Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 20 ақпандағы № 182 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
мына:
"
Мұнай өңдеу зауыттарының өз 4500 540 өндірісінің бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сатуы |
Мұнай өңдеу зауыттарының бензин 5000 600 (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы |
деген жолдарда:
"Мұнай өңдеу зауыттарының" деген сөздер "Өндірушілердің" деген
сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне
енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |