Туристiк саланы дамытуға жасалған талдау көрсеткенiндей 50-60 жылдары салынған қонақ үйлер, сондай-ақ басқа да туристердiң тұратын және тамақтанатын орындары ескiргендiктен, туризм инфрақұрылымының қазiргi жай-күйi дағдарысты деңгейге жеттi.
Көлiк
1) Халықаралық әуежайлар
Қазiргi таңда Қазақстанда мына әуежайлардың: "Астана" халықаралық әуежайы" РМК-ның, "Алматы" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Ақтөбе" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Ақтау" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Ақ жол" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Әулие ата" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Атырау" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Семейавиа" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Сарыарқа" халықаралық әуежайы" ААҚ-ның, "Өскемен" әуежайы" ААҚ-ның, "Павлодар" әуежайы" ААҚ-ның, "Шымкент" әуежайы" ААҚ-ның, "Петропавл" әуежайы" ААҚ-ның, "Қостанай" әуежайы" AAҚ-ның уақытша схема бойынша халықаралық әуе тасымалына рұқсаты бар.
2) Темір жол
Қазақстан Республикасының аумағын солтүстiктен оңтүстiкке қарай қиып өтетiн 3 темір жол тармағы бар, олар Қазақстанның оңтүстiк аймағын батысымен, орталығымен, солтүстiгiмен және шығыс бөлiктерiмен байланыстырады. Республиканың Ресеймен шекаралас солтүстiк аймағында темір жол желісі неғұрлым дамыған.
Қазақстанның көршiлес 3 елге: Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Қытайға шығатын темір жолы бар.
3) Автомобиль жолдары
1. Бiшкек - Алматы - Қорғас;
2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
3. Алматы - Қарағанды - Петропавл - Челябi;
4. Алматы - Қарағанды - Астана - Қостанай - Челябинск;
5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
6. Астрахань - Атырау - Ақтау - Бекдаш.
2002-2005 жылдар кезеңiнде жоғарыда аталған автомобиль көлiгi дәлiздеріндегі жол маңайындағы сервис объектiлерiн және инфрақұрылымды жаңарту, қалпына келтiру және дамыту жөніндегі жобаларды iске асыру көзделедi.
4) Порттар
Каспий теңiзіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресейдегi, Түркiменстандағы, Әзербайжандағы және Ирандағы порттармен байланыстырады. Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары қатынасы бар.
Резидент емес туристердiң көпшiлiгi өздерiнiң саяхаты үшiн туристердi тасымалдаудың жалпы көлемiнде үлесi 84,8 пайызды құрайтын әуе көлiгiн пайдаланады. Темір жол көлiгiмен - 7,8 пайыз, халықаралық автобустармен - 3,5 пайыз және құрлықтағы басқа құралдармен - 3,8 пайыз, су көлiгiмен - 0,01 пайыз турист жүредi.
Сондай-ақ, резидент емес туристердiң 70 пайызы әуе көлiгiн пайдаланады. Туристердiң қалааралық автобустарда 22 пайызы, темір жол көлiгiнде 7 пайызы, құрлықтағы басқа құралдармен 1 пайызы жүредi.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
4.1. Бағдарламаның негiзгi мақсаттары
Бағдарламаның басты мақсаты Қазақстан Республикасында қазақстандық және шет елдiк азаматтардың әртүрлi туристiк қызметтерге қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн кең мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн, қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк кешен құру, келу және iшкi туризмдi қолдаудың экономикалық және құқықтық басым тетiктерiн әзiрлеу; ел экономикасына шетел валютасының тұрақты келуiн қамтамасыз ету, экономиканың сабақтас салаларын дамыту болып табылады.
Бағдарлама, сондай-ақ мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған: тартымды туристiк объект ретiнде Қазақстанның беделiн орнықтыру;
ұлттық туристiк өнiм қалыптастыру және оның сапасын әлемдiк деңгейге сәйкестендiрудi қамтамасыз ету;
саланы мемлекеттік реттеудiң оңтайлы әдiстерiн қолдау мен таңдау негiзiнде туризмдi кешендi дамыту.
4.2. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi
Қойылған мақсаттарға сәйкес Бағдарламаның бiрiншi кезектегi мiндеттерi мыналар:
туризмде әлеуметтiк-экономикалық өзгермелi жағдайларға, мақсаттарға, қағидаттарға, туристiк қызметтi жүзеге асыру мiндеттерiне жауап беретiн мемлекеттік реттеудiң жаңа көзқарастар жүйесiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiң туризм саласында республикалық уәкiлеттi орган арқылы әрекет ететiн басқарудағы, атқарушы органдар мен ұйымдар арасында өзара iс-қимылын реттеудегi рөлiн күшейту;
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың нормативтiк құқықтық базасын, осы саладағы мемлекеттік реттеу тетiгiн жетiлдiру;
туристiк саланы кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, жарнама-ақпараттық қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдау;
туризмнiң инфрақұрылымын дамыту, туризмнiң материалдық базасын жаңғыртуға, жаңа объектiлер құрылысын жандандыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешенiн әзiрлеу;
Қазақстанның туристiк өнiмiн туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк рыногына жылжыту;
туризм саласында және қызмет көрсету салаларында шағын кәсiпкерлiктi дамытуды, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
инвестициялау және сала субъектiлерiн қаржыландырудың, кредиттеудiң басқа да нысандары үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ
ОНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIГI
5.1. Туристiк қызметтi мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесiн дамыту
Бұл бағытта мынадай шараларды iске асыру қажет:
Қазақстан Республикасының Дүниежүзiлiк сауда ұйымына қосылу мүмкiндiгiн ескере отырып, халықаралық сауданың мемлекеттік реттелуiн туристiк қызметтермен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу;
келу туризмiн және iшкi туризмдi дамыту, көшi-қон мәселелерi бойынша заңнаманы жетiлдiру, виза рәсiмдерiн, кеден және шекара бақылауын оңайлату;
туризм саласындағы статистикалық есепке алу мен есеп беру жүйесiн жетiлдiру, соның iшiнде саланың мекемелерi мен ұйымдары жұмысының қаржылық нәтижелерiн сипаттайтын көрсеткiштердi енгізу;
Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның ұсынымдарын және БҰҰ-ның Статистикалық комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, туристiк саланың төлем теңгерiмiн қалыптастыру әдiстемесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
Туристiк қызметтер рыногындағы барлық өндiрушiлердiң бәсекелестiк қабiлетi мен тұрақты табысын қамтамасыз ету мақсатында туристiк бизнес рентабельдiлiгiнiң оңтайлы шегiн айқындау үшiн баға құрау мәселелерiнде мемлекеттік реттеу саясатын әзiрлеу;
ұлттық туризмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
халықаралық шарттардың негiзiнде шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
туристiк қызметтi стандарттау, сертификаттау, лицензиялаудың талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту;
туризм саласына кадрларды даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiру;
саланы қаржыландырудың, оның iшiнде кредиттiк ресурстарды тарту есебiнен қаржыландырудың жеткiлiктi деңгейiн қамтамасыз ету;
туризм саласында мүдделi орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы қызметтi ең жоғарғы деңгейде үйлестiрудi қамтамасыз ету.
5.2. Қазақстанның мәдени-тарихи және рекреациялық
аймақтарын дамыту және сақтау
Бұл бағытта мынадай шараларды iске асыру қажет:
мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
халық арасында туризмнiң құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны және өзге де туристiк ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
халықтың әртүрлi әлеуметтiк-демографиялық жiктерi мен топтары арасында әлеуметтiк туризмдi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау.
5.3. Маркетинг және қазақстандық туристiк өнiмдi ұсыну
Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:
ұлттық туристiк өнiмдi экспорттау және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын әзiрлеу;
туристiк көрмелер мен басқа да iс-шараларды ұйымдастыру;
туристiк өнiмдi сатуда бiрiздендiрiлген үдемелi стандарттарды енгізу;
Қазақстан халқының барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткізуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетулерге қажеттiлiктердi барынша қанағаттандыру;
Қазақстан Республикасында туризмнiң мамандандырылған (экотуризм, әлеуметтiк, балалар және жасөспiрiмдер, спорттық-сауықтыру, мәдени-танымдық және т.б.) түрлерiн дамытудың бағдарламаларын әзiрлеу;
аймақтарда әлеуметтiк және жекеше туризмдi дамытуды қамтамасыз ету;
iшкi және сыртқы рыноктарда ұлттық туристiк өнiмнiң жылжуын ақпараттық жарнамалық қамтамасыз ету;
туризмдi дамытудың аймақтық және аймақаралық бағдарламаларын әзiрлеу үшiн әдiстемелiк нұсқаулықтар мен ғылыми-жобалық негiздемелер дайындау.
5.4. Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету, кадрлар
даярлау және туризм қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру
Бұл бағытта:
туристiк саланы дамыту үшiн қажеттi жоғары, орта кәсiптiк және бастауыш кәсiби білім беретiн мамандықтардың тiзбесiн әзiрлеу;
мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесiп мамандардың кәсiби даярлығының сапасын жақсарту, оларды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар белгiлеу;
туристiк саланың кадрларына арнап, Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйыммен, Туристердiң қазақстандық қауымдастығымен, Қазақстанның жоғары оқу орындарымен және халықаралық білім беру мекемелерiмен бірлесiп, тұрақты жұмыс iстейтiн кәсiби даярлық курстарын құру;
республикада туристiк индустрияны дамытудың түйiндi проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізудi және Қазақстанның халықаралық туристiк оқиғаларға қатысуын қамтамасыз ету қажет.
5.5. Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасын дамыту
Осы бағытта:
туристiк объектiлердi жаңарту мен салу үшiн отандық және шет елдiк инвестицияларды тарту жолымен туризмнiң материалдық-техникалық базасын дамыту;
әуе тасымалы қызмет көрсету рыногында бәсекелесу қабiлетiн көтеру, автомобиль және темір жол көлiктерiнде жолаушыларды тасымалдауды одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының аумағына туристiк объектiлердi перспективалық орналастырудың және туристiк инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзiрлеу;
туризмдi дамыту аудандарында жердi пайдалану және құрылыс салу нормаларының қолданылуын бақылау;
қонақ үй - сервистiк кешенiн әлемдiк стандарттарға сәйкестендiру, туристiк кешендердiң, этнографиялық мұражайлардың және демалыс аймақтарының желісін құру;
iлеспе инфрақұрылымды: сумен, электрмен жабдықтау, кәрiз желісі мен қатты қалдықтарды жоюдың жүйесiн, қолданыстағы және әлеуеттi туристiк аймақтарда телекоммуникацияны дамыту;
аймақтық деңгейде туристердi орналастыру орындары мен қонақ үйлердi жаңғырту және халықаралық тәжiрибеге сай стандарттауды енгізу;
шетел инвестициясын тарту жолымен жүйе құраушы туристiк объектiлердi (халықаралық деңгейдегi туристiк кешендер) дамыту;
туристiк объектiлердi, оның iшiнде орналастырудың орта және шағын құралдарының жобаларын әзiрлеу және оның құрылысын салу шараларын олардың жыл бойы пайдаланылуын қамтамасыз етудi ескере отырып, қабылдау қажет.
5.6. Туризмнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Бағдарлама туризм саласындағы қауiпсiздiктiң деңгейiн көтерудiң мынадай басым бағыттарын айқындайды:
туристiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгi;
туризмнiң сақтандыру рыногын дамыту;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
өрт қауiпсiздiгi;
орналасу мен тамақтану орындарындағы қауiпсiздiк;
көлiктегi қауiпсiздiк;
турист кадрларын арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөнiнде туроператорлар мен турагенттердiң қызметiнде техника қауiпсiздiгi жөніндегі нормалар мен ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
туристiк ортаны қорғау және сақтау;
қорғау және қауiпсiздiк мәселелерi жөнiнде хабардар ету;
ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрес;
туристердi және жергiлiктi халықты қорғаудың және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жергiлiктi жүйесiн құру.
5.7. Туристiк саланы ақпараттық қамтамасыз ету
Бұл бағытта:
Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени-тарихи әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында интерактивтi геоақпараттық жүйенiң негiзiнде туристiк рыноктың жай-күйiне және болжамды дамытуға кешендi талдау жүргiзу;
көлiк жолдары, инженерлiк және инфрақұрылымдық объектiлердi бiрге ала отырып, елдiң аймақтары бойынша туристiк индустрияны аумақтық аймақтарға бөлудiң моделiн әзiрлеу;
туристiк ұйымдардың көрсеткен қызметiне электрондық брондауды ұйымдастыру және электрондық төлемдердi енгізу жөнiнде шаралар жүйесiн әзiрлеу;
туризммен сабақтас салалардың барлығына интерактивтi геоақпараттық жүйенi енгізу қажет.
5.8. Бағдарламаны iске асыруға қажеттi техникалық
және экономикалық шарттар
Осы бағдарламаны iске асыруға арналған техникалық-экономикалық негiзгi шарттар мыналар болып табылады:
саладағы бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк жүйесiн дамыту;
республика туристiк индустриясының тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн, бiрiншi кезектегi жүйе құраушы туристiк өнiмдердi және туристiк объектiлердi әзiрлеу және iске асыру;
сала ішiлiк секторлар бойынша туризмдi дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу;
аймақтар бойынша саланы дамытудың қажеттi қарқынына сәйкес инвестициялардың оңтайлы көлемдерiн бағалау;
жүйе құраушы туристiк объектiлердiң сервистiк инфрақұрылымын құру және iске асыру;
тұтынушыға ұлттық туристiк өнiмдi ұсынудың барлық сатысын қамтитын көп арналы маркетинг жүйесiн жасау.
5.9. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Туристiк саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен (ДТҰ) ынтымақтастық, ЮНЕСКО мен ДТҰ-ның трансконтиненталдық жобасын iске асыру, "Жiбек жолын кешендi зерттеу", ДТҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясына және осы ұйым өткiзетiн басқа iс-шараларға қатысу;
туризм саласында шет мемлекеттермен бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдердi iске асыру және жаңаларын жасасу;
iрi халықаралық туристiк көрмелерге қатысу және жыл сайын қазақстандық халықаралық туристiк көрме өткізу;
мынадай халықаралық жобаларды әзiрлеу және iске асыру:
"Ежелгi түрiктер елi" (Қазақстан-Ресей-Моңғолия-Қытай);
Астана қаласында "Этнографиялық базар" халық кәсiпшiлiгiнiң жыл сайынғы халықаралық жәрмеңкесiн өткізу.
ҚР Үкіметінің 28.04.04 ж. № 476 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді
6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландыру сомасы 2005 жылға дейiн 502593,7 мың. теңгенi құрайды. Қоса берiлiп отырған Iс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес, осы Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен болжанатын шығындардың сомасы: 2003 жылы - 32604 мың теңгенi; 2004 жылға - 34028 мың теңгенi, 2005 жылға - 35729 мың теңгенi құрайды. Жергiлiктi бюджеттен 2003 жылы - 125 989,7 мың теңге, 2004 жылы - 131389 мың теңге, 2005 жылы - 142854 мың теңге қажет.
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде қаралатын қаражат есебiнен және соның шегiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады.
6.1. Бағдарламаның iске асырылуын басқаруды және
бақылауды ұйымдастыру
Бағдарламаны басқаруды және оның iске асырылуын қамтамасыз етудi ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдеріне және әдiстемелік құжаттарға сәйкес барлық мүдделi орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, туризм саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
Бағдарламаны iске асыру барысында туризмнiң iшкi және келу бағыттары бойынша туристердiң жалпы ағынының 2003 жылы 80 мың адамнан 2005 жылы 150 мың адамға дейiн тұрақты өсуiн қамтамасыз ету көзделуде, бұл ретте ол жыл сайын орта есеппен 17500 адамға өседi деп болжанып отыр.
Келу туризмiнiң көлемiн 2003 жылы 24 мың адамнан 2005 жылдың аяғына 60 мың адамға дейiн көбейту болжанып отыр. Бұл ретте екi бағытта да туристердiң жалпы көрсеткiшi бойынша келу туризмiнiң үлесi 2003 жылы 30 пайыздан, келесi жылдары 40 пайызға дейiн артатыны стратегиялық тұрғыдан алғанда маңызды болып табылады және жылына 7 мың адамға өсетiн болады.
Iшкi туризмнiң көлемi де 2003 жылғы 56 мың адамнан 2005 жылы 90 мың адамға дейiн көбейедi. Республиканың iшiнде туристер ағынының жыл сайынғы өсуi 10500 адамды құрайтын болады деп күтiлуде (6-қосымша).
Бағдарламаны iске асырудың тиiмдiлiгi 2003-2005 жылдарға арналған болжамды көрсеткiштер бойынша есептелiнедi (6-қосымша).
Бiр шетел турисi өзiнiң болуы кезiнде бюджетке орташа есеппен 700 АҚШ долларын әкелген жағдайда, келу туризмiнен бюджеттiң жыл сайынғы толықтырылуы мыналарды құрайды:
2003 жылы - 32,2 млн. АҚШ доллары;
2004 жылы - 37,1 млн. АҚШ доллары;
2005 жылы - 42 млн. АҚШ доллары.
Келу туризмiнен барлығы 2003 - 2005 жылдар кезеңіндегі бюджет түсiмiнiң жиыны 111,3 миллион АҚШ долларын құрайтын болады.
Әлемдiк практикада бiр шетелдiк туристке қызмет көрсетуден 9 жұмыс орны құралатынын ескерсек, онда келу туризмi есебiнен 2003 жылы - 414 мың жұмыс орнын, 2004 жылы - 477 мың жұмыс орнын, 2005 жылы - 540 мың жұмыс орнын ықтимал қамтуға қолдау көрсетiледi.
Жалдау арқылы жұмыс iстейтiн қызметкерлердің орташа жалақысы жылына шамамен 20 пайызға өсуiн ескерiп, (немесе нақты көрiнiсiнде 6 пайызға), келу туризмi көлемiнiң ұлғаюы арқасында жұмыспен қамтылған халықтың табысы өсе түседi (7-қосымша).
Бағдарламаның iске асырылуы республикалық бюджетке едәуiр түсiмдi қамтамасыз етедi.
Бағдарламада әзiрленген шаралар елдiң iшіндегі де, сондай-ақ шет елден келетiн туристер ағынының бұдан әрi ұлғаюына жәрдемдеседi және түпкi нәтижесiнде халықаралық кәсiпкерлiк және iскерлiк ынтымақтастық саласы ретiнде ұлттық туристiк өнiм тартымдылығының артуына едәуiр қол жеткiзетiн болады.
ҚР Үкіметінің 25.06.03 ж. № 606; 28.04.04 ж. № 476 қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. ТУРИСТIК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ 2003 - 2005 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫН IСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
───┬──────────────┬────────────┬─────────┬───────┬──────┬────────────
Р/с│ Іс-шаралар │ Аяқтау │Жауапты │Орындау│Көзде.│ Қаржы.
N │ │ нысаны │орындау. │(iске │летiн │ ландыру
│ │ │шылар │асыру) │шығыс.│ көздері
│ │ │(iске │мерзiмi│тар │
│ │ │асырудың)│ │(мың │
│ │ │ │ │теңге)│
───┼──────────────┼────────────┼─────────┼───────┼──────┼────────────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
───┴──────────────┴────────────┴─────────┴───────┴──────┴────────────
1. ТУРИСТIК ҚЫЗМЕТТI МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖӘНЕ
ҚОЛДАУ ЖYЙЕСIН ДАМЫТУ
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1. Туризмнiң нормативтiк құқықтық базасын жетілдіру
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Туристік ин. Нормативтiк- ТурСА, ДСМ, 2003 2250,0 жергі.
фрақұрылымның құқықтық ТЖА, жер. жылдың лікті
барлық объек. кесiмнiң гiлiктi желтоқ. бюджет
тiлерiнде мү. жобасы атқарушы саны қаражаты
гедек турис. органдар шегінде
терге арналған іске
демалысты қам. асыруға
тамасыз ету
үшiн техника.
лық және сани.
тарлық жағдай.
ларды сақтау
мәселелерi
жөніндегі
нормалар мен
талаптарды
әзiрлеу
2. Туризм және Мемлекеттік ТурСА, ИСМ 2003 талап
қонақ үй шару. стандарттар жылдың етілмейді
ашылығы сала. қаңтары
сында мемле.
кеттiк стан.
дарттар әзiр.
леу және
бекіту
3. Бiрыңғай тури. Қазақстан ТурСА, СІМ, 2003 талап
стiк кеңiстiк Республика. ІІМ, ҰҚК жылдың етілмейді
құру, сондай- сының (келісім қарашасы
ақ Ұлы Жiбек Үкіметіне бойынша),
жолында ту. ұсыныс "Жібек
ризмдi дамыту жолы-Қазақ.
мақсатында стан" ҰК
өзара рұқсат. ААҚ"
тамаларды тану
туралы Қырғыз
Республикасымен
және Өзбекстан
Республикасымен
келісімдерге
қол қою жөнiнде
ұсыныс енгізу
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.2. Қазақстанның тарихи-мәдени және табиғи рекреациялық
аймақтарын сақтау және ұтымды пайдалану
─────────────────────────────────────────────────────────────────────