Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 202
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 21 желтоқсандағы № 202б қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 202 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетiлген қаулыға 16-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Жауапты орындаушылар" деген бағанында "Жол полициясы комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетiлген қаулыға 25-қосымшада:
4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол қозғалысы қауіпсіздігінің ахуалын есепке алудың мемлекеттік жүйесін жүргізу, жүргiзушiлер мен көлiк құралдарының есебiн жүргiзу жөніндегі мемлекеттік функциялардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында iшкi iстер органдарының бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жол қозғалысы қауiпсiздiгi ахуалының көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттік жүйесiн автоматтандыру; жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ахуалын есепке алудың, жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарының есебiн жүргiзудiң автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйелерiн әзiрлеу.";
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"250 бiрлiктен тұратын ДЭЕМ кешендерiн; 250 бiрлiктен тұратын лазерлiк принтерлер; 50 бiрлiктен тұратын модемдер; 60 бiрлiктен тұратын сканерлер; 21 бiрлiктен тұратын жергiлiктi серверлер; 1 бiрлiктен тұратын орталық сервер; 25 атаудан тұратын байланыс және телекоммуникация құралдарын; 100 бiрлiктен тұратын ақпаратты қорғау құрылғыларын сатып алу";
"Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Жол полициясы комитетi" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін құру мақсатында iшкі iстер органдарының практикалық қызметiне жаңа ақпараттық технологияларды одан әрi енгізу, оларды техникалық жарақтандыру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |