Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 930 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы № 1113 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеге:
11-тармақ 8) тармақшасындағы "жүргізу" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі мүліктің тиімді пайдаланылуын бақылау";
12-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісі;";
17) тармақшадағы "республикалық мемлекеттік органдардың" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын, "және иелік ету" деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдёр қабылдауға;";
7) тармақшадағы "мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды қайта ұйымдастыру мен санациялауға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған экономиканың стратегиялық салаларындағы республикалық мемлекеттік меншік объектілерін және жекешелендірілген ұйымдарды тиімді басқарудың мониторингін жүргізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы "органдардың" деген сөзден кейін ", сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2)көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сату басқармасы
Жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасы
Мемлекеттік меншікті басқару әдіснамасы және оны жетілдіру басқармасы
Мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарма
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарма
Заң басқармасы
Ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс басқармасы
Республикалық бюджеттің кірісіне ақшаның түсуін бақылау бөлімі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |