Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 14 қаңтардағы № 5 қаулысы
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамның несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдалану ережесінің 5-тармағында "2002 жылғы 20 желтоқсанға дейін" деген сөздер "қаражатты алған күннен бастап 9 ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының орындалуы жөнінде тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов |