Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 және
2002 жылғы 26 қаңтардағы № 122 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қараша N
1247 қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
12 "Көлiк және байланыс" деген функционалдық топта:
1 "Автомобиль көлiгi" деген iшкi функцияда:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген әкiмшi бойынша:
036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" деген бағдарламада:
035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" деген кiшi бағдарламада "3320000" деген сан "3112700" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 061-кiшi бағдарламамен толықтырылсын:
"061 Шымкент - Түркiстан учаскесіндегі Самара - Шымкент автомобиль жолын қайта жаңарту 207 300";
2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 122 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанда:
2-тармақтағы "3100" деген сан "4400" деген санмен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жолдың беткi қабатын төсеу:
Арқа - Талдыкөл аралығы - 50 км; Хромтау - Жоса аралығы - 60 км; Арқа станциясы - Арыстансор - 38 км күрделi жөндеу; Арқа - Арыстансор аралығындағы 38 км қалпына келтiру жұмыстары; Арқа - Талдыкөл - 50 км, Хромтау - Жоса - 60 км аралықтарын энергиямен жабдықтау.";
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Материалдарды дайындау (283 км санындағы рельс-шпал торын тiгуге арналған материалдарды сатып алу).";
7-тармақта:
2) тармақшадағы "3100" деген сан "4400" деген санмен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Жолдың беткi қабатын төсеу:
Арқа - Талдыкөл аралығы - 50 км; Хромтау - Жоса аралығы - 60 км; Арқа станциясы - Арыстансор - 38 км күрделi жөндеу; Арқа - Арыстансор аралығындағы 38 км қалпына келтiру жұмыстары; Арқа - Талдыкөл - 50 км, Хромтау - Жоса - 60 км аралықтарын энергиямен жабдықтау.";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Материалдарды дайындау (283 км санындағы рельс-шпал торын тiгуге арналған материалдарды сатып алу).";
көрсетiлген қаулыға 7-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанның реттік нөмiрi 2-жолындағы "986" және "1028" деген сандар тиiсiнше "936,7" және "918" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:
"7 061 Шымкент - Белгiленген қазан - Қазақстан
Түркiстан тәртiппен желтоқсан Республика.
учаскесiнде мемлекеттік сының Көлік
Самара - сараптамадан және
Шымкент және бекітуден коммуника.
автомобиль өткен жобалау- циялар
жолын қайта сметалық министрлігі
жаңарту құжаттамаға
сәйкес
құрылыс
жұмыстарын
орындау:
- дайындау
жұмыстары -
5,15 км;
- жер төсемiн
салу - 20,1
мың м3;
- жол бетін
салу - 81,6
мың м2;
- жасанды
құрылыстарды
жөндеу -
6 дана ";
7-тармақта:
2) тармақшадағы "986" және "1028" деген сандар тиiсiнше "936,7" және "918" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Шымкент - Түркiстан учаскесiнде Самара - Шымкент автомобиль жолын қайта жаңарту, оның iшiнде:
- дайындау жұмыстары - 5,16 км;
- жер төсемiн салу - 20,1 мың м3;
- жол бетiн салу - 81,6 мың м2;
- жасанды құрылыстарды жөндеу - 6 дана";
көрсетiлген қаулыға 9-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанның реттiк нөмiрi 2-жолы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Орындалған жұмыстардың техникалық аудитiн жүргiзу";
көрсетiлген қаулыға 10-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанның реттiк нөмiрi 1-жолы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Орындалған жұмыстардың техникалық аудитiн жүргiзу";
көрсетiлген қаулыға 14-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағандағы "37" деген сан "40" деген санмен ауыстырылсын;
7-тармақта:
екiншi абзацтағы "1584" деген сан "1587" деген санмен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
"Алматы облысы" деген бөлiм мынадай жолдармен толықтырылсын:
"Алматы-Космостанция" автомобиль жолы Алматы,
Алма-Арасан санаторийлерiне кiреберiс жолдарымен бiрге
Су тасқыны қиратқанын жою, 7-10 км км 3";
"Барлығы" деген жолда "37" деген сан "40" деген санмен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 28-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру бойынша iс-шаралар" деген бағанда:
мынадай жол:
"- аспалы кескiш - 74 дана;"
мынадай редакцияда жазылсын:
"- аспалы кескiш - 80 дана;";
мынадай жол:
"- жылжымалы жөндеу шеберханасы - 15 дана"
мынадай редакцияда жазылсын:
"- жылжымалы жөндеу шеберханасы - 24 дана;";
көрсетiлген қаулыға 33-қосымшада:
6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда:
реттік нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын әзiрлеу - 1 жиынтық";
реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын әзiрлеу - 1 жиынтық";
реттік нөмiрi 6-жол алынып тасталсын;
7-тармақтың төртiншi және бесiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесiнiң техникалық тапсырмасын әзiрлеу - 1 жиынтық.
Ақпараттық жүйенi әзiрлеу - 1 жиынтық";
көрсетiлген қаулыға 34-қосымшада:
6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда:
реттік нөмiрлерi 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиялық базалық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу, электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiнiң екiншi кезегiн құру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу - 1 жиынтық
"Жобаны басқару - 712 адам-күнi";
реттік нөмірі 6-жолда:
"275" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдар - Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмiнiң қатысушылары үшiн электрондық құжат алмасуды ұйымдастыруға арналған жабдықты сатып алу және реттеу - 6 жиынтық";
7-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Лицензиялық базалық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу, электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiнiң екiншi кезегiн құру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу - 1 жиынтық";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жобаны басқару - 712 адам-күнi";
жетiншi абзацтағы "275" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдар - Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмiнiң қатысушылары үшiн электрондық құжат алмасуды ұйымдастыруға арналған жабдықты сатып алу және реттеу - 6 жиынтық";
көрсетiлген қаулыға 35-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда:
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "Бағдарламалық" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Web-сайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрлерi 6, 7, 8, 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттары жүйесiн құруға техникалық тапсырманы әзiрлеу - 1 бiрлiк
Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттары жүйесiнiң қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiнiң бiрiншi кезегiн әзiрлеу - 1 жиынтық
Мемлекеттік электрондық мұрағатқа арналған техникалық құралдарды сатып алу - 1 жиынтық
Техникалық тапсырманы әзiрлеу және кiлттердi сәйкестендiру орталығына арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 1 жиынтық
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу, ақпаратты жинау және өңдеу жүйесiне арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және сатып алу 1 бiрлiк";
реттік нөмiрлерi 11, 12, 13-жолдар алынып тасталсын;
7-тармақта:
төртiншi абзац "Бағдарламалық" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Web-сайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
он екiншi абзацтағы "нормативтiк құжаттарды әзiрлеу" деген сөздер "техникалық тапсырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшiншi абзацтағы "әзiрлеу және" деген сөздер алынып тасталсын;
он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ҒЗЖ жүргiзу, ақпаратты жинау және өңдеу жүйесiне арналған бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу және сатып алу - 1 бiрлiк";
он бесiншi, он алтыншы, он жетiншi және он сегiзiншi абзацтар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік электрондық мұрағатқа арналған техникалық құралдарды сатып алу - 1 жиынтық";
көрсетiлген қаулыға 36-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда:
реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сертификаттау нәтижелерiн есепке алу үшiн "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн дамыту - 1 бiрлiк";
реттiк нөмiрi 6-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрлерi 9 және 10-жолдардағы "Депозитарийдiң" деген сөз "Бағдарламалық кодтар мен құжаттама депозитарийiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы алтыншы және оныншы абзацтар алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 38-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда:
реттiк нөмiрлерi 1 және 2-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық коммерция орталығын ұйымдастыру үшiн техникалық тапсырманы әзiрлеу, оның iшiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу - 1 бiрлiк";
7-тармақта:
үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
бесiншi абзацтағы "пен бағдарламалық қамтамасыз ету" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 39-қосымшада:
6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда:
реттiк нөмiрлерi 1 және 2-жолдар алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмiн ескере отырып, мемлекеттік қаржы ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру шеңберiнде "Мемлекеттік жер кадастры" ақпараттық жүйесiнiң жабдығын сатып алу және реттеу - 1 жиынтық";
7-тармақта:
үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жер кадастры" ақпараттық жүйесiнiң жабдығын сатып алу және реттеу - 1 жиынтық";
төртiншi және бесiншi абзацтар алынып тасталсын;
жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiлер және салық салу объектiлерi тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген "Мемлекеттік жер кадастры" жүйесiн дамыту".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |