7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: шағын
(кәсіпкерлiк) бизнестi дамыту тиiмдiлiгінiң жоғарлауы, кәсіпкерлердi
ақпараттық қамтамасыз ету деңгейiнiң жоғарлауы, ауылдық аудандарда
шұғылданатын кәсiпкерлер есебiнен тұтынушылар шеңберiн кеңейту; шағын
кәсiпкерлік субъектiлер санын көбейту; шағын кәсiпкерлiк үлесiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 545-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 051 "Мырғалымсай кен орнының
кенiштерiн жоюға дайындау және жою"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Бюджет бағдарламасының құны: 508 000 мың теңге (бес жүз сегіз миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Кентауликвидрудник" Республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 4 қарашадағы № 1488 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Мырғалымсай кен орнының кендерiн жою.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеті: Мырғалымсай кен орынының кендерiн жою жөніндегi жұмыстарды өткізу.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі (кіші бағдарламалар- ды) іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 051 Мырғалымсай Белгiленген тәртiп- Жыл Қазақстан кен орнының пен бекітілген "Мыр- ішінде Республикасы- кенiштерiн ғалымсай кен 13 жиек- ның Индустрия жоюға дайын- тен жоғары кендерiн және сауда дау және жою жою туралы" жобаға министрлігі сәйкес: 1) Хантагы артқы қоймасын рекультива- циялай отыра, уақытша тоқтатып қою, 45 га; 2) Сыртқы электржаб- дықтауды аяқтау- ГПП- 1 кiшi станциясынан -35/6 "Қаласүтзауыты" кiшi станциясына жүктеменi ауыстыру: - ОРУ электрлiк қуат жабдықтары; - BЛ-17 км. құрылысы және басқа жұмыстар; 3. Тау өндiрiстерiн жою (көму), желдет- кiштiк арналарды, көлiк еңiстерiн, қазбалар мен оқпан- дарды жабу; - бетiн жабу (5 дана); - бетiн қоршау (3 дана); - ұңғыдағы жабын (2 дана); - шурфтағы жабын (1 дана); - қосқыш (1 дана); - қалдықтарды жабу (2 дана); - жабын (1 дана); - "Бiресек" блогының көлiктiк еңiсi (1 дана). 4) Мына аталған бұзылу және опырылу жағдай- ындағы жер бетi қозғалуы мүмкiн шекте тұрғын үйлер мен жұмыс iстеп тұрған өндiрiс және инженер- лiк жүйе үшiн өтема- қыларды төлеу; - 69 тұрғын үй; су тазарту станция- ларды: - іргетасы - 4 дана; - бағандары - 4 дана; - қабырғалары - 240 шаршы метр; 5) Жобалы-iздестiру жұмыстар; 6) Жер бетiн және жерасты суларын өндiрiстiк байқау мониторингi; 7) Ойылыстарды құю және су жинайтын 4 жиектi үңгуге дайындау: 200 метр; 8) "Кентауликвидрудник" РМК пайдалану шығыстары, оның iшiнде: - еңбек ақы - 155 адам; - іссапарлық шығыстар - 630 адам/күнде; - материалдарды сатып алу - 3910 дана; - көтергiш тораптарын тексеру және iске қосу; - электроқуат шығыс- тары - барлығы 2002 жылғы шығыстарды есепке алғанда 48369565 квт/сағат. |
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тұрғын
сектор, өндiрiс және инженерлiк жүйе қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; Хантағы
артқы қоймасын уақытша тоқтатуды аяқтау; сыртқы электр жабдықтауды аяқтау;
"Қаласүтзауыты" кiшi станциясының жүктемесiн ауыстыру; тау-кен көмбелерiн
жою; бұзылу және опырылу жағдайында тұрғын үй үшiн өтемақы төлеу;
ойылыстарды құю және су жинайтын 4-жиектi үңгуге дайындау, Мырғалымсай кен
орны кендерiн көму кезiнде атқарылатын жұмыстардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 546-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 052 "Инвестицияларды тарту жөнiнде
жарнамалық-ақпараттық жұмыстар жүргiзу"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20 000 мың теңге (жиырма миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Көрсетiлген бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасының экономикасының басымды экономика салаларына тiкелей шетел және отандық инвестицияларды одан әрi тарту үшiн шарт жасау.
5. Бюджет бағдарламасының мiндетi: әлемдiк инвестициялық қауымдастыққа Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкiндiктерiн таныстыру, басымды қызмет түрлерi тiзiмiн анықтау; Инвестициялар жөніндегі комитетпен жасалған келісімдер бойынша инвесторлардың өз мiндеттемелерiн орындауын бақылау және мониторинг жүйесiн жетiлдiру; Шетел инвесторлары кеңесi қызметiн қамтамасыз ету.
6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды іске асыру жөніндегі (кіші бағдарламалар- ды) іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
052 Инвестиция- 1) жарнамалық-ақпа- Жыл Қазақстан ларды тарту раттық өнiмдер дай- iшiнде Республикасы- жөнiнде жар- ындау: ның Индустрия намалық-ақ- - "Investor,s Guide" және сауда параттық басылымы - 710 дана; министрлігі жұмыстар - заңнамалық және жүргiзу нормативтiк актiлер жинағы - 710 дана; - "Қазақстан аймақ- тары цифрда" - 710 дана; - "Қазақстан аумақ- тарының инвестиция- лық мүмкiндiктерi" брошюрасы ағылшын тілінде - 710 дана; - "Инвестор атласы" - 710 дана - 743725 теңге CD "Invest in Kazakhstan" буклетi ағылшын тілінде - 710 дана; - инвестициялық жоба- лар деректер қоры бар дискета - 710 дана; - "Папка-кейс" - 710 дана; - бейне өнiмдер жасау 100 дана. 2) Веб-сайтты техни. калық қамтамасыз ету. 3) БАҚ-қа ақпараттар орналастыру. 4) 17 конференцияларды, семинарларды және саммиттердi өткізу; 5) Басым қызмет түрле. рiн анықтау мақсатымен мемлекеттік қолдау көрсету үшiн iшкi және сыртқы нарықты зерттеу (Басым қызмет тiзiмiн анықтаудың әдiстемесiн өндiру, Басым қызмет тiзiмi жобасын әзiрлеу). 6) мемлекеттік қолдау. дың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау үшiн инвестициялық жобаларды бақылау және мониторинг жөнiнде мәлiметтер жинағын жасауға бағдарлама әзiрлеу. 7) Қазақстан Республи. касы Президентi жанын. дағы Шетел инвестор. лары кеңесi қызметiн қамтамасыз ету (үй- жай жалдау, аударма. шылар қызметтерi, байланыс, көлiк, вэб- сайтты ұстау қызмет. терi және басқалар). |
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) Сандық белгiлер:
инвестициялық өнiмдi, соның iшiнде басылым, электронды, аудио/бейне
- 710 дана;
экономиканың басым секторлары тiзiмiн анықтаудың әдiстемесiн, Басым
қызмет тiзiмi жобасын әзiрлеу;
инвестициялық мiндеттемелердiң оперативтi және үнемi мониторингi мен
бақылауды ұйымдастыру үшiн инвестициялық қызмет саласында жасалған
келісім-шарттар жөнiнде электронды автоматтандырылған мәлiметтер жинағын
жасау;
бiрлескен жұмыс топтарының 24 мәжілісiн өткізу, Шетел инвесторлары
кеңесiнiң 2 аралық және 2 пленарлық мәжілісiн өткізу.
2) Сапалық белгiлер:
жарнама-ақпараттық сипаттағы өнiмдi жинау, талдау және тарату
толықтығы;
жарнама-ақпараттық сипаттағы өнiмнiң өтпелiлiгi;
шығарылатын басылымдардың Қазақстан аумағында әрекет ететiн
методикалық, нормативтi және заңды актiлерге сәйкес келуi;
басым қызмет тiзiмiн анықтауды жүйелi ыңғайлау және экономикалық
қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi негiзiнде (ЭҚТЖ) 4-белгiлiк код
деңгейiнде бiрыңғайлау;
инвестициялық жобаларды өткізуден бюджеттік тиiмдiлiктi анықтау.
3) Тиiмдiлiк белгiлерi:
ақпараттық-анықтамалық материалдарды тарату нәтижелерi жөніндегі
потенциалды инвесторлардың үндеуi;
басым қызмет тiзiмi жобасының экономика секторларын дамыту жөніндегі
мемлекеттік инвестициялық саясатқа сәйкестiгi;
уақыттың кез келген сәтiнде жеке кәсiпорын жөніндегі инвестициялық
мiндеттемелердiң орындалуы сияқты экономика, аймақ және т.б. секторлар
қазандығында инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуын анықтау;
инвестициялық қызметтi реттейтiн қазақстандық заңнаманы жетiлдiру.
4) Нәтижелiк белгiлерi:
мемлекет экономикасының дамуына шетел және отандық инвестицияларды
тарту динамикасы, Қазақстанның әлемдiк экономикалық процестерге қосылуы,
мемлекеттiң қолайлы имиджiн жасау, қазақстандық заңнаманы шетелдiк
стандарттарға әкелу;
өндiрiстiң жаңа түрлерi мен басқарудың заманға сай әдiстерiн игеру;
экономиканың басым секторларында инвестицияларды тиiмдi қолдану.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 547-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 547-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 053 "Сертификаттау жөніндегі
органдарды, сынау және өлшеу зертханаларын тiркеу"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2000 мың теңге (екi миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 6-бабы; "Өлшемдердiң бірлігiн қамтамасыз ету" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 19, 20-баптары; "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi туралы Ереже" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: сертификаттау, сертификаттық сынақтар жөніндегі жұмыстар жүргiзу құқығын сертификаттаудың мемлекеттік жүйелерiнде тiркеу және Қазақстан Республикасының өлшемдер бірлігiн қамтамасыз ету, өлшеулердi орындаудың әдiстемелерiн әзiрлеу және аттестациялау, үлгiнi және бекітілген үлгiге сәйкестiктi бекіту мақсатында өлшеу құралдарын тексеру және сынау.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: аттестациялық тексеруге шығу және оны өткізу үшiн iссапар шығыстарын төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
аттестацияларды тiркеуге беру құзыретi мен тәуелсiздiгiн бағалау үшiн 20
кәсiпорындарда аттестациялық зерттеу жүргiзу: сертификациялық сынақтарды
өткізу құқығына - сынақ зертханалары, сертификация өнiмдерi (жұмыстар,
қызмет көрсетулер) жөніндегі жұмыстарды өткізу құқығына - сертификаттау
жөніндегі органдар; тексеру, өндiру және өлшем құралдарын жөндеу жөніндегі
жұмыстарды өткізу құқығына - заңды және жеке тұлғалар.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 548-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 057 "Шет елдердегi сауда
өкiлдiктерiнiң қызметiн қамтамасыз ету"
республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 17 123 мың теңге (он жетi миллион жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлеттіктерi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 2 сәуірдегі № 1161 Жарлығы; Мәскеу қаласында 1992 жылы 21 қарашада жасалған сауда өкiлдiгiнiң өзара мекемесi туралы Қазақстан Республикасы Yкіметі мен Ресей Федерациясы Yкіметі арасындағы келісім; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкiлдiгiнiң мекемесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: сыртқы сауда қызметтерi және оларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мүдделерiн ұсыну, қазақстандық экспорттың ресей рыноктарындағы бәсеке қабiлеттiгiн көтеру.
5. Бюджет бағдарламасының мiндеттерi: сыртқы экономикалық қызметтердiң жаңа нысандарын дамыту және тиiмдiлiгiн көтеру, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымының құрылымдарын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламалар- ды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мер- зімі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 057 Шет елдердегi Қазақстан Республика- жыл Қазақстан сауда өкіл- сының Ресей Федера- ішінде Республикасы- дiктерiнiң циясындағы сауда ның Индустрия қызметiн өкiлдiгiнде саны 3 және сауда қамтамасыз адам ұстау министрлігі ету |
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының сыртқы саудадағы көрсеткiштерiн арттыру және Ресей
Федерациясымен сауда-экономикалық байланыстарды жақсарту.
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 548-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 бұйрығына
548-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
_________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 058 "Грозный қаласындағы тұрғын үй құрылысына
Ресей федерациясының Yкіметіне ізгiлiк
көмек" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 225 000 мың теңге (екi жүз жиырма бес миллион теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Ресей Федерациясына iзгiлiк көмек көрсетудiң кейбір ұйымдық мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 64-р қаулысы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: Грозный қаласында 48 пәтерлiк тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету.
5. Бюджет бағдарламасының мiндетi: Грозный қаласында 48 пәтерлiк тұрғын үй салуға Ресей Федерациясына iзгiлiк көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- малардың (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 058 Грозный Ресей федерациясының Жыл Қазақстан қаласын- Yкіметіне Грозный iшiнде Республика- дағы қаласында тұрғын үй сының тұрғын үй салуға ізгiлiк көмек Индустрия Ресей Фе- аудару- және сауда дерация- министрлігі сының Yкіметіне ізгiлiк көмек" |
7- Бюджет бағдарламасын орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес Грозный қаласында 48 пәтерлiк тұрғын
үй салу үшiн Ресей Федерациясының Yкіметіне iзгiлiк көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 549-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 549-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
________________________________
Бюджет бағдарламасының әкiмшiсi
2003 жылға арналған 079 "Лицензиарлардың функцияларын
орындау" республикалық бюджет бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5649 мың теңге (бес миллион алты жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджет бағдарламасының нормативтiк құқықтық негiзi: "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының 1-9-баптары, "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9-1 Заңының, 5-1, 5-2-баптары, "Бірлік өлшемдерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18-бабы, "Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құру және құрылыс қызметтерi туралы" 2001 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабы, "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы, "Қазақстан Республикасында тауарлардың, (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы, "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi рәсiмдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1919 қаулысы, "Қайталама қара және түстi металлдардың рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысы, "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 қаулысы, "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысы.
3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджет бағдарламасының мақсаты: отандық нарықты, азаматтардың мүдделерi мен денсаулығын техникалық құжат және қазiргi заманға өндiрiс талаптарына сәйкес келмейтiн өлшемнiң сапасыз құралдарын айналымға шығару мен пайдалануға байланысты өлшем нәтижелерiнiң анық емес терiс салдарынан, сонымен бiрге құрылыстың барлық кезеңдегi - жобаны әзiрлеуден объектiнi пайдалануға тапсырғанға дейiнгi кәсiпсiздiктен қорғау; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен лицензияланатын тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерге мемлекеттік бақылау.