3) Қазақстан Республикасының ғалымдары мен мамандарының атом энергетикасы мен термоядролық зерттеулер саласындағы халықаралық зерттеулер мен жобаларға қатысуы.
8. Кадрларды дайындау саласында:
1) атом энергетикасы мен ғылымы үшiн, уран өнеркәсiбi үшiн кадрларды даярлайтын оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
2) ғылыми ұйымдар мен кәсiпорындардың мамандарды даярлауға қатысуы;
3) атом энергетикасы мен ядролық физика саласында мамандарды даярлауды жүзеге асыратын РФ, АҚШ және басқа елдердiң жетекшi оқу орындарымен студенттермен және оқытушылармен алмасу жүйесiн дамыту.
Атом энергиясын пайдалану саласындағы
мемлекеттік саясат
Мемлекеттік саясат мынадай қағидаттарда құрылуы тиiс:
1. қоғамдық келісімге қол жеткізу және ұлттық атом энергетикасын құру мен дамыту бағдарламасын қоғамдық қолдауды қалыптастыру.
2. халықтың денсаулығын қорғауды, оның қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды құқықтық қамтамасыз ету.
3. атом энергиясын пайдалану саласында тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың барынша хабардар болуын қамтамасыз ету.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі
Қызметтің негізгі бағыттары
Энергетиканың жай-күйiн бағалау, iрi өнеркәсiптiк орталықтар мен қалаларда, аймақтарда және тұтастай алғанда Республика бойынша отын және энергия тұтыну теңгерiмдерi мен болжамдарын әзiрлеу.
Энергия тапшылығы бар аймақтар мен Қазақстанның iрi қалаларында экологиялық жағдайды талдау.
Атом станцияларын орналастыру үшiн неғұрлым сай келетiн аймақтар мен жерлердi анықтау, алаңдарды таңдау жөніндегі және таңдауды негiздеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу. AЭC құрылысына тендер өткізу ережесi мен тәртібін айқындайтын нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу.
Қазақстанның атом энергетикасын дамыту бағдарламасын әзiрлеу кезінде коммерциялық пайдалануда сынамаланған ядролық, радиациялық және экологиялық қауiпсiздiктің қажеттi деңгейлерi, сондай-ақ электр энергиясын өндiрудiң экономикалық тиімдiлiгiн қамтамасыз ететiн реакторлық, қондырғыларды қолдануға бағдарлау.
Осы Тұжырымдаманы және Қазақстанның атом энергетикасы мен уран өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі жұмыстарға Қазақстан кәсiпорындарының қатысу мүмкiндiгiн барынша қамтамасыз ететiн шаралар жүйесiн әзiрлеу және қабылдау.
Маңғышлақ атом энергия комбинатының БH-350 реакторын пайдаланудан шығаруды ескере отырып, радиоактивтi қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынды жинау, қайта өңдеу және ұзақ уақыт сақтау үшiн инфрақұрылым құру.
Технологияларды өнеркәсiптiк енгізу және реакторлық отынның жаңа, перспективалық түрлерiн: жанғыш жұтқышты отын, пластикалық отын өндiрудi ұйымдастыру.
Мемлекеттік қадағалау жүйесiн нығайту, атом энергиясын пайдаланудың қауiпсiздiгiн инспекторлық қадағалауды дамыту.
Мамандар даярлауға атом энергиясын бейбiт пайдалану саласында республиканың ғылыми және өнеркәсiптiк ұйымдарында жұмыс iстейтiн жетекшi ғалымдар мен мамандарды тарту.
Қазақстандық мамандар мен студенттердің өнеркәсiптi дамыған елдердің жетекшi ядролық орталықтарындағы тағылымдамасы жүйесiн дамыту. Мамандар, оқытушылар және студенттер алмасу жүйесiн кеңейту.
Қазақстанның атом энергетикасы мен өнеркәсiбiнiң қауiпсiздiгiн және тиімдiлiгiн арттыру жөніндегі мiндеттердi шешуге бағытталған iргелi әрi қолданбалы зерттеулердi жүргiзу. Атом энергиясын бейбiт салада пайдалану халықаралық бағдарламаларына және жобаларына белсендi қатысу.
Қоғамдық пiкiрдiң мониторинг жүйелерiн, сондай-ақ атом энергиясын бейбiт пайдалану мәселелерi бойынша халықты хабардар ету және ағарту жүйелерiн ұйымдастыру.
Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін
негізгі нәтижелер
Ел энергетикасын халық шаруашылығының қазiргi заманғы, жоғары технологиялы, ғылымды қажетсінетін, серпiнді дамушы саласы етiп қайта құру жөніндегі негiзгi мақсаттарды, мiндеттердi және шараларды айқындайтын Қазақстанның атом энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу және бекіту.
Халық шаруашылығының осы жоғары технологиялы саласын сақтауды және оның шептерi уран өнімі мен реакторлық отынның дүниежүзiлiк рыногында нығайтуды қамтамасыз ететiн Қазақстанның уран өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу және бекіту.
Электр және энергия көздерi импортынан бас тарту, экспорт құрылымын жоғары технологиялы өнiм - электр энергиясы мен реакторлық отын үлесiн ұлғайту бағытында өзгерту, сыртқы сауда теңгерiмiн жақсарту.
Дүниежүзiлiк уран рыногында орнығу, уран өндiру мен реакторлық отын өндiруде ТМД шеңберiнде жетекшi шептi алу.
Радиоактивтi қалдықтармен, оның iшiнде пайдаланылған ядролық отынмен айналысу жүйесiн құру және пайдалануға енгізу.
Зиянды тастандыларды eдәуiр қысқарту, аймақтарда экологиялық ахуалды жақсарту және атом станцияларын iске қосу мен авариясыз пайдалану есебiнен халық үшiн тәуекел деңгейiн төмендету.
АЭС және уран өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары орналасқан аймақтарда әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсарту, елде әлеуметтiк-экономикалық ахуалды жақсарту.
Көмiрсутектi тотықтардың, күкiрт пен азоттың едәуiр мөлшерде қосымша тастандыларын болдырмау есебiнен ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуге Қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету.