7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер:
1/350,43 дана/қ.м. көпiр салуды аяқтау, ұзақтығы 307,3 км. автомобиль
жолдарын салу және қайта жаңарту, техникалық жай-күйiн арттыру, Қазақстан
Республикасының халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар
желісі бойынша көлiк құралдарының қауiпсiз және үздіксiз жүруiн қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 227-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 227-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
037 "Астана қаласындағы халықаралық әуежай құрылысы"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10283565 мың теңге (он миллиард екi жүз сексен үш миллион бес жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры арасындағы Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасы жөніндегі заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 19 мамырдағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты, оның iшiнде Үкiметтiң сыртқы заем қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астана қаласындағы әуежайдың техникалық параметрлерiнiң халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету, жолаушыларға сапалы және қолайлы қызмет көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалын салу, әуежай инфрақұрылымын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 037 Астана қа- ласындағы халықаралық әуежай құрылысы 080 Жобаны CH2M HILL/KKA&A/PCI Жыл Қазақстан сыртқы Консорциумының бойы Республикасының заемдардың консалтингтiк қыз- Көлік және есебiнен меттерiне ақы төлеу; коммуникациялар iске асыру Астана қаласындағы министрлігі әуежай ғимаратын және оған жапсарлас құрылыстарды детальдi жобалауға сәйкес салу 2 081 Жобаны iшкi CH2M HILL/KKA&A/PCI Жыл Қазақстан көздердің Консорциумының бойы Республикасының есебiнен консалтингтiк қызмет- Көлік және iске асыру терiне ақы төлеу коммуникациялар Салықтар мен кеден министрлігі баждарын төлеу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Ғимараттар
мен жапсарлас құрылыстарды салу (Келісім-шарт құнының 80% мөлшерiнде).
Орындалған жұмыстардың сапасы СНиП және ИКАО (Халықаралық азаматтық
авиация ұйымы) нормаларына сәйкес анықталады. Халықаралық және iшкi
рейстердiң санын ұлғайту, ұшу қауiпсiздiгiн арттыру, халықаралық тәжiрибе
мен технологияларды жергiлiктi мердiгерлiк, жобалау және консультациялық
ұйымдарға беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 228-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.10.03 ж. № 150з қаулысымен 228-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
041 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 140000 мың теңге (бip жүз қырық миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы; "Республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми-зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол, байланыс және телекоммуникациялар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер өткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жол саласындағы дерекқорларды ғылыми әзірлеу мен дамыту; телекоммуникация жүйелерiн құрастыру, тарифтердi есептеу, техникалық пайдалану, нормалау, жүйе бойындағы көлемдер, байланыс мекемелерiнiң пайдалануына, энергетика және минералды ресурстар саласындағы ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудағы мемлекеттік басқару, негiзгi тапсырмалар және ғылыми-техникалық бағдарламалар бағыттарын орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 041 Көлiк және Жыл Қазақстан коммуника- бойы Республикасының циялар са- Көлік және ласындағы коммуникациялар қолданбалы министрлігі ғылыми зерттеулер 030 Жол сала- Жол саласындағы 11 сындағы тема бойынша қолдан- қолданбалы балы ғылыми ғылыми зерттеулер өткізу- зерттеулер 031 Байланыс Байланыс, телеком- және теле- муникация, энергетика коммуника- және минералдық циялар са- ресурстар бағытында ласындағы 7 ғылыми зерттеулер қолданбалы өткізу- ғылыми зер- "Қазақстан Республи- ттеулер касының энергетика және минералды ресурс- тар саласындағы ақ- параттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамытудағы мемлекеттік басқару" негiзгi тап- сырмалар және ғылыми- техникалық бағдарла- малар бағыттарын орындау, ғылыми- техникалық бағдарла- маның негiзгi мiндетi мен бағыттарын орындау- |
7. Бюджеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер: жол
саласы, байланыс, телекоммуникация, энергетика және минералдық ресурстар
саласын
нормативтiк құжаттамамен қамтамасыз ету, прогрессивтi жаңа
технологияларды ғылыми әзiрлеу және өндiру; нормативтік құжаттаманы
iс-әрекеттегi халықаралық стандарттармен үйлестiру; Орындалатын
жұмыстардың сапасы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлігі ғылыми-сараптамалық кеңесiнiң қорытындысымен анықталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 229-қосымша
ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. № 749 қаулысымен 229-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
042 "Жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу, көлiктiк бақылау
бекеттерiн көшiру және жаңғырту" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 53 788 мың теңге (елу үш миллион жетi жүз сексен сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодекстiң 425-бабы; "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 5-бабы; "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының 28-бабы; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерi туралы 1998 жылғы 23 желтоқсандағы келісім; "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 қыркүйектегi № 1358 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу бекеттерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 желтоқсандағы № 1556 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1334 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлiктiк бақылау бекеттерінде iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп өтуiне бақылау жасау арқылы автомобиль жолдарының бар желісінiң сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаның мiндеттерi: жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу, iшкi автомобиль жолдарында орналасқан 7 бекеттi мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерiне көшiру және олардың тұрақты таразы жабдықтарын жаңғырту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 042 Жобалау- Көлiктiк бақылау Жыл Қазақстан iздестiру бекеттерiн көшiру бойы Республикасының жұмыстарын жөніндегі жұмыстарды Көлік және жүргізу, өткізу бойынша коммуникациялар көлiктік жобалау-сметалық министрлігі бақылау құжаттаманың 14 жи- бекеттерiн нағын дайындау; көшiру және 7 көлiктік бақылау жаңғырту бекетiн көшiру және тұрақты таразы жаб- дықтарын жаңғырту жөнiнде мемлекеттік сатып алу жұмыстар жүргiзу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтиже:
жобалау-сметалық құжаттаманың 14 жинағын дайындау, жол төсемiн
жайластыруды және тұрақты таразы жабдығын жаңғыртуды қоса алғанда, 7
көлiктiк бақылау бекетiн көшiру. Осы бағдарламаны iске асыру көлiктiк
бақылау бекеттерiн тұрақты таразы жабдықтарымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бередi, көлiктiк бақылау бекеттерi қызметкерлерiнің функционалдық
міндеттерiн орындау үшiн қолайлы жағдайларды жасайды, бақылау жасаудың
сапасын жақсартады, ол Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк
құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдардан республикалық бюджетке
түсетiн қаражаттың көбеюiне әкеледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 230-қосымша
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
044 "Радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектрондық құралдардың
мониторингi жүйесiн құру" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 254 809 мың теңге (екi жүз елу төрт миллион сегiз жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 18 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17 сәуірдегі Заңының 9-бабының 5 және 25-тармақтары; "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алудың бірыңғай жүйесiн құру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында техникалық радиобақылау жүйесiн құру: радиожиілік спектрiн пайдалануды толыққанды реттеудi қамтамасыз етуге, жұмыс iстейтiн радиоэлектрондық құралдарды қадағалауға, радиобөгет көздерiн табуға, радиоэлектрондық құралдардың жарияланған параметрлерiнiң нақтыға сәйкестiгiн тeкcepуге; заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектрондық құралдардың едәуiр санын табу нәтижесiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн мемлекеттік бюджетке түсiмдi ұлғайтуға; басқарудың түрлi деңгейлерi арасында ақпаратпен жедел алмасу үшiн деректер қорын құруға; радиобөгет көздерiн торуылдау процесiн автоматтандыруға; мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға мүмкiндiк бередi.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң байланыс және ақпараттандыру жөніндегі аумақтық органдары үшiн қажеттi радиобақылау жабдықтарын сатып алу, техникалық радиобақылаудың тұрақты пункттерi мен жылжымалы станцияларын құру және жабдықтау, дерекқорлар мен цифрлық картаны жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 044 Радиожиiлiк Сатып алу: Жыл Қазақстан спектрi мен - техникалық радио- бойы Республикасының радио элект- бақылаудың жылжымалы Көлік және рондық құ- станциясы - 2 дана; коммуникациялар ралдардың - тұрақты радиоба- министрлігі мониторингi қылау пунктi үшiн жүйесін құру жабдықтар - 1 жиын- тық; - цифрлық карта - 1 дана; Құру: - республикалық деректер қорын - 1 дана; - аумақтық деректер қорларын - 18 дана |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Сандық көрсеткiштерi:
техникалық радиобақылаудың 1 жылжымалы станциясы (РБЖСТ) соның iшiнде:
арнайы қайта жабдықталған автомобиль, ұтқыр торуылдауыш, техникалық талдау посты, дербес компьютер, антенна-фидерлiк құрылғы;
тұрақты радиобақылау пунктi (ТРБП) үшiн, соның iшiнде: тұрақты торуылдауыш; техникалық талдау посты; дербес компьютер; антенна-фидерлiк құрылғы; мачталық құрылғылар; спектр талдауыш.
цифрлық карта - 1 дана;
Құру:
республикалық дерекқор - 1 дана;
аумақтық дерекқор - 18 дана.
Сапалық көрсеткiштер: мемлекеттiң қауiпсiздiгiне қатердi азайту; заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектронды құралдар мен радиожиіліктi пайдаланушыларды анықтау; радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдаланушылардың кедергiлер мен электрмагниттiк сыйысушылыққа шағымдары бойынша жұмыстардың нәтижелілігін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 231-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 231-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
052 "Батыс Қазақстанның автомобиль жолдарын қайта жаңарту"
республикалық бюджеттік бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7739131 мың теңге (жетi миллиард жетi жүз отыз тоғыз миллион бір жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінiң арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкінің заем беру ниетi туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы № 168 Заңы; "Жапония Халықаралық Ынтымақтастық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Батыс Қазақстанның жол желісін қайта құру жобасы бойынша заем туралы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 наурыздағы № 169 Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет қаражаты, соның iшiнде үкiметтің сыртқы заем қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Батыс Қазақстандағы жол көлiгi негiзгi жүйесiнің тиiмдiлiгiн және сенiмдiлiгiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Батыс Қазақстан автожолдарының аса маңызды учаскелерiн қайта жаңарту және техникалық көмек көрсету арқасында ағымдағы техникалық қызмет көрсету деңгейiн көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 052 Батыс Қазақ- станның ав- томобиль жолын қайта жаңарту 080 Сыртқы Құрылыс қадағалау; Жыл Қазақстан заемдар Мердiгермен өзара бойы Республикасының есебiнен шарт және егжей- Көлік және жобаны тегжей жобаға коммуникациялар iске асыру сәйкес Батыс Қазақ- министрлігі станның автожолдарын қайта жаңарту- 2 052 081 Iшкi көз- Жолдарды қайта Жыл Қазақстан дердің есе- жөндеуге байланысты бойы Республикасының бiнен жо- салықтарды төлеу; Көлік және баны іске құрылысты коммуникациялар асыру қадағалауға министрлігі байланысты салықтарды төлеу; банк төлемдерiн жүргiзгенi үшiн банкке комиссия; келісім-шарт шарттарына сәйкес техникалық аудармашылардың қызметтер көрсетуiне ақы төлеу; жер бөлiп беру, үй-жайды жалға алу. Деталдық жоба мен мердiгерлермен келісім-шарттарға сәйкес Батыс Қазақстанның автожолдарын қайта жаңарту. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Батыс
Қазақстан автожолдары желісінiң сапалы жай-күйiн жақсарту, отандық
жол-құрылыс, жобалау және консультациялық ұйымдардың жұмысты
ұйымдастырудың озық әлемдiк тәжiрибесiн игеруi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 232-қосымша
ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. № 749 қаулысымен 232-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
Көлiк және коммуникациялар министрлігі
______________________________________
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
054 "Республикалық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу, ұстау,
көгалдандыру" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 233 429 мың теңге (екi миллиард екi жүз отыз үш миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңының 17-бабы; "Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 28 қарашадағы № 730 Жарлығы; "Жол саласының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын пайдалану кезiнде орындалатын жұмыстарға ақша қаражатын жұмсау нормалары" атты Көлік және коммуникациялар министрлігінiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы № 245 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автожолдар бойынша көлiк құралдарының қауiпсiз және үздiксiз жүруiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында пайдаланушылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- ла- ма- ның коды | Кіші бағ- дар- ла- ма- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 054 "Республи- 1- Республикалық Жыл Қазақстан калық маңызы маңызы бар автомо- бойы Республикасының бар автожол- биль жолдарын ұстау Көлік және дарды ағым- жөнiнде жұмыстар коммуникациялар дағы жөндеу, жүргiзу, қысқыны министрлігі ұстау, кө- қоса алғанда - 23046 галдандыру" км- 2- Республикалық маңызы бар автожол- дар бойынша ақаулық ведомостарға сәйкес ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстарды (шұңқырларды жөндеу - 808 км, жол отыру- ларын, шұңқыршаларын, жолтабандарды жою, жол жағдайлары - 590 км, көгалдандыру - 210 км-) жүргізу |