Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 және
2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулыларына толықтырулар мен өзгеріс
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 2 қарашадағы № 1161 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Шығындар" ІV бөлімінде:
"Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек" 6 функционалдық тобында:
"Әлеуметтік қамтамасыз ету" 1 ішкі функциясында:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" 213 әкімшісі бойынша:
"Жерлеуге берілетін жәрдемақы" 045 бағдарламасында:
"Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарды жерлеуге берілетін жәрдемақы" 031 кіші бағдарламасы "жәрдемақы" деген сөзден кейін "және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 44 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
2-тармақтағы "8-бабы;" деген сөздерден кейін "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы, 7-бабы;" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "арналған жәрдемақыларды" деген сөздерден кейін "және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың реттік нөмірі 1-жолында:
4-бағанда:
045 бағдарламаның атауындағы "Зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерін" деген сөздер алынып тасталсын;
031 ішкі бағдарламаның атауы "арналған жәрдемақы" деген сөздерден кейін "және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-бағандағы "арналған жәрдемақы" деген сөздерден кейін "және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ "Жерлеуге арналған жәрдемақы" деген сөздерден кейін "және жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |