Арнайы білім беру ұйымдарының материалдық базасы осы заманғы талаптарға сай тәрбие беруге сәйкес болуы тиiс, арнайы жабдықты және балалардың негiзгi ақауын түзетуге арналған техниканы жаңартуды көздеу қажет.
5.1.3. Мектепке дейiнгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларына
қол жетiмдiктi қамтамасыз ету
Балаларды мектепке дейiнгi тәрбиемен қамтуды ұлғайту үшiн мектепке дейiнгi және жалпы білім беру бағдарламаларын бір мезгілде iске асыратын "Мектеп-бала бақша" оқу тәрбие кешендерiнiң желiсiн кеңейту керек. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарттарын және бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастықты қамтамасыз ететiн, соларға сәйкес базалық мектепке дейінгi жалпы білім беру бағдарламаларын әзiрлеу және енгізу қажет.
Жаңа ғылыми зерттеулердің негiзiнде мектепке дейiнгi ұйымдардың қызмет практикасына мектепке дейiнгi тәрбиенің мақсаттарына сәйкес келетiн, балада коммуникативтiк дағдыларды қалыптастыруды көздейтiн жаңа білім беру технологияларын әзiрлеу мен енгізудi қамтамасыз ету қажет. Мектепке дейiнгi және кiшi мектеп жасындағы балалармен жұмыс әрбір баланың денсаулығын, сезiмдiк саулығын сақтауға және даралығын дамытуға бағытталуы тиiс.
2000 жылғы сәуiрде Дакар қаласындағы (Сенегал) Білім беру жөніндегі дүниежүзілік форумда Қазақстан қол қойған "Білім баршаға" ғаламдық бағдарламасы жөніндегі Дакарлық iс-қимыл шеңберi мектепке дейiнгі тәрбие саласындағы саясаттың негiзi және мектепке дейiнгi тәрбиенің проблемаларын зерделеу iсіндегi әдiснамалық база болуға тиiстi. "Білім - баршаға" бағдарламасы барлық азаматтардың базалық білім алуына бірдей мүмкiндiктер беруге, мектеп жасына дейiнгi, әсiресе неғұрлым әлсiз балаларға қатысты, күту және тәрбиелеу жөніндегі кешендi шараларды басымдықпен кеңейтуге және жетілдiруге бағытталған.
5.1.4. Оқыту мен тәрбие сапасын арттыру
Республикадағы білім беру жүйесiн одан әрi реформалаудың басты басымдықтарының бірi білім беру қызметiн көрсетудің қол жетiмділігi мен сапасын қамтамасыз ететiн қазiргi ауыл мектебiнің моделін құру қажеттілігі болып табылады. Қалалық және ауылдық мектептердi бiтiрушiлердiң кәсiптiк бастауыш, орта және жоғары білім алудағы бастапқы мүмкiндiктерiн теңестiру проблемасы назар аударуды қажет етедi.
Ауылдағы білім берудің сапасын басқару дамыта оқытуды жүзеге асыруға және оқушылардың білім беру қызметтерiн таңдауына мүмкiндіктер берудi көздейтiн өмiрде қажеттi дағдыларды меңгеруiне, ауылдық жердің ерекшелігін ескере отырып, оқытудың инновациялық әдiстерi мен ұйымдастыру нысандарын енгізуге бағдарлануы тиiс.
Ауылдық және шағын жинақталған мектептерде әрбір оқушының оқу материалын мемлекеттік стандарт талаптары деңгейінде меңгеруiне кепiлдiк беретін және олардың дербес танымдық қызметi үшiн жағдай жасайтын оқытудың қазiргi заманғы технологияларын қолдану өзектi бола түсуде. Оқытудың денсаулық сақтайтын технологияларын қолдануға айрықша назар аудару керек. Мектептiң аз толықтырылуы, біріктiрілген сынып-кешендер және әртүрлi жастағы оқушылар ұжымының жағдайында деңгейлiк және бейiндiк саралау әрi оқытуды дараландыруды пайдаланудың қажеттiгi білім берудің мазмұнын жаңартудың қағидаттары мен тәсiлдерiн одан әрi ғылыми негiзделген зерттеуді, әсiресе оның вариативтік бөлiгiн, солардың негiзінде ауылдық және шағын жинақталған мектептерге арналған оқу жоспарларының нұсқаларын әзiрлеудi қажет етедi.
Оқытудың әрбір сатысының аяқталуы бойынша мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудiң сапасына үздіксiз мониторинг жүргiзу және мектеп оқушыларының жалпы білім беру даярлығына тестілеудi енгізу, білім беру қызметтерiн көрсету (әртүрлi деңгейдегі, тақырыптық және қорытынды тестілер, тағы басқалар) сапасын бағалаудың құралдарын жасау қажет.
Білім беру қызметiн көрсетудiң сапасын арттыру мүмкiндiктерi көп функционалдықпен және интегративтік-білім беру функциясымен сипатталатын оқу-тәрбие процесiн ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізумен байланысты. Мектептердiң, мысалы, "мектеп-бала бақша", "мектеп-кiтапхана-мәдени орталық", "мектеп-агробиозертхана", "мектеп-ауыл шаруашылық кешенi", "мектеп-өндiрiстік бірлестiк" және басқалар сияқты жаңа перспективалық үлгiлерiн дамытуды көздеу қажет, олардың базасында оқушыларға қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың мүмкiндiктерi бар. Осыған байланысты ауылдық мектептің жаңа үлгiлерiн сынау үшін, мектептің ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен ықпалдасуының негiзiнде нақты социумның әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына, аймақтың тарихи-мәдени дәстүрлерiне барабар республиканың әртүрлi аймақтарында эксперименттік алаңдар құру керек.
Оқыту мен тәрбиелеу бірлiгiнiң қағидаты білім берудің мазмұнын жетiлдiрумен бірге ауылдың білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының жүйесiн құрудың тиiстi әдiстемелік негiздерiн әзiрлеудi көздейдi.
Ауылдық жерде балалар мен жасөспiрiмдердің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру, балалар қозғалысын дамыту, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қылмыстар мен қадағалаусыздықты ескерту және алдын алу ауылда қосымша білім беру желiсін кеңейтудi талап етедi.
Ауыл педагогтарына көмек ретiнде тәрбие мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу озық педагогикалық тәжiрибенi қорыту және тарату, оны ауыл мектептерінің практикасына белсенді енгізу қажет.
Жалпы білiм беретiн мектептер мен мектептен тыс ұйымдарды тиiстi кадрлармен қамтамасыз ету, бұрын қысқартылған педагог ұйымдастырушылардың педагог-психологтардың, әдiскерлердің лауазымдарын қалпына келтiру қажет. Ауылда қосымша білім беру жүйесi құқықтық, санитарлық ағарту жөніндегі бiлім беру бағдарламаларына, дағдарысты жағдайда қалған оқушы жастарға психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге арналған жасөспiрімдер мен жастарға әлеуметтiк-психологиялық көмек көрсету орталықтарына қатты мұқтаж.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы нашақорлықтың жолын кесу және таралуын болдырмау және оның алдын алу жөнiнде шұғыл шаралар талап етіледі.
Азаматтық өзін-өзi тану, интернационализм, қазақстандық патриотизм сезімдерін тәрбиелеу мәселелерінде қоғамдық бірлестiктермен, ұлттық мәдени орталықтармен бірлесіп жұмыс iстеуді жандандыру қажет.
Оралмандардың және еріксiз көшіп келушілердің балаларымен әлеуметтiк оңалту жұмысын жүргiзу психологиялық-педагогикалық көмек технологияларын қолданудың негiзiнде жүйелi шешiмдер қабылдауға мұқтаж етіп отыр.
Салауатты өмiр салтын енгізу мақсатында балалар мен жасөспiрiмдерге рухани-адамгершiлiк тәрбие беру, дене шынықтыру-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі таңдаулы ауыл мектептерiнің тәжiрибесiн қорыту әрi тарату қажет.
Ауылдық жердегi арнайы білім беру ұйымдарының қызметiн жүзеге асыру оқытудың жаңа технологияларын енгізудi, даму мүмкіндіктерi шектеулi балаларды ертерек анықтау мониторингiнiң бірыңғай жүйесiн қалыптастыруды, балалардың жеке тұлға ретiнде дамуы мен толыққанды өмiр сүруi үшiн психологиялық, медициналық және түзету-педагогикалық көмек жағдайларын жасауды, оларды қазiргi қоғамда өз бетiнше өмiр cүруге даярлауды көздейдi.
5.1.5. Педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау
Ауылдың әлеуметтiк-мәдени саласының ысырылуы, педагогикалық еңбектiң беделінің төмендеуi, еңбекақының төмен деңгейi жағдайында ауылдық мектеп пен ауыл мұғалiмiнiң әлеуметтiк және мәдени рөлiн арттыру мәселесi өте өзектi болып отыр.
Ауыл мұғалiмiн, әсiресе шағын жинақталған мектептiң мұғалiмiн дайындау көп деңгейлi оқу жоспарлары мен кәсiптiк білім беру бағдарламаларын әзiрлеудi көздейдi. Ықпалдастырылған мамандықтар бойынша шағын жинақталған мектептердiң мұғалімдерін даярлау үшiн педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қажет.
Ауылдық білім беру ұйымдарын бiтiрушілердің ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша республиканың кәсiптік орта және жоғары оқу орындарына түсуiне арналған 30%-дық квотасының ауыл жастарына арналған қазiргi әлеуметтiк жеңiлдiктерiн қолдану тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қосымша шаралар қабылдау қажет. Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жоғары және кәсіптік орта оқу орындарын бiтiрген және жұмыс iстеу үшiн ауылға келген жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету керек. Бұл шаралар жас мамандардың ауылда тұрақтауына, ауылдық білiм беру ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің сапалық құрамын жақсартуға ықпал ететiн болады.
Ауылдық мектептердi бiтірушілер үшiн кәсiптік бiлімге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету ауыл жастарының ауылдың көп салалы экономикасы жағдайында сұранымға ие кәсіптерге кәсіптiк бағдарлануын одан әрi жетілдірудi көздейдi.
Жоғары оқу орындарында педагогика кафедраларын, жеке әдістемелерді, оларды толыққанды ғылыми әдiстемелік қамтамасыз етудi, педагогиканы, психологияны зерделеу сағаттарын ұлғайтуды, студенттердiң білім беру ұйымдарында педагогикалық практикадан өту бөлігінде оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жетілдiрудi күшейту талап етіледi. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқу құралдарын әзiрлеу және қайта басып шығару қажет. Ауыл мектептерi мұғалiмдерiн қайта даярлау мен біліктілігiн арттыру жүйесiнде педагогикалық ғылымның жаңа жетiстiктерi мен ауылдық және шағын жинақталған мектептерде оқытуды ұйымдастыру жөніндегі отандық және шетелдік озық тәжiрибенi практикаға енгізу ескерiлуi тиiс, шағын жинақталған мектептердегi жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, педагогтардың әртүрлі санаттарына арналған курстарды ұйымдастыруға сараланған тәсiлмен келу керек.
Ауылдың педагогикалық кадрларын өндiрiстен қол үздiрмей, қашықтан оқыту моделiн енгізу арқылы білім беру қызметкерлерiнің біліктілігiн үздiксiз арттырудың қажеттілігi пiсiп жетiлдi.
Сондай-ақ, ауылдық мектептердің мұғалiмдеріне практикалық көмек көрсетуге арналған аудандық әдiстемелiк кабинеттердiң жұмысын қайта жаңарту, озық педагогикалық тәжiрибе, ауылдағы білім беру жүйесiн дамыту жөніндегі ғылыми әдiстемелiк және дидактикалық деректер қорын жасау қажет.
5.1.6. Ауылдағы білім беру ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету
Соңғы жылдары ауылдық білім беру ұйымдарының қаржылық жағдайының тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттерiнің толығуына тәуелдiлiгiнің проблемасы ерекше күшейе түстi, мұның өзi әртүрлi аймақтардың ауылдық білім беру ұйымдарының мүмкіндiктерi мен жұмыс жағдайларының теңсiздігіне әкеліп соғады.
Облыстар бөлінісіндегі білім беруге жұмсалатын шығындардың едәуiр айырмашылығы объективтi себептерге (әртүрлi климат жағдайлары, еңбекақыға аймақтық коэффиценттердi алып тастау) байланысты ғана қалыптасып отырған жоқ, сондай-ақ білім беруге жұмсалатын шығыстарды айқындайтын бірқатар бекітілген нормалар мен нормативтердің жоқтығынан болып отыр.
Ауылдық жердегi білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын жүйелi түрде және кезең-кезеңiмен жаңартуды жүзеге асыру көп арналы қаржыландыру жағдайында ғана мүмкiн болмақ, ол бюджеттік қаражатты пайдаланумен бірге жеке меншiк капиталдың: демеушiлер мен жергiлiктi шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң мүмкiндiктерiн тартуды көздейдi.
Жергілікті атқарушы органдар білім беруге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде Республикалық бюджеттік комиссиясы кезектi қаржы жылына субвенциялар мен алулардың көлемiн облыстарға белгiлеген кезде сақталуы мiндеттi болып саналатын нормалар мен нормативтердi бекітудiң қажеттілігi пiсiп жетілді.
Білім беру ұйымдарын қазiргi заманға сай қайта жарақтандыру және ауыл мектептерiнде сапалы білім алуға бірдей құқықты шын мәнiнде қамтамасыз ету үшiн кемiнде 3 жыл бойы ауылдағы білім берудi қаржыландырудағы күрделi шығыстардың үлесiн 30%-ға дейiн ұлғайту қажет.
Мектептердi жарақтандыру жөніндегі мемлекеттік тапсырыс білім берудің өз индустриясын дамытуға жәрдемдеседi.
5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
Бағдарламаны республикалық деңгейде орындау үшiн оны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары әзiрлендi, 2005 жылға дейiн жергiлiктi деңгейде ауыл мектептерiн дамыту жөніндегi шаралар қабылданатын болады.
"Ауыл мектебi" бағдарламасын iске асыру процесiне жүйелi бақылау мен жедел басқаруды Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі жүзеге асырады.
Бағдарламаның іс-шаралары мемлекет есебiнен, сондай-ақ қаржыландыруға донорлық ұйымдарды тарта отырып, пилоттық жобаларды ұйымдастыру жолымен iске асырылатын болады.
Болашағы бар елдi мекендерде жаңа ауыл мектебiнiң құрылысы жүзеге асырылатын болады. 2003-2005 жылдарға болжамды шығындар - 11107,2 млн.теңгені құрайды: 2003 жылы - 3868,8 млн.теңге, 2004 жылы - 3714,0 млн. теңге, 2005 жылы - 3524,4 млн.теңге.
Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде бірқатар шаралар жоспарланып отыр.
Күрделi жөндеудi қажет ететiн жалпы білім беретін және арнайы түзету мектептерiне жөндеу жүргiзiледi.
Ауыл мектептердiң қажеттілігiн ескерiп, тозығы жеткен оқушылар парталары мен сынып тақталарын сатып алу және жыл сайын жаңартып отыру көзделуде.
Арнайы түзету мекемелерi үшiн жабдықтар сатып алу көзделуде. Осы білім беру ұйымдарын қазiргi арнайы жабдықтармен жарақтандыру даму мүмкiндiктерi шектеулі балаларды оқытудың сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.
Оқу-материалдық базаны нығайту және қажеттi пән кабинеттерiн құру жалпы орта білім берудiң мемлекеттік стандартын толық көлемде орындауды, оқыту сапасын, ауылдық оқушылардың білім деңгейiн арттыруды қамтамасыз етедi.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаның іс-шаралары бойынша республикалық және жергілiкті бюджет қаражаттарына қосымша қажеттілiктiң есептеулерi 2002 жылғы баға деңгейi негiзге алына отырып, индикативтiк жоспар жобасына сәйкес жасалды.
Бағдарламаны iске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттiң шығыс көлемi 34049,082 млн. теңге құрайды, оның iшiнде республикалық бюджеттен 12123,18 млн.теңгені, жергiлiктi бюджеттен - 21925,902 млн. теңгенi:
2003 жылға - барлығы - 11712,520 млн.теңгені, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 4207,460 млн.теңгені, жергiлiктi бюджеттен 7505,060 млн. теңгенi;
2004 жылға - барлығы 11279,186 млн.теңгені, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 4052,660 млн.теңгенi, жергiлiктi бюджеттен 7226,526 млн. теңгенi;
2005 жылға - барлығы 11057,376 млн.теңгені, оның iшiнде республикалық бюджеттен - 3863,060 млн.теңгенi, жергілiктi бюджеттен 7194,316 млн.теңгенi құрайды.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Шараларды қабылдаудың нәтижесiнде:
ауылдағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайту, білім беру ұйымдарының желiсiн сақтау мен дамыту жүзеге асырылады; 63 ауыл мектебiнiң құрылысы жүзеге асырылатын болады, оның iшiнде апатты жағдайда тұрған 22 мектептiң орнына жаңа ғимараттар салу көзделген: 2003 жылы - 24 мектеп, 2004 жылы - 21, 2005 жылы - 18. Бұл ауыл халқына білім беру қызметiн көрсетудiң қол жетімділігiн, кепілдендiрілген орта білiм алуды неғұрлым толық көлемде қамтамасыз етедi;
педагогтарды, білiм алушылар мен тәрбиеленушілердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құқықтық база жетілдiріледi;
ауыл мектебiн бiтірушілердiң бәсекелестiк қабілетiн қамтамасыз ететін, сондай-ақ қалалық және ауылдық мектеп оқушыларын оқыту деңгейлерiн жақындастыратын ауылдық және шағын жинақталған мектептер оқушыларын оқыту процесiн тиiмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасалады;
ауыл мектептерiнiң, оның iшiнде шағын жинақталған мектептердiң, мектепке дейiнгi ұйымдардың мұғалiмдерiн кадрлық қамтамасыз ету жақсартылады, бұл білім берудiң сапасын, мектептiң әлеуметтiк және мәдени рөлiн, ауыл мұғалiмiнiң мәртебесiн арттыруға ықпал етедi;
біркелкiліктен білiм беру мен тәрбиелеудi саралау және ықпалдастыққа көшудi қамтамасыз ететiн ауыл мектептерiнiң оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудiң бейiмделген технологиялары, ауыл шаруашылығын көтеруге, ауылды әлеуметтiк жайластыруға қатысуға дайын мектеп бiтiрушiлердi даярлау енгiзіледi;
білім беру сапасы мен тиiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң жүйесi, дұрыс және салыстырмалы деректер алуды қамтамасыз ететiн бағалаудың объективтi рәсiмдерi мен технологиялары, яғни сапалы білiм беру мониторингiнiң тиiмдi жүйесi жасалатын болады;
ауылдағы, оның iшiнде даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған білім беру ұйымдарының жаңа модельдерi мен үлгiлерiнiң жұмыс iстеуi және дамуы қамтамасыз етiледi;
ауылдағы мектепке дейiнгi тәрбие жүйесiн дамыту, мектепке дейiнгі тәрбиенiң мемлекеттік стандарттарын енгізу, сондай-ақ мектеп алдындағы дайындықты міндетті жүзеге асыру үшiн жағдай жасалатын болады.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 272 қаулысымен жоспар өзгертілді
"Ауыл мектебі" 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
N р/с | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға (іске асыруға) жауаптылар | Орындалу (іске асыру) мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) |
2003 ж. |2004 ж.* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 7 |
1. Шағын жинақтал Бұйрық БҒМ 2003 ж. ған мектептің маусым моделiн жасау- Оны енгізу, Әкімдердің Облыс- 2003 ж. 34,5 33 оқытудың арнайы шешімдері тардың тамыз ұйымдастыру әкімдері нысандарын, жаңа ақпарат- тық технология- ларды сынақтан өткізу жөніндегі эксперименттiк алаңдар ұйымдастыру 2. Базистiк оқу Бұйрық БҒМ 2003 ж. жоспарының ІІ негiзiнде тоқсан ауылдық және шағын жинақтал- ған мектептерге арналған оқу жоспарларының нұсқаларын әзiрлеу 3. Педагогикалық Бұйрық БҒМ, ИСМ 2003 ж. мамандықтар желтоқсан бойынша мемле- кеттiк стан- дарттарды жетiлдiру |
2. Ауылдық білім беру ұйымдарының желісін сақтау, дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту |
4. Жаңа ауыл ҚР БҒМ 2003 ж. 3868,8 3714,0 мектептерiн Үкіметі ІҮ тоқсан салуды қамта- қаулысы- 869,9 832,14 масыз ету ның жобасы 5. Авариялық жағ- Әкімдердің Облыстар- 2003- 567,434 524,03 дайдағы мектеп- шешімдері дың 2005 жж. терді қайта әкімдері І тоқсан жаңартуды жүргізу 6. Түзету білім Әкімдердің Барлық 2003- 48,83 34,23 беру ұйымдарын шешімдері деңгей- 2005 жж. қажеттi арнайы дегі І тоқсан жабдықпен әкімдер жарақтандыру 7. Химия, биология Әкімдердің Облыстар- 2003- 134,8 123,7 кабинеттерi шешімдері дың 2005 жж. жоқ жалпы білім әкімдері І тоқсан беретiн орта мектептерде оларды ашу, қажеттi оқу жабдықтарымен қамтамасыз ету 8. Физика кабинет- Әкімдердің Облыстар- 2003- 794,38 794,38 терi жоқ жалпы шешімдері дың 2005 жж. білім беретiн әкімдері І тоқсан негiзгi және орта мектеп- терде оларды ашу, қажеттi оқу жабдықтары- мен қамтамасыз ету 9. Жалпы білім Аймақтық Облыс. 2003 ж. 690,43 636,63 беретiн білім бағдарла- тардың қаңтар беру ұйымда- малар, әкімдері рында оқышулар әкімдердің парталары шешімдері мен сынып тақталарын сатып алу және жыл сайын жаңалауды қамтамасыз ету 10. Арнайы түзету Әкімдердің Облыстар- І тоқсан 106,6 68,96 білім беру шешімдері дың жыл сайын ұйымдарында әкімдері күрделi жөндеу жүргiзудi жүзеге асыру 11. Ауылдық білім Әкімдердің Облыс- қаңтар 1240,99 1157,09 беру ұйымда- шешімдері тардың жыл сайын рында уақытылы әкімдері күрделi жөндеу жүргiзудi жүзеге асыру 12. Білім беру Бұйрық БҒМ желтоқсан ұйымдарының жыл сайын кiтапхана қор- ларын оқу-таным- дық, көркем және басқа әдебиетпен Әкімдердің Облыс- қаңтар 468,26 468,26 толықтыруды шешімдері тардың жыл сайын қамтамасыз ету әкімдері 13. "Ауыл мектебi" Әкімдердің Облыс- жыл сайын 2,8 2,8 облыстық ашық шешімдері тардың теледидар әкімдері қайырымдылық акцияларын өткізу 14. Алыс ауылдар- Әкімдердің Облыс- қаңтар 115,79 115,38 дан оқушыларды шешімдері тардың жыл сайын мектепке арнайы ҚР әкімдері автокөлiкпен Үкіметіне әкелуді жүзеге ақпарат асыру |
3. Оқыту мен тәрбие сапасын арттыру |
15. "Ауыл мектебi" Бұйрық БҒМ 2003- 1,8 1,8 бағдарламасында 2005 жж. белгiленген І тоқсан күтiлетiн нәтижелерге жетугe жәрдем- десетiн ауылдық мектептердi дамытудың негізгi бағыт- тары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын жүзеге асыру 16. Аудандық білім Әкімдердің Облыс- 2003 ж. 282,26 282,26 беру бөлiмдерi шешімдері тардың І тоқсан жанындағы әкімдері әдiстемелiк кабинеттердiң тұрақты жұмыс iстеуін қамта- масыз ету 17. Ауылда балалар Әкімдердің Облыс- 2003- 135 135 мен жасөспiрiм- шешімдері тардың 2005 жж. дердің демалы- әкімдері сәуір сын ұйымдасты- руды, сауықты- ҚР БҒМ 2003- руды және Үкіметіне 2005 жж. жұмыспен ақпарат қазан қамтуды қамта- масыз ету 18. Жасөспiрімдер Әкімдердің Облыс- 2003 ж. 53 50,94 мен жастарға шешімдері, тардың І тоқсан консультациялар бұйрық әкімдері берудi жүзеге ДСМ асыру үшiн емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жанынан консультациялық пункттер ашу 19. Құқық қорғау Қазақстан БҒМ, ІІМ 2003- 51,42 51,42 органдарымен Республи- Облыс- 2005 жж. және ауылдық касының тардың қаңтар, білім беру Үкіметіне әкімдері шілде ұйымдарының есеп басшыларымен бірлесiп, құқық бұзушылық пен балалар қадаға- лаусыздығының алдын алу мәселелерi бойынша жұмыс жүргiзу 20. Балалар, жастар Бұйрық Ақпарат І тоқсан 2,1 2,1 тақырыбы Әкімдердің мині жыл сайын бойынша жаңа шешімдері Облыс- теле-, радио тардың хабарларын әкімдері жасау 21. Балаларға ар- Бірлескен Мәдениет- І тоқсан 1,9 1,9 налған үздiк бұйрық мині, Ақ- жыл сайын музыкалық Әкімдердің паратмині шығармаларға, шешімдері БҒМ кинофильмдерге, Облыс- әндерге, бала- тардың лардың көркем әкімдері әдебиетiне конкурстар өткізу 22. Дiн ұстану БАҚ-тарға Ақпарат- тұрақты 7,15 7,15 бостандығы жарияла- мині құқықтары, нымдар Облыс- сондай-ақ дiни тардың экстремизмге әкімдері қарсы күресті насихаттау жөніндегі мәсе- лелерiн бұқара- лық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету 23. Ауылдық жалпы Әкімдердің Облыс- қаңтар 65 60,2 білім беретiн шешімдері тардың жыл сайын мектептерде әкімдері кәсiптiк бағдарлау кабинеттерiн ашу, мектеп- аралық оқу- өндiрiстiк комбинаттарды қалпына келтiру 24. Пәндердi бейiн- Әкімдердің Облыс- қаңтар 220,4 220,4 дiк және терең- шешімдері тардың жыл сайын детiп оқытатын әкімдері ауылдық мектеп- тердiң желi- лерiн кеңейту 25. Ауылдық мектеп- Әкімдердің Облыс- қаңтар 85 84,9 терде бейiндiк шешімдері тардың жыл сайын еңбекке баулуға әкімдері және кәсiптiк даярлыққа дейiнгi оқытуды жүзеге асыруға жағдайды қамтамасыз ету 26. Әрбір ауылдық Әкімдердің Облыс- қаңтар 700,786 712,786 ауданда мектеп- шешімдері тардың жыл сайын тен тыс қосымша әкімдері білім беру ұйымдарының жұмыс iстеуін қамтамасыз ету |
4. Педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау |
27. Мемлекеттік Бұйрық БҒМ 2003 ж. 332,9 332,9 жоғары оқу ІІ тоқсан орындарының базасында ауыл- дық және шағын жинақталған мектептер үшін педагогикалық кадрларды даяр- лауды ұйымдас- тыру. Кәсіптік жоғары білім мамандықтары Бұйрық БҒМ 2003 ж. мен даярлық ІІ тоқсан бағыттары жік- теуішіне ықпал- дастырылған мамандықтарды енгізу 28. Жаңа буын Бұйрық БҒМ 2003- 3,96 3,96 оқулықтарын 2005 ж. енгізу жөнінде- қаңтар гі ауылдық мектептер мұға- лімдерінің біліктілігін Әкімдердің Облыс- 92,47 92,47 арттыруды және шешімдері тардың қайта даярлауды әкімдері қамтамасыз ету 29. Ауылдағы Әкімдердің Облыс- 2003- 734,4 734,4 мұғалімдердің шешімдері тардың 2005 ж. әлеуметтік қор- әкімдері қаңтар ғалуын қамта- ҚР 2003- масыз ететін Үкіметіне 2005 ж. шаралар кешенін ақпарат желтоқсан әзірлеу, жас мамандарды ауылдық мектеп- терде орнықты- ру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету |
таблицаның жалғасы