Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 қазандағы № 1105 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 9-жолда 4-бағандағы "Президенттің Іс басқармасы" деген сөздер "Бас прокуратура" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |