7.Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) № 4 кен басқармасының № 1 және № 2 кенiштерiн таратуды аяқтау: бұрынғы геологиялық-барлау кәсіпорнының аумағы шұрайландырылатын болады; бос жыныстардың үйiндiлерiн шұрайландыру аяқталатын болады; объект консервацияланатын және Ведомствоаралық комиссияға берілетiн болады;
2) Қосащы кен орнын консервациялауды аяқтау: № 3 шахтаның өнеркәсіп алаңдары залалсыздандырылатын, № 1 және № 2 үйiндiлерi шұрайландырылатын, № 5 шахтаның өнеркәсiп алаңдары шұрайландыру жүргiзiлетiн болады; объект консервацияланатын және Ведомствоаралық комиссияға берiлетiн болады;
3) Восточный кенішін тарату жұмыстарын жалғастыру: бос жыныстардың үйінділерiн шұрайландыру, тауарлық кенi аз және шоғырлы сiлтiсiздендiрудiң аралас үйiндiлерiн жабу;
4) № 3 Кен басқармасының № 8 кенiшiн консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындау: № 1 және № 2 баланстан тысқары үйiндiлердi жабу, № 3 және № 4 үйiндiлерiнің кендерiн радиоактивтi қалдықтарды көму бекеттерiне тасымалдау, кенiштің өнеркәсiп алаңдарын залалсыздандыру басталады;
5) № 3 Кен басқармасының № 9 кенішiн тарату жөніндегi жұмыстарды орындау: өнеркәсiп алаңдарын және тауарлық кенi аз үйінділер мен баланстан тысқары кендердi шұрайландыру; объектi бойынша жұмыстардың жалпы көлемiнің 50% орындау жоспарланады;
6) мемлекеттік сараптамадан өткен Қордай кенішінiң өнеркәсiп алаңдарын шұрайландыруға арналған жұмыс жобасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
503-қосымша
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi
2003 жылға арналған 038 "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы
арқылы өнiмдi бөлу туралы келісімдерде мемлекет мүдделерiн
бiлдiру" республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 11.07.03 ж. № 150д қаулысымен 503-қосымша өзгертілді
1. Құны: 500 000 мың (бес жүз миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мұнай туралы" заң күшi бар 1995 жылғы 28 маусымдағы Жарлығының 6-бабының 2-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ереженiң 11-тармағының 11)-19)-тармақшалары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өнiм бөлу келісіміндегі мемлекет мүдделерін толыққанды бiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: өнiм бөлу туралы келісімдегi сапалы мониторингті жүзеге асыру, атқаруларды талдау, Каспий қайраңының қазақстандық бөлiгi бойынша мұнай операцияларына арналған келiсім-шарттар мен конкурстарды дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р/ с N | Бағдар- ламаның коды | Шағын бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- малардың (шағын бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
038 "ҚазМұнай- 1. 4 келісімнің Жыл Қазақстан газ" өнімдi бөлу туралы ішінде Республика- ұлттық қолданылып жүрген сының компания- келісімді орындау Энергетика сы арқылы жөніндегі мони- және өнiм бөлу торингін орындау. минералдық келісі- 2. 5 келісім-шарт- ресурстар міндегі тың Каспий қайра- министрлігі, мемлекет ңының қазақстан- "ҚазМұнай- мүдделе- дық бөлігі Газ" ұлттық рiн бойынша мұнай компаниясы ұсыну операцияларына арналған келісiм- шарттар мен кон- курстарын дайындау. 3. Өнiмдi бөлу туралы келiстерде мемлекет мүдделерiн сақтау жөніндегі қорытынды- ларды дайындау және техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшiн консультанттарды тарту. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
1) өнiмдi бөлу туралы екi келісімде мемлекет мүддесiн сақтау;
2) Каспий қайраңының қазақстандық бөлiгi бойынша мұнай операцияларына арналған келісiм-шарттар.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
504-қосымша
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi
2003 жылға арналған 041 "Технологиялық сипаттағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер" республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 457000000 (төрт жүз елу жетi миллион) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк нормативтiк-құқықтық негiзi: "Ғылым туралы" 2001 жылғы 9 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы; "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Үкіметінiң 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысы; "1999-2003 жылдарға арналған Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгi мiндеттерi мен көрсеткiштерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 наурыздағы № 235 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сынақ полигондарының ғылыми-техникалық әлеуетiн республика экономикасының мүдделерiне пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағында ядролық қарудың сынақтары салдарларын жою, атом энергетикасы, радиациялық экология проблемаларын шешу, ядролық және радиациялық технологияларды әзiрлеу және мамандандырылған өндiрiстердi құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi:
радиоактивтi-ластанған жерлердi шаруашылық мақсаттарда қолданудың негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
ядролық физика және радиациялық материал жүргiзу бойынша жаңа деректердi алу;
ядролық және термоядролық реакторлардың қауіпсiздігі жөніндегі жаңа нәтижелердi алу;
халық шаруашылығында ядролық және радиациялық технологиялар мен әдiстердi қолдануды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы үшін ядролық бейіндегі мамандарды дайындауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
Р/ с N | Бағдар- ламаның коды | Шағын бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- малардың (шағын бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаны (шағын бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
041 Технология- "Қазақстанда атом Жыл Қазақстан лық сипат- энергетикасын дамыту" бойы- Республика- тағы қол- республикалық мақсат- на сының данбалы ты ғылыми-техникалық Энергетика ғылыми бағдарламасын және зерттеу орындау. минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
1) радиоактивті-ластанған жерлердi шаруашылық мақсаттарда қолданудың негiзгi ережелерi әзiрленетiн;
2) ядролық физика және радиациялық материалтану бойынша жаңа деректер алынатын;
3) ядролық және термоядролық реакторлардың қауiпсiздiгі жөнiндегі жаңа нәтижелер алынатын;
4) халық шаруашылығында қолдану үшін ядролық және радиациялық технологиялар мен әдiстер әзiрленетiн;
5) мамандандырылған өндірiстер құрылатын болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
505-қосымша
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi
2003 жылға арналған 044 "Қазақстан Республикасының бiрыңғай
электр энергетикалық жүйесiн дамытудың 2015 жылға дейiнгi
перспективасымен 2010 жылға дейiнгi бағдарламасы және
отын-энергетика кешенi салаларын дамытудың 2015 жылға
дейiн стратегиясын әзiрлеудi аяқтау" республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60 000 мың теңге (алпыс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық базасы: "2015 жылға дейiнгі перспективасымен 2010 жылға дейінгi кезеңге арналған Қазақстанның энергетикалық кешенiн дамыту схемасының жобасын әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 3 мамырдағы № 39-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында электр жүйелiк және энергия өндiрушi объектiлердiң басымдықтарын және даму сатыларын белгiлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: электр энергетикасы қызметiнің нормативтік-құқықтық базасын құру және жетілдiру; энергияның жаңа тиімдi көздерiн енгізумен энергия көздерiнде және электр- және жылу жүйелiк объектілерiнде сатылап, есептеп, жаңғырту жұмыстарын жүргiзумен саладағы инвестициялық ахуалдың өзгеруi; энергия көздерiн, Ұлттық электр жүйелерiн, аймақтық электр желiлiк компанияларды және диспетчерлiк басқаруды қамтитын бiрыңғай инфрақұрылымның сақталуы мен дамуы; энергия ресурстары мен энергия үнемдеудi тиiмдi пайдаланудың тетiктерiн жасау; электр энергетикасындағы тарифтiк, салықтық және кедендiк саясатты жетiлдiру, дәстүрлi емес және толымды энергия көздерiн балансқа тарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары:
Р/ с N | Бағдар- ламаның коды | Шағын бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- малардың (шағын бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаны (шағын бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
044 000 Қазақстан 1. 2015 жылға дейiнгi Жыл Қазақстан Республика- перспективасымен бойы Республика- сының Қазақстан Республи- сының бiрыңғай касының бірыңғай Энергетика электр электр энергетикасы және энергети- жүйесін дамытудың минералдық калық 2010 жылға дейінгі ресурстар жүйесiн кезеңге арналған министрлігі дамытудың бағдарламасын 2015 жылға әзірлеу дейiнгi перспекти- васымен 2010 жылға дейiнгi бағдарла- масы және отын- энергетика кешенi салаларын дамытудың 2015 жылға дейiн стратегия- сын әзiрлеуді аяқтау 2. 2015 жылға дейiн Жыл отын-энергетикалық бойы кешенiнің стратегия- сын әзiрлеуді аяқтау |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: электр
және жылу энергиясымен халықты және ел экономикасын тұрақты қамтамасыз
ету; энергия ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгін арттыру және ел
экономикасын дамудың энергия үнемдеу жолына көшiрудiң қажетті шарттарын
жасау; нарықтық қатынастар жағдайында электр энергетикалық кешенiн
тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясының экспорттық
әлеует жасау мен электр энергетика кешенінің қоршаған ортаға жағымсыз
әсерiн азайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
506-қосымша
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi
2003 жылға арналған 045 "Геологиялық ақпаратты қалыптастыру"
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 64645 мың (алпыс төрт миллион алты жүз қырық бес мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі Бағдарламасының 6.1. "Минералдық-шикiзат кешенi" тармағы; "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 ақпандағы № 232 қаулысының 3-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингi туралы ереженің 8, 9, 12, 20, 21, 23, 26-тармақтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат кешенiнің жай-күйiн талдау; жер қойнауын пайдалану мониторингісi; жер қойнауын пайдалану объектiлерiн геоақпараттық қамтамасыз ету және тiркеу; жер қойнауын пайдаланушылардың қызметi нәтижелерiнiң мемлекеттік статистикалық есебiн алу; жер қойнауы туралы ақпаратты сақтау және пайдалануға ұсыну.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: пайдалы қазбалар кен орындарының мемлекеттік балансын жүргiзу; жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт шарттарын орындауын, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың белгіленген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру, жер қойнауын пайдалану объектiлерiн консервациялау мен тарату тәртібін сақталуын бақылау; жер қойнауын пайдалану нәтижелерiнiң статистикалық есебiн алу; геологиялық ақпаратты мемлекеттік сақтау және пайдалануға ұсыну; Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық, геофизикалық және басқа да зерделенуiнің мемлекеттік есебiн алу.
6.Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р/ с N | Бағдар- ламаның коды | Шағын бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- малардың (шағын бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаны (шағын бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
045 Геология- 1. Республикалық Жыл Қазақстан лық геологиялық ақпарат бойы Республика- ақпаратты орталығын бекітілген сының қалыптас- штат санының шегінде Энергетика тыру ұстау - 71 бірлік және 030 Республи- минералдық калық ресурстар геология- министрлігі лық ақпарат орталығы 2. Пайдалы қазбалар Жыл қорларының мемлекет- бойы тiк балансын жүргізу. 3. Жер қойнауы мен Жыл жер қойнауын пайдала- бойы ну туралы ақпаратты жинауды, сақтауды және пайдалануға берудi жүзеге асыру- 4. Жер қойнауын Жыл пайдаланушылардың бойы келісім-шарт шарт- тарының мониторингі- сін ұйымдастыру және жүзеге асыру, 1-4 ЛКШ нысандары бойынша жер қойнауын пайда- лану нәтижелерiне статистикалық есеп жүргізу. 5. Жер қойнауы мен Жыл жер қойнауын пайда- бойы лану саласында автоматтандырылған деректер базасын жүргiзу. 6. Кен орындары мен Жыл байқалған пайдалы бойы қазбалардың мемле- кеттiк кадастрларын жүргiзу. 7. Геологиялық ақпа- Жыл ратты сатып алуға бойы арналған келісімдердi; геологиялық ақпаратты Қазақстан Республика- сынан тыс жерлерге шығаруға рұқсаттарды; геологиялық ақпарат пакеттерiн дайындау. 8. Жер қойнауын Жыл пайдалану объектiлерi бойы мен субъектiлерi бойынша ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру; жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарының жобаларын келiсуге қатысу; 9. Өзiнiң құзыретi Жыл шегiнде жер қойнауын бойы қорғау мен пайдала- нуды аумақтық басқару қызметiне әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру. 10. Жер қойнауын Жыл қорғау құқығын бepугe бойы арналған конкурсқа шығарылатын объекті- лердiң тiзбесiн жасау. 11. Тау-кендік және Жыл геологиялық бөлудi бойы дайындау және беру. 12. Геологиялық Жыл зерделеу жөніндегі бойы жұмыстарды мемлекет- тік тiркеу, геология- лық зерттеулердің объектiлік жоспар- ларын тiркеу, Қазақстан Республика- сының геологиялық және геофизикалық зерделенуін жүргiзу. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
1) жер қойнауын пайдалану мониторингiсiн енгізу, компьютерлiк
технологияларды қолдана отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың
лицензиялық-келісім-шарттық шарттарды орындауын есепке алу - жер қойнауын
пайдалану нәтижелерiнің тоқсан сайынғы талдаулық шолулары;
2) пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын
жүргiзу - 90 баланс;
3) геологиялық ақпараттың мемлекеттік сақталуы және пайдалануға
берiлуi - геологиялық есептердiң жыл сайын түсуi - жылына 200 есеп беру;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жобаларын келiсу
50 келісім-шарт жобасы;
5) жер қойнауын пайдалануға арналған тау-кендiк және геологиялық
бөлулердi дайындау - 70 бөлу;
6) геологиялық-геофизикалық материалдарды компьютерлiк мұрағаттау,
деректер базасына 500 паспортпен 200 геологиялық есеп берулердi енгізу;
7) Қазақстан Республикасының аумағын геологиялық, геофизикалық және
басқалай зерделеудің мемлекеттік есебi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
507-қосымша
Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық
ресурстар министрлiгі
Бюджеттік бағдарламаның әкімгерi
2003 жылға арналған 046 "Мемлекеттік геологиялық зерделеу"
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 470206 мың (төрт жүз жетпiс миллион екi жүз алты мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 827 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі Бағдарламасының 6.1. "Минералдық-шикізат кешенi" тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығының 18-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 6.1.1.-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: пайдалы қазбалардың кен орындарының ашылуына арналған перспективалы алаңдарды анықтау үшiн қазiргі заманғы геологиялық негіз құру; пайдалы қазбалар кен орындарын ашудың негiзi ретiнде минералдық шикiзаттың әртүрлерінің болжамды ресурстарын анықтау; Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзат базасын нығайту; пайдалы қазбалар қорларының өсуiне қол жеткізу және оларға баға беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: пайдалы қазбалар кен орындарын iздестiру үшiн қазiргi заманғы картографиялық негiз құру мақсатында аймақтық, геологиялық-суретке түсiру, геофизикалық, гидрогеологиялық жұмыстар жүргiзу; минералдық-шикiзат базасының озыңқы дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретiн геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық карталар жасау; пайдалы қазбаларды iздестiру бағытын анықтау үшiн болжамды-металлогеникалық негiз құру; пайдалы қазбалар қорларының өсуiне қол жеткізу және оларға баға беру мақсатында iздестiру-баға беру жұмыстарын жүргiзу; пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау; пайдалы компонеттердiң қорларын есепке алу, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
──┬───────┬─────┬─────────┬──────────────────────┬─────┬─────────────
Р/│Бағдар-│Шағын│Бағдарла-│ Бағдарламаны (шағын │Іске │ Жауапты
с │ламаның│бағ- │малардың │ бағдарламаны) іске │асыру│орындаушылар
N │ коды │дар- │(шағын │ асыру жөніндегі │мер- │
│ │лама-│бағдарла-│ шаралар │зім- │
│ │ның │малардың)│ │дері │
│ │коды │ атауы │ │ │
──┼───────┼─────┼─────────┼──────────────────────┼─────┼─────────────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
──┴───────┴─────┴─────────┴──────────────────────┴─────┴─────────────