Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1355
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 5 тамыздағы № 873 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төлемдерді жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi № 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 43, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртібінде:
12-тармақтағы "1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2002 жылдың 30 маусымына дейiнгi кезеңде," деген сөздер алынып тасталсын және "алушы" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
13-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |