5.3. Маскүнемдiктiң, алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу
Маскүнемдiктiң, алкоголизм мен нашақорлықтың қоғамдық қаупi азаймай отыр. Тұрмыстық маскүнемдiк отбасына, халықтың денсаулығына және мемлекеттiң экономикасына орны толмас зиян келтiруде. Маскүнемдiк, әсiресе жасөспiрiм жасындағы, көбiнесе есiрткi құралдарын терiс пайдалануға ұласады. Жеке адамның алкогольдiк азғындауы оның әлеуметтiк байланыстарын, мүлкi мен тұрғын үйiн жоғалтуына әкелiп соғатын негiзгi себептердiң бірi болып табылады.
Бұл құбылыстың таралушылық жағдайын алкогольдiк өнiм мен алкоголизмнiң таралуына қарсы iс-әрекет жасаудың мемлекеттік саясатының болмауы одан әрi ушықтыра түседi. Бұқаралық ақпарат құралдарында маскүнемдiктiң зиянды зардаптарын түсiндiру жөніндегі жұмыстар мүлдем қалыс қалған, оқу орындарында алкогольге қарсы тәрбиелеу жеткiлiктi түрде жүзеге асырылмауда. Спирт iшiмдiктерiне оңай қол жеткізу, оларды пайдалануға үгiттейтiн көптеген жарнамалар кәмелетке толмағандарға спирт iшiмдiктерi мен темекi бұйымдарын сатуды шектеудiң тиiмсiздiгiмен қатар өскелең буынның есiрткiге тұншығуына қолайлы жағдай туғызады.
Құқық қорғау органдарының қызметi есiрткiлердiң таралуын тоқтататын факторлардың бірi болып табылады, алайда қылмыстық репрессиялар жолымен нашақорлық проблемасын шешу мүмкiн емес.
Балалар мен жасөспiрiмдер арасындағы маскүнемдiк пен нашақорлықтың алдын алуда мектеп пен басқа да білім беру мекемелеріндегі оқу және тәрбие мәселесiн дұрыс ұйымдастырудың едәуiр маңызы бар.
Оқу орындарында медициналық алдын алу кабинеттерiнiң болмауынан спирт iшiмдiктерi мен есiрткi заттарын пайдаланатын балалар мен жасөспiрiмдердi анықтау үшiн оқушыларға ұдайы тексерулер жүргiзу жүзеге асырылмайды. Нашақорлық ауытқуларға душар болған балалар ересек нашақорлармен және алкоголиктермен бірге қарапайым медициналық наркологиялық мекемелерде емделедi, олардың мұндай адамдармен қарым-қатынаста болуы керi әсерiн тигiзедi.
Маскүнемдiкке және нашақорлыққа қарсы тиiмдi күрес жүргiзу қоғамның барлық салауатты күштерi бірiккен кезiнде, орталық және жергiліктi атқарушы органдардың үйлесiмдi қызметi нәтижесiнде мүмкін болады.
Салауатты өмiр салтын насихаттау, алкогольге қарсы және нашақорлыққа қарсы, ең алдымен өскелең ұрпақтың тұрақты иммунитетiн қалыптастыру маскүнемдiктiң, алкоголизмнiң, нашақорлықтың алдын алудағы басым бағыттар болуы тиiс.
Алкоголизмге, нашақорлыққа, уытқорлыққа душар болған адамдарды мәжбүрлi түрде емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардың, есiрткіге мойынұсынған адамдарды, оның iшiнде кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтiк сауықтырудың мамандандырылған орталықтарының санын көбейту, жалпы білiм беретiн мектептер мен басқа да оқу орындарында психобелсендi заттарды пайдалануын анықтау тұрғысында оқушыларды ұдайы тексерiп отыратын медициналық кабинеттердi ашу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру керек.
Жалпы білім беретiн және кәсiби мектептерде оқу процесiн жетiлдiру, мұғалiмнiң рөлi мен мәртебесiн арттыру, білім берудiң мектептен тыс ұйымдары желісін кеңейту жөніндегі шараларды қабылдау, балалар музыкалық, көркем сурет мектептерiнiң, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ, мұндай мектептерге аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың бару мүмкiндiгiн атаулы қаржыландыру тетiгiн құру қажет.
5.4. Рецидивтi қылмыстардың алдын алу
Қылмыстық атқару жүйесiн iзгілік жолына бұру және кейiнгi уақытта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтiк бейiмдеу жөніндегі шаралар қайта қылмыс жасағаны үшiн бақылау мен жауапкершiлiктi күшейтуге ұласып, бұрын сотталғандар арасындағы криминогендiк ахуалдың тұрақтануына әкелдi.
2001 жылы бұрын қылмыс жасаған адамдар тарапынан жасалған 18 мыңға жуық қылмыс тiркелген, бұл соңғы жетi жыл iшіндегі ең төменгi көрсеткiш болып табылады.
Сонымен қатар, қайта жасалатын қылмыстардың алдын алу жөніндегі құқық қорғау және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырып жатқан шаралар жеткiлiксiз. Мұндай санаттағы азаматтарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерi тиiстi түрде шешiлмей отыр. Iрi қалаларда тұрғылықты жерi жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк оңалту орталықтарын құру және жұмыс iстеп тұрған Орталықтарда орындар санын көбейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Қайта жасалатын қылмыстар ахуалын бақылауды қамтамасыз ету мәселелерiнде бұрын сотталғандармен жеке-алдын алу жұмысын ұйымдастыруға маңызды мән берілуi тиiс.
5.5. Қоғамның құқықтық мәдениетi деңгейiн арттыру
Жеке адамның құқыққа сай мiнез құлқын қалыптастырудың негiзi және сонымен қатар оның өлшемi болып табылатын қоғамның құқықтық мәдениетiн арттыру жөніндегі тұрақты да мақсатты жұмысты жүргiзусiз құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы мүмкiн емес.
Өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы заң білімдерiнiң қажеттi деңгейiнiң болуы әрбір жеке тұлғаның дамуы үшiн мiндеттi шарт болуы тиiс, ал оларды иемденуге ұмтылу оның iшкi сенiмiне сәйкес келуi керек, заң нормаларын орындау жазадан қорқумен емес, белсендi азаматтық-құқықтық ұстаныммен айқындалуы тиiс. Қоғамның әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасау проблемаларын сезiну деңгейiн арттыру қажет.
Бұл мiндеттердi iске асыру әрбір адам үшiн мiндеттi болуы тиiс құқық нормаларын бiлумен және оларды қолдана алумен, ал құқық әдiлеттiгiне деген құрметтiң кез келген даулы жағдайларын шешу үшiн күш қолдану әдiстерiн пайдаланудан бас тартуды анықтайтындығына байланысты құқықтық ойлау таптаурындарын бірiншi кезекте өзгертуге бағытталған қоғамның ақпараттық-құқықтық қамтамасыз етудегi біртұтас жүйесiн құруды болжалдайды.
Халықтың құқықтық білімін және құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар мемлекеттік деңгейде құқықтық тәртiп пен қылмысқа қарсы күрестi нығайту саласын жан-жақты және объективтi түрде бағалау талап етiледi.
Қоғаммен байланыс жасауды кеңейту және тереңдету, бұл жұмысқа барлық құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарды тарту, сондай-ақ облыстық және аудандық орталықтардың тұрғындарымен, ауыл тұрғындарымен, пәтер иелерi кооперативтерiмен, педагогикалық ұжымдармен және оқу орындарының оқушыларымен мақсатты түрде жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек.
Қылмысқа қарсы iс-қимыл жасау жөніндегi шаралар
5.6. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес.
Қылмыстарды ашу және тергеу
Құқық қорғау фискалдық және арнайы органдардың өзара iс-қимыл жасау деңгейiн арттырусыз, олардың қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн арттырусыз ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң табысты болуы мүмкiн емес.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың экономикалық негiзiн, оларды қаржыландырудың көздерiн және қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастыру арналарын анықтау мен жою жөніндегі кешендi шараларды iске асыру, сондай-ақ кәсiпкерлердi криминалдық құрылымдар тарапынан қылмыстық қол сұғушылықтардан тиімді қорғау құқық қорғау және арнайы органдардың үйлесiмдi, келісілген және кәсiби iс-қимылдардың нәтижесiнде ғана мүмкiн болады.
Соңғы жылдары қылмыстың кемiмеуi және оның түрленiп отыруы жедел тергеу бөлiмшелерiнiң қызметiн жетілдiрудi, олардың өзара iс-әрекет жасасуын жақсартуды, құқыққа қайшы көрiнiстерге тиiсiнше қимыл көрсетудi талап етедi.
5.7. Есiрткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес
Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестi күшейту мақсатында болып жатқан процестердiң тереңдiгiн, ауқымы мен үрдiстерiн тиiсiнше бағалау маңызды. Мемлекет пен қоғамның осы саладағы мүмкiндiктерi мен қажеттіліктерiн ескеретiн аса тиiмдi және мейлiнше шығынсыз теңгерiмдi шаралар кешенiн Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру шеңберiнде жүзеге асыру қажет. Құқық қорғау және арнайы органдар "Мак", "Допинг", "Канал", "Арна" кешендi жедел-алдын алу операцияларын және құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi заңсыз өсiрудi анықтауға, өздiгiнен өсетiн сораны, эфедраны жоюға, есiрткiлердiң заңды айналымы жүйесіндегі құқық бұзушылықтарды анықтауға, оларды өткізу арналарын жабуға, жасырын есiрткi зертханаларын анықтау мен жоюға, сондай-ақ шекара арқылы есiрткiлердi заңсыз өткізудiң жолын кесуге бағытталған өзге де iс-шараларды жүргiзу практикасын жалғастырады.
Шекаралас аймақтарда есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласында өзара iс-қимыл жасау жөніндегі ведомствоаралық орталықтарды құру туралы мәселе қаралатын болады.
5.8. Терроризмге, экстремизмнiң өзге де көрiнiстерiне және
заңсыз көшiп келуге қарсы күрес
Алдын алу сипатындағы шаралар, елiмiзде терроризмге қарсы iс-қимыл жасаудың бірыңғай жүйесiн жетiлдiру, қылмыстардың осындай түрлерiнiң алдын алу мен жолын кесу жөніндегі құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар дайындығының қажеттi дәрежесi мен олардың қызметiн мемлекеттік деңгейде үйлестiрудi қамтамасыз ету терроризм мен экстремизм көрiнiстерiне қарсы күрестiң негiзiн құрайды.
Қазақстан Республикасының ТМД-ға кiретiн мемлекеттермен жалғасатын мемлекеттік шекарасының "ашықтығы" Қазақстанға жақын және алыс шетелдерден заңсыз көшiп келудiң өсуiне әкелiп соғатын реттелмеген көшi-қон процестерi, сондай-ақ шетелдерден криминогендi элементтiң, қарудың, есiрткілердiң енуi үшiн қолайлы жағдай туғызады.
5.9. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
Республика экономикасы криминалдық қарым-қатынастардың енуiнен және шаруашылық жүргiзудiң әртүрлi салаларында криминалдық өрiстердiң пайда болуынан нашар қорғалған күйiнде қалуда. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының едәуір бөлiгi, әсiресе сыртқы экономикалық қызмет саласында латенттi болып табылады.
Жекелеген қылмыстық топтардың iс-қимылы көбiне ұйымдасқан сипатқа ие бола отырып, елiмiздегi әлеуметтiк-экономикалық қарым-қатынастардың барлық жүйесi үшiн едәуiр қауiп төндiредi.
Осыған орай, терiс пайдаланушылықты болдырмау мақсатында қаржы-шаруашылық қызмет саласында мемлекеттік бақылау жүйесiн жетiлдiру, құқық қорғау органдары жұмысының нәтижелiлiгiн, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасау нысандарын және әдiстерiн арттыру, оның iшiнде құқық қорғау, фискалдық, қаржы және басқа да мемлекеттік құрылымдардың күш-жiгерiн бірiктiру жолымен арттыру негiзгi мiндеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi дамуының стратегиялық жоспарында, Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жазылған ережелердi iске асыру олардың қызметтерiнiң басым бағыттары болып табылады.
5.10. Қылмысқа қарсы күрестi ақпараттық-техникалық
қамтамасыз ету
Iшкi iстер органдарында шоғырландырылған деректер банкiн бағдарламалық қамтамасыз етудi енгізу, ақпараттық жүйелердi сүйемелдеу жөніндегі мiндеттердi iске асыру қылмысқа қарсы күресте барлық құқық қорғау органдарының жедел-iздестiру және анықтамалық сипаттағы бір орталықтандырылған біріктiрiлген деректер банкiн (адамдарды, қару мен автокөлiктi iздестiру "криминалдық емес" қару мен автокөлiк; полиция үшiн жедел қызығушылық туғызатын адамдар, т.б.) құруына және пайдалануына мүмкiндік беpеді.
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының бірыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құрудың алғышарттары құралады.
Бұл үшiн сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру жөніндегi жобаны iске асыру, республика аумағына шетелдiктердiң кiруiн-шығуын бақылаудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесiн құру жөніндегi жұмысты аяқтау, ішкi iстер органдарының Бас прокуратураның жанындағы ҚСжАО(Д)-дағы (Алматы қаласы) тегi бойынша картотеканың орталық банкiнен мәлiметтердi жедел талап етуi жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру, iшкi iстер органдарында прокуратура органдарының бірiздендiрiлген статистикалық жүйесi деректерiнiң базаларына қашықтықтан ену жүйесiн (түзету құқығынсыз) енгізу керек.
"Папилон" АДАЖ базасында iшкi iстер органдарының бірыңғай дактилоскопиялық жүйесiнiң орталық кешенiн, сондай-ақ қашықтықтағы кешендер желісін құру көзделедi.
Болашақта iшкi iстер органдарының бірыңғай дактилоскопиялық жүйесiн прокуратура органдарының дактилоскопиялық картотекасымен ұштастыруды iске асыру қажет.
Астана және Алматы қалаларында жедел басқару орталықтарын пайдалануға беру ақпараттық технологиялар, байланыс және телекоммуникациялар саласындағы қазiргi заманғы жетiстiктердi пайдалану арқылы iшкi iстер органдарының әртүрлi басқару буындарында ақпараттық жүйелердi құрудың тиiмдiлігін растап отыр.
Бағдарлама шеңберiнде Өскемен және Қостанай қалаларында ЖБО салу ұйғарылып отыр.
5.11. Құқық қорғау органдарының қызметiндегі
заңдылықты нығайту
Құқық қорғау органдарының қызметiнде заң нормаларын сақтаудан ауытқу құқық қорғаудың оң үрдiстерiн ғана емес, сонымен қатар қоғамды демократияландыру, жаңа Қазақстандық мемлекеттіктiң қалыптасуы, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн күшейту процестерiн тұрақсыздандыру факторы болып табылады. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басым тұжырымды міндетi ретiнде заңға құлықты азаматтарды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды айқындап бердi. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарынан туындайды.
Құқық қорғау, арнайы органдардың, соттардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметінде азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі конституциялық кепiлдiктердi қамтамасыз ету біліктi заң көмегiн алу құқығын қамтамасыз етуге, адвокаттардың өз міндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн жауапкершiлігiн күшейтуге, азаматтарды баламалы негiзде сараптамалардың барлық түрлерiн жүргiзу мүмкiндiктерiмен толық қамтамасыз етуге бағытталған кейбір заңнамалық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізудi қамтитын өзара байланысты шаралар кешенiн iске асыруды талап етедi.
"Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың айқын тетiгiн әзiрлеу қажет.
Құқық қорғау органдары мен соттарда есiрткi құралдарын сақтау және жою тәртібін ретке келтiру есiрткiлердiң қосарланған айналымға түсу, оларды дәлелдемелердi бұрмалау үшiн пайдалану мүмкiндiктерiн және басқа да заңсыз әрекеттердi қысқартады.
Қаза болғандар, зардап шеккендер, медициналық мекемелерге жеткiзілгендер туралы азаматтардың уақытылы хабардар етiлуі және "Қайғылы оқиғалар бюросын" құру алдын алу шараларына жатады, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелерге мақсатсыз жүгiнуiн болдырмайды.
Заңдылықты нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы талаптар құқық қорғау органдары ұжымдарындағы жоғары ұйымдастырушылық және адамгершiлiк-тәрбие жұмыстарымен нығайтылуы тиiс.
5.12. Құқық қорғау органдарының кадр саясатын жетілдiру
Елiмiздің құқық қорғау органдары қызметiн кадрлармен қамтамасыз ету өзектi проблема болып отыр. Құқық қорғау органдары, әсiресе кадрлардың тұрақтамауы өте жоғары болып отырған ішкi iстер органдары қызметкерлерінің кәсiби деңгейi уақыт талабына сай емес. Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнің тарапынан болатын заң бұзушылықтар, азаматтардың конституциялық құқықтарын шектеу жоғары деңгейде қалып отыр. Азаматтың, қоғамның, мемлекеттiң мүдделерiне жауап беретiн дәйектi кадр саясатын жүзеге асыру қызметтiң негiзгi бағыттарының бірi болып табылады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн азаматтардың конституциялық құқықтарын, олардың ар-намысын құрметтеуге тәрбиелеу, азаматтарға тiлектестік қарым-қатынасты қалыптастыру кадр саясатының басым бағыты болуы тиiс.
Құқық қорғау органдарының кадрларын iрiктеудi, даярлауды және қайта даярлауды қайта қарау, олардың қызметкерлерi үшін әлеуметтiк және құқықтық кепілдiктердi қамтамасыз ету, тұрақты кәсiби кадр тобын қалыптастыру мен нығайту жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру керек.
Қызметтің нақты бағыттары бойынша практикадағы қажеттiліктермен барынша байланыстыра отырып, ведомстволық оқу орындарында мамандар даярлау деңгейi арттыру талап етiледi.
Арнайы, жауынгерлік, дене шынықтыру даярлығын, жеке құрамның біліктiлiгiн арттыру жүйесi жетiлдiрудi қажет етедi, оның материалдық-техникалық базасын нығайту керек.
Заңдылықты және қызметкерлердiң тәртібін нығайту, өз қатарларында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы әрекет жасау бойынша күш-жiгерді үдете түсу жөніндегі жұмыстар құқық қорғау және фискалдық органдарды реформалау жөніндегі шаралар кешенiнің маңызды құрамдас бөлiгi болуы тиiс.
5.13. Қылмысқа қарсы күрестiң құқықтық
базасын одан әрi дамыту
Қазiргi кезде құқық жүйесiн құқық қорғау органдары қызметіндегі жазалау-қуғын-сүргiнге ұшырату бағытынан және сот өндiрiсiнде айыптауға бейiмделуден тазарту белең алуда. Қабылданған заң актілерінің барлық маңыздылығына қарамастан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақсатында қылмысқа қарсы күрес бағытындағы қолда бар құқықтық базаны одан әрi дамыту және жетiлдiру қажеттігiн мойындамауға болмады.
Қылмыстық заңнамада адам құқықтары мен бостандықтарының заңмен қорғалатын жоғары әлеуметтiк құндылықтар ретiнде бастапқы және ажырамас екендігін мойындау керек.
Осыған орай қылмыстық саясат iзгілік пен декриминализация, сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту бағытында дамуы тиiс.
Қылмыстардың алдын алу, жедел-iздестiру қызметiн жетілдiру, азаматтардың заңды орындаудағы құқықтық сана-сезiмiн қалыптастыру басым бағыттар болуы керек.
Қылмысқа қарсы күрес саласында құқықтық peттеудегі олқылықтардың орнын толтыру қажет. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың аса айқын тетiгiн әзiрлеу, "ұйымдасқан қылмыс" ұғымына анықтама беру талап етiледi. Қылмыстық кодекстің баптарында көзделген қылмыстарды сыбайлас жемқорлыққа жатқызу тек қана заң бойынша белгiленуi тиiс.
Адамдардың әртүрлi санаттарын iздестiрумен байланысты заңнама нормаларын нақтылай түсу қажеттiлігі пiсіп жетiлдi. Ол барлық мемлекеттік органдардың қылмыскерлердi iздестiрудегi рөлiн және оған қатысуын; тергеуден, анықтау мен соттан жасырынған; алимент төлеуден жалтарушы; хабарсыз жоғалған адамдарды; азаматтық iстер бойынша жауап берушiлер мен борышкерлердi; мемлекеттік органдар iздестiретiн өзге де адамдарды айқындау мүмкіндігін береді.
Қабылданған заңдарды iске асыру мақсатында заңға тәуелдi кесiмдердi уақытында әзiрлеу және қабылдау талап етіледi.
Сондай-ақ, азаматтарды қылмыстық қудалау, iстердi сотта қарау барысында оларға қызметтер көрсететін аудармашыларға еңбекақы төлеу жөніндегі есептің (тарифтің) бірыңғай ережелерiн әзiрлеу орынды болмақ.
Халықаралық қауымдастыққа төнген қауiптi ескере отырып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың және оның аса қауiптi көріністерінің - терроризмнің, дiни экстремизмнің, есiрткi бизнесінің, адамдарды саудалаудың, қару мен оның оқ-дәрiлерiн заңсыз әзірлеудің және олардың айналымының, сыбайлас жемқорлық сипатындағы, оның iшінде ақшаның жылыстауы саласына жататын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу саласындағы заңнаманы жетілдiруге ерекше назар аудару керек.
5.14. Қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық
Қылмысқа қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасының 2003-2004 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастығын дамыту шетел мемлекеттерiнің құқық қорғау органдарымен өзара практикалық іс-әрекет жасауын нығайтуға бағытталатын болады, ол ұлттық заңнамаға және халықаралық мiндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
Шетел мемлекеттерiнің құқық қорғау органдары арасындағы өзара iс-әрекет жасаудың аса прогрессивтi нысандарын реттейтін қылмысқа қарсы күрес саласындағы екi жақты ынтымақтастықтың шартты-құқықтық базасын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Оның iшiнде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен, әсiресе Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және Орталық Азия қоғамдастығы мемлекеттерiнің тиiстi құрылымдарымен eкі жақты пішімді диалогты жандандыру түсу қажет.
Еуропа Одағы мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен кәсiби байланыстар орнату айрықша көңiл бөлудi талап етедi.
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Бірiккен Ұлттар Ұйымының құқық қорғау саласындағы жобалары мен бағдарламаларына қатысуын жандандыру қажет.
Нақты қадамдар аймақтық ұйымдарды құрайтын мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталуы тиiс. Осыған орай, басты акцент Iшкi iстер министрлерінің кеңесi, Қауiпсiздiк органдары мен арнайы қызметтер басшыларының кеңесi, Бас прокурорлар кеңесi, Кеден органдарының кеңесi және басқа да кеңес шеңберiнде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің көпжақты өзара iс-әрекетiн қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Қылмысқа қарсы күрестiң бірлескен шараларының мемлекетаралық бағдарламасын және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық терроризм мен экстремизмнің өзге де көрiнiстерiне қарсы күрес жөніндегі 2003 жылға дейiнгi кезеңге арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі шараларды қабылдау қажет.
Шекаралас мемлекеттердiң ішкі iстер органдарымен шекаралық ынтымақтастық басым болуы тиiс.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ШЫҰ-ның Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы қызметiнiң шеңберiнде өзара іс-әрекет жасасуды нығайтуға бағытталған шаралардың ерекше мәнi бар.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдары өз құзыреттерi шегiнде шетел мемлекеттерiнiң тиiстi құрылымдарымен қолда бар әріптестiк қарым-қатынастарды нығайту және кеңейту жөніндегі, ең алдымен қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру, қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, бірлескен жедел-iздестiру және алдын алу шараларын, сондай-ақ арнайы операцияларды жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі шараларды қабылдайтын болады.
Ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына, терроризм мен өзге де қылмыс түрлерiне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үлгілiк халықаралық шарттарды, ведомствоаралық деңгейде көпжақты және екіжақты нысандағы шарттарды жасасу практикасы жалғастырылатын болады.
Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық Конвенцияларға қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қадамдарға ықпал ету қажет.
Бағдарламаны iске асырудың мониторингi