Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1753
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 16 қыркүйектегі № 1009 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. «Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 49-60, 689-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тiзбесiнде:
«Халықаралық ұйымдар» деген бөлiм мынадай мазмұндағы 48-1 тармақпен толықтырылсын:
«48-1. «Халықаралық түрме реформасы» (РRI) халықаралық қоғамдық бiрлестiгi».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |