"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2002 ж. 21 қазандағы № 163-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 29 қаңтардағы Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) екi айлық мерзiмде жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою туралы нұсқаманың үлгiлiк нысанын әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) бір айлық мерзiмде республикалық бюджеттiң атқарылуын iшкi бақылаумен айналысатын бөлiмшелердi күшейте отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жөнiндегі мемлекеттік органның штат санын қайта бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (келісім бойынша) 2003 жылдан бастап республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласында тұрақты жұмыс iстейтiн кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастырсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Заңды iске асыру бойынша, оның iшiнде штат санының бекiтілген лимиттерi шегiнде жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкі бақылау жөнiндегі уәкілетті органдарды анықтау бөлiгінде шаралар қабылдасын және 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне атқарылуы туралы баяндасын.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |