Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 19 қарашадағы № 1221 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды" деген сөздер алынып тасталсын және "қаражат есебінен" деген сөздерден кейін "берілетін штат санының шегінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |