Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 401 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 қыркүйектегі № 1052 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 401 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 100-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесінде:
11-тармақтың 2) тармақшасында», сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуі» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |