- бұлықтары күрең түсті сыртқа жіберілетін шалбар;
- кеудесінде сыртынан жабылатын жапсырма қалтасы, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар молниялы күртке;
- қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз бәтеңке (21, 27, 28-суреттер);
Жазғы жеңіл киім түрі (тек қана аға және орта басшы құрамындағыларға):
- фуражка, галстуксіз қысқа жеңі бар жейде, балағы сыртқа жіберілетін шалбар, қара түсті қонышсыз бәтеңке (24-сурет).
Күнделікті киетін қысқы киім топтамасы
- кокардасы бар цигейкіден (қаракөлден) тігілген сұр түсті құлақшын-бөрік;
- қара-қорғаныш түсті драптан тігілген және цигейкіден (қаракөлден) жағасы, төрт түймемен түймеленетін; жылы астарлы пальто; екі жағында ойып тігілген қалта;
- қорғаныш түсті мойыншалғы (23-сурет);
- қара-көк түсті тері жағалы қара-қоңыр қорғаныш түсті қысқы бушлат (23.1-сурет)
в) далалық киім нысандары:
- бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық фуражка;
- бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық күртке және тік пішімді шалбар;
- қара түсті бәтеңке;
- қоңыр түсті белбеу (33-сурет).
Қысқы топтама:
- цигейкіден (қаракөлден) тігілген құлақшын-бөрік;
- цигейкіден (қаракөлден) тігілген жағасы бар бүркеме түсті далалық күртке мен бүркеме түсті жылы шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке;
- қоңыр түсті белбеу (34-сурет).
Мыналарды:
Ауа райының суығында жазғы киім нысандары кезінде:
- қорғаныш түсті плащты;
- қорғаныш түсті мойыншалғыны;
- қорғаныш түсті жейдені;
- қара түсті бәтеңкені (26-суреттер).
Көктемде жәнe күзде:
- қорғаныш түсті плащты;
- қорғаныш түсті мойыншалғыны;
- қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейдені;
- қара түсті қонышсыз бәтеңкені (26-сурет);
- қысқы киім нысандары кезінде қаракөлден (цигейкіден) тігілген бөрік (құлақшын) орнына фуражканы (22, 23-суреттер);
- күнделікті киім нысаны кезінде өңірі ашық китель орнына жүн матадан тігілген күрткені (27-сурет);
- күнделікті киім нысандары кезінде өңірі ашық китель орнына жүн матадан тігілген жемпірді және фуражка орнына жүн матадан тігілген пилотканы (28-сурет);
- күнделікті жазғы киім нысаны және Цельсия бойынша +20 градус жоғары температура кезінде галстуксыз қысқа жеңді жейде мен жүн матадан тігілген пилотканы (24-сурет);
- жазғы парадтық салтанатты киім нысандары кезінде және жазғы күнделікті киім нысаны кезінде қорғаныш түсті мойыншалғымен, сондай-ақ жазғы киім нысанына көшкенге дейін көктемгі уақытта ауа райының жылы кезінде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейін күзгі уақытта ақ түсті мойыншалғымен плащты (26-сурет);
- жазғы далалық нысандық киім жинағындағы бүркеме түсті ұзын жеңді күрткенің орнына қысқа жеңді бүркеме түсті күрткені (33-сурет);
- жазғы далалық нысандық киім жинағындағы бүркеме түсті шалбарға бүркеме түсті күрткені салып қоюға (33-сурет);
- қысқы уақытта әскери кезекшілікте ашық-қоңыр немесе қорғаныш түсті жүн каска-телпек және бүркеме түсті шалбар мен бүркеме түсті күрткенің орнына қорғаныш түсті ойығы жоқ жүн жемпірді киюге рұқсат етіледі (52-сурет).
Мынадай:
- парадтық мундирде - алтын түстес;
- қорғаныш түсті жейдеге, пальтоға, плащқа, кителге, күрткеге, жемпірге - қара қоңыр қорғаныш түсті;
- ақ түсті жейдеге - ақ түсті;
- далалық нысан киімге - бүркеме түсті иық белгілері тағылады.
3 тарау
Офицер әйелдердiң және кiшi басшы құрамдағы әйелдердiң киім нысандары
а) Парадтық киім нысандары:
- көк барқын түстес пилотка, кіші басшы құрамның пилоткасы қорғаныш түстес; Кокардасы алтын түстес;
- төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілме өнерлі көк барқын түсті парадтық-салтанатты китель;
- көк барқын түсті юбка (шалбар);
- кіші басшы құрамға қорғаныш түсті китель мен юбка (шалбар);
- иық белгілері алтын түстес;
- қара галстугі бар ақ жейде;
- қара түсті туфли;
- ақ түсті қолғап;
- ашық-қоңыр түсті шұлық (35-сурет);
б) офицер-әйелдер үшін парадтық-салтанатты киім нысандары:
Парадтық-киімдерінің қысқы топтамасы:
- күнқағары бар (цигейкіден) қаракөлден тігілген сұр түсті құлақшын;
- қара-қорғаныш түсті драптан тігілген және алмалы-салмалы (цигейкіден) қаракөлден жағасы, жылы астарлы пальто; екі жағында ойып тігілген қалта;
- офицерлердің парадтық-салтанатты кителі ашық және көк барқын түсті юбка, жағасында нышандық белгісі алтын түстес;
- кіші басшы құрамының кителі мен юбкасы (шалбары) қорғаныш түсті;
- иық белгілері алтын түстес;
- қара галстугі бар ақ жейде;
- қара түсті жылы етік (туфли);
- ақ түсті жылы қолғап;
- ашық-қоңыр түсті шұлық;
- ақ түсті мойыншалғы (38-сурет).
в) күнделікті киетін киім нысандары:
- қорғаныш түсті пилотка. Кокардасы алтын түстес;
- төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілме өңірлі қорғаныш түсті китель;
- қорғаныш түсті юбка (шалбар);
- қара қоңыр қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейде;
- қара түсті туфли;
- ашық-қоңыр түсті шұлық (37-сурет);
жазғы жеңіл киім түрі:
- қорғаныш түсті пилотка, ұзын (қысқа) жеңді қорғаныш түсті жейде, қара қоңыр қорғаныш түсті галстук, қорғаныш түсті юбка;
- қара түсті туфли;
- ашық-қоңыр түсті шұлық (43-сурет);
Күнделікті киетін киімдердің қысқы топтамасы:
- күнқағары бар қаракөлден (цигейкіден) тігілген қара-қорғаныш түсті құлақшын;
- астары жылы қара-қорғаныш түсті драптан тігілген пальто және алмалы-салмалы қаракөлден (цигейкіден) тігілген сұр түсті жаға; екі жағында - ойып тігілген қалта;
- ашық китель және қорғаныш түстес юбка (шалбар), жағасындағы нышандық белгісі алтын түстес;
- қорғаныш түсті мойыншалғы;
- қара қоңыр қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш түсті жейде;
- қара түсті жылы қолғап;
- қара түсті жылы етік (туфли);
- ашық-қоңыр түсті шұлық (39-сурет);
г) далалық киім нысандары:
- бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық фуражка;
- далалық күртке және тік пішімді бүркеме түсті мақта-матадан тігілген шалбар;
- қара түсті бәтеңке;
- қоңыр түсті белдік (44-сурет);
қысқы жинақ:
- цигейкіден тігілген cұp түсті құлақшын-бөрік;
- жағасы цигейкіден тігілген сұр түсті жағасы бар бүркеме түсті далалық күртке және жылы бүркеме шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке;
- қара түсті жылы қолғап;
- қоңыр түсті белдік (45-сурет);
Мыналарды:
Суық ауа-райының жазғы кезіндегі нысандық киімдерді:
- қорғаныш түсті плащты;
- ашық китель және қорғаныш түсті юбканы (шалбарды);
- қорғаныш түсті мойыншалғыны;
- қара қоңыр қорғаныш түсті галстугі бар қорғаныш жейдені;
- қара түсті туфлиді (етікті);
- ашық-қоңыр түсті шұлықты (40-сурет);
- күнделікті киім нысандары кезінде ашық кительдің орнына жүн көйлекті (41-сурет);
- күнделікті киім нысаны кезінде ашық китель орнына жүн күрткені (41-сурет);
- ашық китель орнына жүн жемпірді (41-сурет);
- жазғы күнделікті киім нысандары және Цельсия бойынша +20 градус жоғары температура кезінде галстуксыз қысқа жеңді жейдені және пилотканы (43-сурет);
- жазғы парадтық салтанатты киім нысандары кезінде және жазғы күнделікті киім нысаны кезінде қорғаныш түсті мойыншалғымен, сондай-ақ жазғы киім нысанына көшкенге дейін көктемгі уақытта ауа райының жылы кезінде және қысқы киім нысанына көшкеннен кейін күзгі уақытта ақ түсті мойыншалғымен плащты (40-сурет);
- далалық киім нысандарының жазғы топтамасындағы ұзын жеңі бар бүркеме күртке орнына қысқа жеңі бар бүркеме күрткені (44-сурет);
- далалық киім нысандарының жазғы топтамасындағы бүркеме түсті шалбарға бүркеме түсті күрткені салып киюге рұқсат етіледі (45-сурет).
Мынадай:
- парадтық мундирге - алтын түстес;
- қорғаныш түсті жейдеге, пальтоға, плащқа, кительге, күрткеге, жемпірге - қара-қорғаныш түсті;
- ақ түсті жейдеге - ақ түсті;
- далалық киімге - бүркеме түсті иық белгілері тағылады.
4-тарау Арнайы киім нысаны
Арнайы киім нысанының сипаттамасын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы осы қаулымен бекітілген нормалардың шегінде анықтайды және белгілейді.
4-1 тарау
Оқу орындары курсанттарының киім нысаны
а) Парадтық, парадтық-салтанатты киім нысаны
Парадтық-салтанатты киім-кешектің жазғы топтамасы:
- басқа киілетін жері қара қоңыр қорғаныш түсті, қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка, кокарда, қайысы лактанған қара түсті;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- ақ түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке;
- қара түсті галстук;
- ақ түсті парадтық белдік;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілері;
(56-1-сурет)
Парадтық-салтанатты киім-кешектің қысқы топтамасы:
- алтын түстес кокардасы бар қара көк түсті құлақшын-бөрік;
- қара қоңыр қорғаныш түсті драптан тігілген, цигейкадан тігілген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- ақ түсті жейде;
- қара түсті галстук;
- ақ түсті мойыншалғы;
- парадтық ақ түсті белдік;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілері;
(56-2-сурет)
б) Күнделікті киім нысаны
Күнделікті киетін киім-кешектің жазғы топтамасы:
- басқа киілетін жері қара қоңыр қорғаныш түсті, қара қоңыр қорғаныш түсті фуражка, кокарда, қайысы лактанған кара түсті;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар қара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- қорғаныш түсті жейде;
- қара түсті қонышсыз былғары бәтеңке;
- қорғаныш түсті галстук;
- «К» әрпі бар алтын түстес иық белгілер;
(56-3, 56-4-суреттер).
Күнделікті киетін киім-кешектің кысқы топтамасы:
- алтын түстес кокардасы бар қара көк түсті құлақшын-бөрік;
- қара қоңыр қорғаныш түсті драптан тігілген, цигейкадан тігілген алмалы-салмалы жағасы бар, төрт түймемен түймеленетін, екі жағында ойып тігілген қалтасы бар жылы астарлы пальто;
- төрт түймемен түймеленетін, кеудесінде жапсырма қалтасы, екі жағында - ойып тігілген сыртынан жабылатын қалтасы, жағасында - алтын түстес нышандық белгісі бар ашық ілмелі өңірлі жеңдік белгілері бар кара қоңыр қорғаныш түсті китель;
- жолақтары күрең түстес, қара қоңыр қорғаныш түсті балағы сыртқа жіберілетін шалбар;
- қорғаныш түсті ұзын жеңді жейде;
- қорғаныш түсті галстук;
- қара түсті жылы қолғап;
- қара қоңыр қорғаныш түсті мойыншалғы;
- «К» әрпі бар қорғаныш түстес иық белгілер (56-5-сурет)
в) Далалық киім-кешек нысаны
Далалық киім-кешектің жазғы топтамасы:
- қорғаныш түсті кокардасы бар бүркеме түсті мақта-матадан тігілген далалық фуражка;
- далалық күрте және бүркеме түсті мақта-матадан тігілген тік пішімді шалбар;
- қара түсті қонышы биік бәтеңке;
- далалық құралдар (белдік және баулар);
- сержанттық далалық сөмке;
- бүркеме түсті «К» әрпі бар алмалы-салмалы далалық иық белгілер;
(56-6-сурет).
Далалық киімдердің қысқы топтамасы:
- қара көк түсті цигейкадан тігілген құлақшын-бөрік;
- бүркеме түсті жеңдік белгілерімен теріден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар далалық жылы астарлы күрте және бүркеме түсті тік пішімді жылы шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке;
- қара түсті жылы қолғап;
- қара қоңыр қорғаныш түсті мойыншалғы;
- қоңыр түсті белбеу;
- бүркеме түсті «К» әрпі бар алмалы-салмалы далалық иық белгілер;
(56-7-сурет).
г) Жұмысқа киетін киім-кешек нысаны Жазғы жұмысқа киетін киім-кешек нысаны:
- қара қоңыр қорғаныш түсті мақта-матадан тігілген костюм (кепкесі бар күрте және балағы сыртқа жіберілетін шалбар);
- футболка;
- қара түсті қонышы биік бәтеңке (56-12-сурет).
Қысқы жұмысқа киетін киім нысандары:
- қара-кек түсті жасанды теріден тігілген алмалы-салмалы жағасы бар қара қоңыр қорғаныш түсті мақта-матадан тігілген жылы күрте;
- мақта-матадан тігілген қара қоңыр қорғаныш түсті жылы шалбар;
- қара түсті қонышы биік жылы бәтеңке (56-9-сурет).
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен V тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)
5 тарау
Айырым белгілерінің сипаттамасы
Айырым белгілері иық белгілерден, кокардалардан нышандық белгілерден (эмблемалардан), жеңдегі белгілерден, бас киімдердегі тігістерден тұрады және атағына әрі Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына тиістілігін айқындау үшін пайдаланылады.
Иық белгілері парадтық, парадтық-салтанатты, күнделікті және далалық болып белгіленді.
Иық белгілерінің негізінде берілген атаққа және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары тиістілігіне сәйкес бес бұрышты жұлдыз және жұлдызшалар бейнелері орналасады, бүркіт, әріптер бейнеленеді.
Иық белгілердің өлшемі: жапсырма иық белгілердің ұзындығы - 13 сантиметр, ені - 5 сантиметр; алмалы-салмалы иық белгілердің - ұзындығы 10 сантиметр, төменгі шеті бойынша ені 5,8 сантиметр, жоғары ені бойынша 5,5 сантиметр.
Жапсырма тігілген және алынып-салынатын иық белгілерінің негізі - ұлттық өрнекпен кестеленген тоқыма матадан жасалады.
Иық белгілерінің сипаттамасы
1. Жоғары басшы құрамының иық белгілері (генералдардың).
а) Парадтық және парадтық-салтанатты иық белгілер
Генералдың иық белгілерінде диаметрі 22 мм жұлдызшалар алтындатылған 5 пайызы зер жіппен кестеленген, бүркіт пен бұлықтары бар. Иық белгілерінің негізі: парадтық алтын түстес, парадтық-салтанатты сұр түстес. Иық белгілерінің сыртқы периметрі бойынша күрең түсті бұлықтары өтеді. Жұлдызшалар күрең түсті жібекпен көмкерілген. Парадтық-салтанатты мундирдің иық белгілері қандай болса, сұр түсті пальтоның иық белгілері де осындай болып келеді.
Ақ жейденің иық белгілерінің негізі ақ түсті өрнегі алтын түстес (57-сурет);
б) Күнделікті иық белгілер
Иық белгілерінің бұлықтары алтындаған зер жіппен кестеленген. Иық белгілерінің негізі-қорғаныш түсті тоқыма матадан тігілген, қара-қорғаныш түсті алтынмен көмкеріліп, ұлттық оюмен өрнектелген (57-сурет).
Алтын түстес өрнегі бар қызғылтым жейденің иық белгілерінің негізі қорғаныш түсті (57-сурет).
Қорғаныш түсті жемпірдің негізі қара-қорғаныш түсті алтынмен көмкеріліп, ұлттық оюмен өрнектелген (57-сурет).
в) Далалық иық белгілер
Иық, белгілерінің негізі бүркеме түсті тоқыма матадан тігілген. Иық белгілерінде бүркіт пен жұлдызшалар бейнеленген. (58-сурет).
2. Аға және орта басшы құрамның (офицерлердің) иық белгілерi
а) Парадтық иық белгілер
Алтын түстес матадан тігілген, ұлттық өрнегімен, бұлықтарымен бейнеленген және жолақтары (көлденең жолақтары) күрең түсті. Аға басшы құрамның иық белгілерінде диаметрі 20 мм жұлдызшалар орналасқан және екі көлденең жолақтар, орта басшы құрамның иық белгілерінде диаметрі 15 мм жұлдызшалар және бір көлденең жолақ. Жұлдызшалар саны әскери атағына сәйкес келеді. Көлденең жолақтардың ені - 5 мм, ұзыны - 27 мм. Иық белгілерінің жоғарғы жағында диаметрі - 14 мм алтын түстес нысанды түйме орналасады, түймеден төменірек мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының нышандық белгісі (эмблемасы) орналасады (кительден басқа) (59-сурет).
Ақ жейдедегі - иық белгілерінің үсті ақ түсті тоқыма матадан. Бұлықтары, көлденең жолақтары, ұлттық өрнектері, жұлдызшалары, түймелері және нышандық белгілері салтанаттық киімдердің иық белгілеріндей (59-сурет).
б) Күнделікті киетін иық белгілер
Иық белгілерінің үсті қорғаныш түсті тоқыма матадан тігілген. Алтын түстес сызығы бар қара-қорғаныш түсті өрнек. Бұлықтары мен көлденең жолақтары күрең түстес. Жұлдызшалары, түймелері, нышандары парадтағы иық белгілеріндей (60-сурет).
Қорғаныш түсті жемпірдің негізі қара-қорғаныш түсті алтынмен көмкеріліп, ұлттық оюмен өрнектелген. Бұлықтары мен жолақтары күрең түсті (61-сурет).
в) Далалық иық белгілер
Бүркеме түстес, муфта пішінді, иық белгілері тоқыма, өрнексіз және бұлықтарысыз жасалады. Иық белгілерінің негізінде қара түсті жұлдызшалар мен көлденең жолақтар бейнеленеді (62-сурет).
3. Кіші басшы құрамның иық белгілері
а) Парадтық иық белгілер
Иық белгілерінің негізі алтын түстес тоқыма матадан тігілген және бұлықтары аға және орта басшы құрамның иық белгілеріндей. Ұлттық өрнегі алтын түстес.
Иық белгілерінде диаметрі 14 мм алтын түстес нысанды түйме және диаметрі 15 мм алтын түстес жұлдызшалар немесе алтын түстес үшбұрыштар бейнелері орналасады. Үшбұрыштар атағына сәйкес келеді. (63-64-суреттер). Жейденің иық белгілері, офицерлік иық белгілеріндей (63-64-суреттер).
б) Күнделікті киетін иық белгілер
Иық белгілерінің негізі қорғаныш түсті тоқыма матадан тігілген. Алтын түстес сызығы бар өрнек қара-қорғаныш түсті. Бұлықтары күрең түсті. Жұлдызшалары, түймелері, нышандары парадтағы иық белгілеріндей (63-64-суреттер).
Қорғаныш түсті жемпірдің негізі қара-қорғаныш түсті алтынмен көмкеріліп, ұлттық оюмен өрнектелген. Бұлықтары күрең түсті және алтын түстес үшбұрыштар (65-сурет).
в) Далалық иық белгілер
Бүркеме түстес, муфта пішінді, иық белгілері тоқыма, өрнексіз және бұлықтарысыз жасалады. Иық белгілерінің үстінде қара түсті жұлдызшалар немесе үшбұрыштар бейнеленеді (62-сурет).
4. Оқу орындары курсанттарының иық белгілері
а) Парадтық иық белгілер
Сары түсті иық белгілерінің негізі алтын түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар сары түсті иық белгілер, ұлттық өрнегі алтын түстес, иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
- старшиналарда - бір жалпақ жапсырма және үстінен бір жіңішке жапсырма;
- аға сержанттарда - бір жалпақ жапсырма;
- сержанттарда - үш жіңішке жапсырма;
- кіші сержанттарда - екі жіңішке жапсырма.
(74-сурет)
Қатардағы курсанттардың иық белгілерінде атағы бойынша айыру белгілері көрсетілмейді.
б) Ақ түсті жейдеге иық белгілер
Ақ түсті иық белгілерінің негізі ақ түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар ақ түсті иық белгілер, ұлттық өрнегі алтын түстес, иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады, атағына сәйкес жапсырмалар:
- старшиналарда - бір енді жапсырма және үстінен бір енсіз жапсырма;
- аға сержанттарда - бір енді жапсырма;
- сержанттарда - үш енсіз жапсырма;
- кіші сержанттарда - екі енсіз жапсырма (75-сурет).
в) Күнделікті киетін иық белгілер
Иық белгілерінің негізі қара қоңыр қорғаныш түсті тоқыма матадан тігілген, «К» әрпімен күрең түсті жолақтары бар иық белгілер, атағына сәйкес жапсырмалар парадтық иық белгілеріндей. Алтын түстес сызығы бар ұлттық өрнегі қара қоңыр қорғаныш түсті. Иық белгілерінде алтын түстес диаметрі 14 мм нысандық түйме орналасады. Жапсырмаларды орналастыру парадтық иық белгілеріндегі сияқты (7-сурет).
г) Далалық иық белгілер
Иық белгілері тоқыма матадан, муфта сияқты, бүркеме түсті «К» әрпі бар, жапсырмалар атағына сәйкес (76-сурет).
Жеңдік белгілердің, бейдждердің және кеудедегі жапсырмалардың сипаттамасы
a) жеңдік белгілер
Жоғары, аға, орта және кіші басшы құрамның, жеңдік белгілері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қатыстылығын анықтау үшін пайдаланады.
Жеңдік белгілер геометриялық кескіндері, көрсетілген бейнелерді, мәтін жобалары мен түрлерді қиыстыруды өзара ажырататын стандартты тоқыма матадан тігілген оқалы белгілерді көрсетеді.
Жеңдік белгілер мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімдерінің бір бөлігі болып табылады және қыстық, жаздық, далалық, күнделікті киетін, салтанаттық, салтанатты-парадтық киім нысандарының сол және оң жеңдерінің сыртқы жағында белгіленген орындарда орналасады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жеңдік белгілері қалқан түріндегі тоқыма матадан тігілген оқалы белгілерді көрсетеді және орталық бөлігінде көгілдір түстес жер шарының стильді бейнесі бар.
Жер шарының ортасында табиғат құбылысы, оның ортасында қызғылт сары істес дөңгелек, оның ішінде қара-көгілдір үшбұрыш бейнеленген. Жоғары бөлігінде - «ҚАЗАҚСТАН» жазуы бар, төменгі бөлігінде алтын түстес қалықтаған бүркіт бейнеленген, оның астында «ТЖА» жазуы бар. Парадтық нысанға арналған «ТЖА» жазуы жеңдік белгілерінің үсті барқын көгілдір түстес, күнделік киетін нысандағы киімдерге арналғаны қара-қорғаныш түстес (67-сурет).
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жеңдік белгілері сол қолының сыртқы жағында болады.
Жоғары, аға және орта басшы құрамның мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қатысы бар жеңдік белгілері қалқан түріндегі тоқыма матадан тігілген оқалы белгіні көрсетеді және орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңба бейнесі бар. Елтаңбадан жоғары бөлікте - «ҚАЗАҚСТАН» жазуы, жеңдік белгінің төменгі бөлігінде «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жазулары бар. Салтанаттық нысандағы киімге арналған - «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдік белгісінің үсті көгілдір барқын түстес, күнделікті киетін нысаны қара-қорғаныш түсті (67-сурет).
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жеңдік белгілері оң қолының сыртқы жағында болады.
Кіші басшы құрамның және курсанттардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жеңдік белгілері қалқан түріндегі тоқыма матадан тігілген оқалы белгіні көрсетеді және орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының үстінде күн бейнесі мен қалқыған бүркіт, жеңдік белгінің төменгі бөлігінде «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» бейнеленеді. Салтанаттық және күнделікті киетін нысанды киімге арналған «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдік белгілерінің үсті қара-қорғаныш түсті (67-сурет).
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жеңдік белгілері оң қолының сыртқы жағында болады.
Ақ түсті жейденің ақ түсті негізіне «ТЖМ» және «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдік белгілері жасалады. Қызғылтым түсті жейдеге - жеңдік белгінің негізі қорғаныш түсті. Далалық нысанға - бүркеме түсті (79-сурет). Жейдеге жеңдік белгілерінің орналастыру тәсілі - алмалы-салмалы.
Генералдар үшін «ТЖМ» және «ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ» жеңдік белгілерінің бұлықтары сыртқы периметрі бойынша алтындатылған зер жіппен кестеленген (66-сурет).
Оқу орындары курсанттарының жеңдік белгілері қалқан түріндегі тоқыма матадан тігілген оқалы белгілерді көрсетеді және ортасында алтын түстес қалықтаған бүркіт бейнеленген, оның үстінде алтын түстес балталар мен өрт каскасы бар. Жоғары бөлігінде - «Қазақстан» жазуы, төменгі бөлігінде «КТИ» әріптері бар. Жеңдік белгі оң қолының сыртқы жағында болады. Парадтық және күнделікті киетін нысандағы киімге жеңдік белгісінің үсті қара қоңыр қорғаныш түсті. Далалық нысандағы киімге -бүркеме түсті (78-сурет).
Оқу курстары бойынша жеңдік белгілер қара қоңыр қорғаныш түсті шұғадан жасалған сыртынан жабылатын жерінде бұрышы төмен қарай орналасқан алтын түстес галуннан үшбұрыштар бейнелерін көрсетеді. Оқу курсына сәйкес жеңдік белгілерде үшбұрыштар орналасады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты - тиісінше 1, 2, 3, 4, 5, 6 курстардың курсанттары үшін. Галунның ені - 10 мм, ұзындығы - 75 мм. Үшбұрыштар арасындағы ара қашықтық 5 мм (79-сурет).