Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1038 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 897 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақта «сыйлығы» деген сөз «сыйлығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде:
1-тармақта:
«қоғамдық, кәсіби жағынан танылған» деген сөздер алынып тасталсын;
«беріледі.»деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыйлық мынадай (саны 10): ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық музыка, қоғамдық қызмет атаулары бойынша екі жылда бір рет беріледі.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыйлық беруге қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті саланы және тұтастай алғанда қоғамды дамытуға ықпал ететін кандидаттар ұсынылады.»;
екінші абзацта:
«жұмысты» деген сөз «кандидатураны» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, сондай-ақ еңбектерінің жиынтығы бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші абзацында:
«Шығармалар мен еңбектерді ұсыну, оларды», «сараптау және» деген сөздер алынып тасталсын;
«қабылдау» деген сөздің алдында «Конкурстық құжаттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
«сыйлығы» деген сөз «сыйлығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Кандидатураларды сыйлыққа ұсыну тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ жекелеген атаулар бойынша Комиссияның қарауына берілетін қажетті конкурстық материалдардың тізбесі осы Ереженің 13-тармағына сәйкес сыйлық ресми тапсырылғанға дейін төрт айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.
Конкурсқа қатысатын кандидатуралар тізімі мен оларды ұсынған ұйымдарда да баспасөзде жарияланады.»;
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кандидатураларды сыйлыққа орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіби одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және өзге де ұйымдар ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Ғылым» атауы бойынша үміткерлерге міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы қосымша беріледі.»;
8-тармақта:
«қатысатын жұмыстар» деген сөздер «қатысушы кандидаттардың қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«көпшілік алдында көрсетілуі және» деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақтағы «басқа да жұмыстарымен» деген сөздер «қызметімен» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
12-тармақтағы «өзара» деген сөз «олардың мүшелері арасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі Комиссиясы туралы ережеде:
тақырыбында «сыйлығы» деген сөз «сыйлығын беру» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Комиссия қызметінің ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жүзеге асырады.»;
2-тармақтың үшінші абзацындағы «25» деген сан «17» деген санмен ауыстырылсын;
3-тармақта:
екінші абзацтағы «жұмыстарды» деген сөз «кандидатуралардың конкурстық құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
«жұмыстарды» деген сөз «кандидатураларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«авторлар мен» деген сөздер алынып тасталсын;
төртінші абзацта:
«жұмыстардың» деген сөз «кандидатуралардың қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«жұмыстарды» деген сөз «кандидатураларды» деген сөзбен ауыстырылсын; «үшін, олар жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар әзірлеу» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың бірінші және екінші абзацтарындағы «жұмыстарды» деген сөз «кандидатураларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «жұмысы» деген сөз «кандидатурасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 897 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жөніндегі комиссиясының құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі № 1074 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 365-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 26.08.04 ж. № 897 қаулысымен құрамның күші жойылды (бұр. ред. қара)