Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 қыркүйектегі № 1066 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 7 ақпандағы № 143 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Ел экономикасының мұқтаждары үшін мазуттың жеткілікті қорын жасау қажеттілігіне байланысты және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан 2003 жылғы 1 наурызға дейін мазутты (СЭҚ ТН коды 2710 00 710-2710 00 780) әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мазутты әкетуге тыйым салуды енгізетіні туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетін хабардар етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |