Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң
жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта атау туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 қарашадағы № 1250 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер:
1) "Целинный аудандық қазынашылық бөлiмi" "Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның қазынашылық бөлiмi" болып;
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) Лениногор аудандық қазынашылық бөлiмi" "Риддер қалалық қазынашылық бөлiмi" болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |