3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды жүзеге
асыруы кезіндегі мемлекеттік бақылау
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң көрсететiн қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржы ресурстарын және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
3. Тендер өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, баға ұсыныстары сұранымын пайдалана отырып берушiнi таңдауына, көздердiң бiрiнен және ашық тауар биржасы арқылы сатып алуына, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына келісім беруге құқылы.
5. Табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi уәкiлеттi орган белгiлеген шектi сома мөлшерiнен асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекітуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар табиғи монополия аясына жатқызылған қызметi негiзгi болып табылмайтын рынок субъектiсiне қолданылмайды.";
23) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзіндегі уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгізу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.";
24) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
25) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан
келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтеру, қызметтер ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.";
26) мынадай мазмұндағы 22-баппен толықтырылсын:
"22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның,
сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз
шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен)
келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.".
2. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат):
14-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Табиғи монополия субъектiсiнiң аудит жүргiзу шарты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарында белгiленген қосымша талаптарға сәйкес келуге тиiс.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының