Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 401 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 80 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 401 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 100-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесінде:
22-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«авиабағыттар бойынша әуе тасымалдарына арналған тарифтердің ең төменгі деңгейін».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |