Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1715 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 8 қарашадағы № 1179 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" деген функционалдық тобында:
1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" деген iшкi функциясында:
690 "Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" әкiмшiсi бойынша:
030 "Сайлау өткізу" деген бағдарламасында:
031 "Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын сайлауды өткізу" деген кiшi бағдарламасында "59014" деген сан "40014" деген санмен ауыстырылсын;
032 "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң депутаттарын сайлауды өткізу" деген кiшi бағдарламасында "8925" деген сан "20925" деген санмен ауыстырылсын;
033 "Мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу" деген кiшi бағдарламасында "58000" деген сан "65000" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |