео- мемлекеттік мекемесi
лық-мелио- қаржыландыру сомасы
ративтiк 23464 мың теңге штат
экспедиция- саны 68 адам - 700000
лар гектар алаңдағы суармалы
жерлердi және 14155
гектар алаңдағы Жер
суландыру және дренаж
жүйелерiн жетiлдiру
жобасының (СДЖЖ) объек-
тiлерiнде агромелиоратив-
тiк зерттеудi, 8282
өлшемдi жерасты суларының
тұздылық-деңгейлiк режим-
дерiн стационарлық гидро-
геологиялық қадағалауды,
528 өлшем коллекторлық-
дренаж жүйелерiнiң ағын-
дылығын гидрогеологиялық
қадағалауды, 400 бiрлiк
скважиналарды ағымдағы
жөндеудi, 33361 гектарда
топырақты-тұзды жерлердi
түсiрудi; 4900 шартты
бiрлiк зертханалық талдау-
ларды, суармалы жерлердiң
есебiн және картографиялық
материалын жасауды және
суармалы жерлердегi терiс
әрекеттердi азайту жөніндегі
ұсынымдар мен iс-шараларды
әзiрлеудi жүзеге асыру үшiн;
"Оңтүстiк Қазақстан
гидрогеологиялық-мелиора-
тивтiк экспедициясы" мемле-
кеттiк мекемесi қаржыландыру
сомасы 23702 мың теңге штат
саны 74 адам - 595000 гектар
алаңдағы суармалы жерлердi
және 9637 гектар алаңдағы
Жер суландыру және дренаж
жүйелерiн жетiлдiру жобасының
(СДЖЖ) объектiлерiнде агро-
мелиоративтiк зерттеудi,
24400 өлшемдi 13 стационарлық
алаңда жерасты суларының
тұздылық-деңгейлiк режимдерiн
стационарлық гидрогеологиялық
қадағалауды, 2000 шартты қада-